Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетiнде әскери кафедра құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 мамырдағы N 551 қаулысы

Қолданыстағы

      "Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университеті" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны студенттерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң "Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының әскери кафедрасын таратып, аталған оқу орнының қаражаты мен штат саны шегiнде әскери кафедра құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын.

      3. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгіленетiн жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 40, 439-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгіленетiн жоғары оқу орындарының тiзбесiнде:
      "Университеттер" деген бөлiмде:
      "Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi, Орал қаласы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Орал қаласы".

      4. "Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетiнде әскери кафедра құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1249  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 428-құжат) 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі