Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 3 қазан 1994 ж. N 1094. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N 449 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Жоғары оқу орындарында запастағы офицерлер даярлауды тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы қоса берiлiп отырған ережелер және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының қоса берiлiп отырған тiзбесi бекiтiлсiн. 
      2. Қарамағында жоғары оқу орындары бар Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi 1994 жыл iшiнде запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерiнiң (курсанттарының) әскери даярлығын ұйымдастыруға көшудi жүзеге асырсын. 
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне жүктелсiн. 
      4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 
      "ССРО Министрлер Кеңесiнiң "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы ережесiн және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесi бекiту туралы" 1990 жылдың 31 тамызындағы N 880 қаулысы туралы Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1990 жылғы 5 қазандағы N 407 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1990 ж., N 24, 131-бап);
     Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары әскери кафедраларын қайта құру туралы" 1992 жылдың 31 тамызындағы N 723 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 жыл, N 34, 524-бап).  

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы        
Министрлер Кабинетiнiң        
1994 жылғы 3 қазандағы        
N 1094 қаулысымен          
Бекiтiлген              

  Жоғары оқу орындары жанындағы әскери
кафедралар туралы
Ереже 

  I. Жалпы ережелер

      1. Жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар студенттер (курсанттар) қатарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн запастағы офицерлердi даярлау мақсатында құрылады. 
      Бұдан әрi текст бойынша - студенттер (курсанттар) - студенттер. 
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Бiлiм министрлiгiнiң ортақ шешiмiмен жекелеген жоғары оқу орындарында жоғары оқу орындары аралық әскери кафедралар құрылуы мүмкiн. 
      2. Студенттермен оқу-тәрбие жұмысын оқу бағдарламалары мен әскери жарғыларға сәйкес әскери кафедралар жүргiзедi. Ол оқыту бағдарламаларында көзделген теориялық ережелердi студенттердiң толық меңгеруiне және қару-жарақты қолдану мен әскери техниканы пайдалануда, алған әскери мамандығына сәйкес бөлiмшелерге басшылық жасауды оларда берiк практикалық дағдылардың қалыптасуына бағытталуы керек. 
      3. Әскери кафедралар өз қызметiнде Қазақстан Республикасы заңдарын, әскери жарғыларды, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрi мен Бiлiм министрiнiң бұйрықтары мен директиваларын және осы Ереженi басшылыққа алады. 
      Дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институттар жанындағы және медициналық институттар жанындағы дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру факультеттерiндегi әскери кафедралардың запастағы медициналық қызмет офицерлерiнiң (қатардағы жауынгерлер мен сержанттардың) әскери-медициналық бiлiмiн жетiлдiру жөнiндегi әскери даярлықты ұйымдастыру мен жүргiзуге байланысты қызмет iсi осы Ереженiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 
      4. Әскери кафедралардың офицер құрамындағы адамдары мен прапорщиктерiнiң әскери қызметтi атқару тәртiбi әскери жарғылар және тәлiмдемелермен және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгiленедi. 
      5. Әскери кафедраның штаты: профессор-оқытушы құрамнан, инженерлiк-техникалық және қосымша-оқу қызметкерлерiнен тұрады. 
      Профессор-оқытушы құрамға: әскери кафедра бастығы, әскери кафедра бастығының орынбасары, әскери кафедра бастығының орынбасары
- оқу бөлiмiнiң бастығы, әскери кафедра циклдерiнiң бастықтары - аға оқытушылар, әскери кафедраның аға оқытушылары мен оқытушылары сондай-ақ ассистенттерi жатады. 
      Инженерлiк-техникалық қызметкерлерге: оқу техникасы мен жаттығу аппаратурасының бөлiмше бастығы, аға инженер, инженер, аға нұсқаушылар мен барлық атаулардың нұсқаушылары, жөндеу шеберханасының бастығы жатады. 
      Профессорлық-оқытушы құрамының, инженерлiк-техникалық және оқу-көмекшi қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi әскери кафедраның штат кестесiмен белгiленедi, оны Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi және қарауында жоғары оқу орындары бар басқа да министрлiктер қарап, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң мен келiсуiмен бекiтедi. 
     Әскери кафедралардың офицерлiк құрамы үшiн штаттық-лауазымдық санаттарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Бiлiм және мәдениет министрлiгiмен бiрлесе отырып, жоғары оқу орнының мәртебесiне және әскери кафедра оқитын студенттердiң (курсанттардың) санына сәйкес белгiлейдi:
--------------------------------------------------------------------
     Лауазым                             |          Әскери атақ
--------------------------------------------------------------------
Профессорлық-оқытушылық құрам

  Әскери кафедра бастығы                       полковник
Әскери кафедра бастығының                    подполковник, полковник
орынбасары***

Әскери кафедра бастығының                    подполковник, полковник
орынбасары - оқу бөлiмiнiң бастығы

Әскери кафедра циклының бастығы -            подполковник, полковник
әскери кафедраның аға оқытушысы

Әскери кафедраның аға оқытушысы              майор, подполковник
Әскери кафедраның оқытушысы                  майор 

Инженерлiк-техникалық құрам

  Оқу техникасы мен жаттықтыру аппа.           майор 
ратурасы бөлiмшесiнiң бастығы 
Аға инженер                                  капитан
Инженер                                      аға лейтенант
Жөндеу шеберханасының бастығы                аға лейтенант
Аға нұсқаушы, барлық атаудағы                прапорщик
нұсқаушылар
--------------------------------------------------------
*кафедра** Ескерту: Профессорлық-оқытушы құрамының жалпы саны 20 және
             одан да көп, әр түрлi әскер тектерiнiң екi немесе
             одан да көп әскери-есепке алу мамандықтары бойынша
             әскери даярлықты жүзеге асыратын әскери кафедралар 
             үшiн ғана.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінің 1996.04.15. N  443 ,   1997.04.23. N  638 , 2003.08.12. N  803   қаулыларымен .     

       6. Профессор-оқытушы құрамның жалпы штат саны:
        - 15 адамнан көп әскери кафедраларда әскери кафедра цикл бастығының - аға оқытушының (арнаулы пәндердiң аға оқытушысы) басшылығымен саны 5 адамнан аспайтын циклдер ұйымдастырылады. 
      - 20 не одан артық адамы бар, екi не одан да көп әскери-есеп мамандықтары бойынша әскери даярлықты жүргiзетiн әскери кафедраларда әскери кафедра бастығының орынбасары лауазымы белгiленедi. 
      Аға оқытушылар саны (цикл бастықтарын - аға оқытушыларды (қоса) кафедраның (циклдық) профессор-оқытушы құрамының санынан 40 процент шегiнде белгiленедi. Ассистенттердiң саны кафедраның профессорлық-оқытушы құрамының адам санының 15 процентi шегiнде белгiленедi. 
      Әскери кафедраларда практикалық оқу-сабақтар мен жаттығуларды жүргiзу үшiн, оқу техникасы мен жаттығу аппаратурасын ұстау және оған қызмет көрсету үшiн тұрақты құрамның белгiленген жалпы саны шегiнде оқу техникасы мен жаттығу аппаратурасының штаттық бөлiмшесi құрылуы мүмкiн. 
      Бұл бөлiмшелер қару-жарақ пен әскери техниканың табельдiк күрделi кешендерi бар және қала маңында оқу орталықтары бар әскери кафедраларда құрылады. 
      Қала маңында оқу орталықтары жоқ, бiрақ техника мен мүлiктiң саны көп әскери кафедраларда кафедра штатына инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң жекелеген лауазымдары енгiзiлуi мүмкiн. 
      Әскери кафедраның инженерлiк-техникалық және қосымша-оқу қызметкерлерiнiң саны аудиторлық қордың, лабораториялардың, шеберханалардың ату тирлерiнiң, парктердiң, гараждар мен басқа да оқу объектiлерiнiң бар болуы мен оларды ұстауды және жаттығу қару-жарақтары, әскери техника мен мүлiктiң, оқытудың техникалық құралдарының бар болуын, сондай-ақ әскери даярлық бойынша оқу процесiн қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыс көлемiн ескере отырып анықталады. Ол кафедра профессор-оқытушы құрамның штаттық санынан 90 процент шегiнде белгiленедi. <*>
      Әскери даярлық бағдарламасына сәйкес студенттердi "В", "С" санаттарындағы автомобильдердi жүргiзуге үйрететiн әскери кафедралардың штаттарында студенттердiң орташа санын ескере отырып, бiр шеберге 1:25 болып келетiндей көлiк құралдарын жүргiзу жөнiндегi өндiрiстiк оқыту шеберлерiнiң қосымша лауазымы көзделедi. Қосымша-оқу қызметкерлерiнiң жалпы санына бұл шеберлер енгiзiлмейдi. 
      Әскери кафедралардағы циклдер саны мен олардың атауын, сондай-ақ профессор-оқытушы құрамның, оқу техникасы мен жаттығу аппаратурасы бөлiмшелерiнiң және инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң саны мен құрамын Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi мен қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволармен бiрлесе отырып Қорғаныс министрлiгi белгiлейдi. 
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1997.04.23. N  638 , 2003.08.12. N  803   қаулыларымен .     
      7. Инженерлiк-техникалық және қосымша-оқу қызметкерлерiнiң, сондай-ақ оқу техникасы мен жаттығу аппаратурасы бөлiмшесiнiң жеке құрамы мiндеттерiн белгiлеудi оқу бөлiмiнiң бастығы - әскери кафедра бастығының орынбасары жүргiзедi және оны әскери кафедра бастығы бекiтедi. 

  II. Әскери кафедра лауазымды адамдарының 
құқықтары мен мiндеттерi

        8. Әскери кафедра бастығы студенттердiң әскери даярлығын ұйымдастыру мен оның сапалылығына және олармен жоғары оқу орнында, әскери бөлiмдер мен кемелерде оқу жиындарын (тағылымдамаларды) өткiзу кезiнде тәрбие жұмысын жүргiзуге, командирлiк және әдiстемелiк даярлықты ұйымдастыруға, оны сапалы жүргiзуге, кафедраның жеке құрамы арасында әскери, еңбек тәртiптiлiгiн, моральдық жай-күйдi сақтауға, жаттығу қару-жарағы, әскери техника, автокөлiк пен әскери-оқу мүлiгiнiң жай-күйi мен сақталуына, мемлекеттiк және әскери құпияны сақтауды қамтамасыз етуге толық жауапты болады. 
      Әскери кафедра бастығы кафедраның бүкiл жеке құрамының тiкелей бастығы болып табылады. Ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң запастағы офицерлердi даярлауға жауапты құрылымдық бөлiмшесi бастығы мен жоғары оқу орнының ректорына бағынады және жоғары оқу орнының ғылыми кеңес құрамына кiредi. 
      Әскери кафедра бастықтарына барлық өкiмдер мен нұсқаулар тек жоғары оқу орындарының ректорлары арқылы берiледi. 
      Әскери кафедра бастығының: 
      - жоғары оқу орны, факультеттер мен жоғары оқу орны жанындағы басқа мекемелердiң кеңестерiнде оқу, ғылыми және тәрбие жұмысының маңызды мәселелерiн талдауға қатысуға; 
      - студенттердi әскери оқытудың жоғары оқу орнының ерекшелiктерiне анағұрлым толық сай келетiн және оқу процесiнiң жоғары сапалылығын қамтамасыз ететiн әдiстерi мен құралдарын анықтауға; 
      - профессор-оқытушы құрамды, қосымша-оқу қызметкерлерi мен әскери даярлықтан өтiп жатқан студенттердi ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге және осы Ереженiң 27-бабына сәйкес оқу материалдық-техникалық базаны дамыту мен жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге тартуға; 
      - орындалатын әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу, өнертабыстық және рационализаторлық жұмыстарды ескере отырып оқытушылар арасында оқу жұмыс көлемiн бөлуге; 
      - осы Ереженiң 34 бабына сәйкес студенттерге қатысты мадақтау мен тәртiптiлiк жағынан ықпал ету шараларын қолдануға, ал кафедраның жеке құрамына қатысты бұл шараларды қолданылып жүрген әскери жарғылар мен заңдарға сәйкес қолдануға; 
      - студенттердi әскери оқыту мен кафедраның жеке құрамы бойынша бұйрықтарды шығаруға құқы бар. 
      Әскери кафедра бастығы: 
      - кафедраның оқу, тәрбие, әдiстемелiк, әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу жұмыстарына және офицер құрамы мен прапорщиктердiң (мичмандардың) командирлiк даярлығына басшылық жасауға; 
      - жоғары оқу орнының факультеттерi және кафедраларымен арнайы пәндердi оқу жөнiндегi оқу бағдарламаларын олармен үйлестiру мақсатында оқу әдiстемелiк байланысты ұйымдастыру және жүзеге асыру; 
      - студенттермен оқу-сабақтарын жүргiзуге, сондай-ақ кафедраның профессор-оқытушы құрамымен командирлiк, нұсқаулық-әдiстемелiк және көрсету оқу-сабақтарын өткiзуге, оқытушылар жүргiзетiн оқу-сабақтарының сапалылығына бақылау жасауға; 
      - оқу процесiн үнемi жетiлдiруге және кафедра студенттерi мен жеке құрамын оқыту мен тәрбиелеудiң алдыңғы қатарлы әдiстерiн енгiзуге, әскери пәндердi жоғары ғылыми және әдiстемелiк дәрежеде оқытуды қамтамасыз етуге; 
      - кафедраның жұмыс күнi тәртiбiн әзiрлеуге және қолданылып жүрген әскери жарғыларға сәйкес iшкi тәртiптi сақтауға; 
      - профессор-оқытушы құрамы лауазымдарына әскери қызметiн атқарып жүрген және запаста тұрған офицерлер қатарынан кандидаттарды iрiктеуге қатысуға, қызмет орнына тағайындау үшiн олардың кандидатураларын оқу орны ректорымен келiсiп, шешуге құқы бар. Кафедраның офицер құрамын, прапорщиктерiн аттестациялау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға; 
      - кафедраның әрбiр офицерiнiң, прапорщигiнiң (мичманның) және қосымша-оқу қызметкерлерiнiң iскерлiк, моральдық қасиеттерi мен қабiлеттiлiгiн үнемi зерлеуге, оларға тиiстi қамқорлық жасауға; 
      - қару-жарақты, әскери техниканы, автомобильдiк көлiктi, әскери-оқу мүлiгiн, оқу құралдары мен әдебиеттердi дұрыс сақтауды, есептеудi, ұстауды, қызмет көрсету мен пайдалануды қамтамасыз етуге; 
      - кафедраның оқу материалдық-техникалық базасын жасау, дамыту мен жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды мақсатты бағытта жүргiзуге; 
      - кафедра жоспарлаушы, әдiстемелiк, қорытынды және басқа да қызметтiк құжаттарды әзiрлеуге басшылық жасауға; 
      - кафедрада мемлекеттiк және әскери құпияны сақтауды қамтамасыз етуге, құпия және құпия емес iс жүргiзудiң жай-күйiне, қару-жарақ, әскери техника, жарылғыш заттар, улы және агрессивтi сұйық заттармен жұмыс iстеу кезiнде, атыс пен басқа жаттығуларды жүргiзу кезiнде жеке құрамның қауiпсiздiк шараларын қатаң орындауына жүйелi бақылау жасауды жүзеге асыруға мiндеттi. 
      Әскери кафедра бастығына студенттердi әскери оқыту қорытындысы бойынша бұйрықтарды шығару, кафедраның жеке құрамы арасында және әскери бөлiм бойынша мiндеттердi бөлiп беру, студенттердi әскери даярлықтан босату мен шеттеу туралы бұйрықтардың жобаларын әзiрлеу мен жоғары оқу орны ректорына ұсыну жүктеледi.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінің 2003.08.12. N 803   қаулысымен .  
      9. Әскери кафедра бастығының орынбасары студенттердiң әскери даярлығын ұйымдастыруға және оның сапалылығына; офицерлердiң, прапорщиктердiң (мичмандардың) командирлiк және әдiстемелiк дайындығына; әдiстемелiк, әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу, өнертабыстық және рационализаторлық жұмыс жағдайына; кафедраның оқу материалдық-техникалық базасы мен өрт қауiпсiздiгi жағдайына; кафедрада белгiленген құпиялық режимдi қатаң сақтауға; жарғылық iшкi тәртiптi, әскери және еңбек тәртiптiлiгiн сақтауға жауапты. Ол кафедра бастығына бағынады және кафедраның бүкiл жеке құрамының тiкелей бастығы болып табылады. 
      Әскери кафедра бастығының орынбасары: 
      - бiр немесе бiрнеше мамандық бойынша кафедраның оқу жұмысына басшылық жасауға, студенттермен оқу-сабақтарын өзi жүргiзуге, оқу процесiн жоспарлауға қатысуға, оқытушылармен командирлiк, нұсқаулық-әдiстемелiк және көрнектi оқу-сабақтарын жүргiзуге және оны есепке алып отыруға; 
      - айына кем дегенде бiр рет кафедраның жеке құрамының қолындағы қару-жарақ, әскери-техника мен құпия құжаттардың бар-жоқтығын өзi тексеруге; 
      - кафедрадағы iшкi тәртiп жағдайын қадағалауға, iшкi нарядтың (ведомстволық күзеттiң) жауынгерлiк қызметтi атқаруын және оған дайындығын тексеруге; 
      - әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу, өнертабыстық және рационализаторлық жұмыстарды жоспарлау мен оған басшылық жасауды жүзеге асыруға; 
      - оқу материалдық-техникалық базаны дамыту мен жетiлдiру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға, барлық оқу түрлерiн, атыс жаттығулары мен басқа да жұмыстарды жүргiзу кезiнде жеке құрамның қауiпсiздiк шараларын сақтауын тексеруге; 
      - қамтамасыз ету табельдерi мен нормалары бойынша материалдық құралдарды талап ету жөнiндегi өтiнiмдердi уақтылы жасауға және тиiстi үлес органдарына кейiн ұсыну үшiн бұл жайлы кафедра бастығына баяндауға мiндеттi. 
      10. Оқу бөлiмiнiң бастығы - әскери кафедра бастығының орынбасары оқу процесiн ұйымдастыруға, жоспарлауға және материалдық жағынан қамтамасыз етуге, жеке құрамды, жаттығу қару-жарағын, әскери техника мен әскери оқу мүлкiн есепке алудың жай-күйiне; iшкi нарядтың (ведомстволық күзеттiң) жауынгерлiк қызметтi атқаруына және оны ұйымдастыруға жауапты болады. Ол кафедра бастығына бағынады және кафедраның бүкiл жеке құрамының тiкелей бастығы болып табылады. 
      Оқу бөлiмiнiң бастығы - әскери кафедра бастығының орынбасары: 
      - офицерлер мен прапорщиктердiң (мичмандардың) командирлiк даярлығын, студенттердiң әскери даярлығын, кафедраның қосымша-оқу қызметкерлерiмен жүргiзiлетiн оқу-әдiстемелiк, тәрбие жұмыстары мен арнаулы оқу-сабақтарын жоспарлауға, әскери бөлiмдерде (кемелерде) студенттердiң оқу жиындарын (тағылымдамаларын) жүргiзу жөнiндегi шараларды әзiрлеуге; 
      - оқу сабақтарын оқу аудиторияларымен, лабораториялармен, әскери техника және оқытудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етудi жоспарлауға; 
      - студенттермен оқу сабақтарын жүргiзуге, оқытушылар құрамының оқу сабақтарын сапалы жүргiзуiне бақылау жасауға мiндеттi. Студенттермен сынақшалар, курстық және оқу бiтiру емтихандарын жүргiзудi ұйымдастыруға; 
      - запас бойынша әскери офицерлiк атақтарды беру жөнiндегi аттестациялық қағаздарды және әскери даярлықтан өтiп жатқан студенттерге есеп құжаттарын рәсiмдеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру мен оған өзi басшылық жасауға; 
      - оқытушылардың iскерлiк және моральдық қасиеттерiн бiлуге, олармен нұсқаулық-әдiстемелiк және көрнектi оқу сабақтарын жүргiзуге; 
      - әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу, өнертабыстық пен рационализаторлық жұмыстар бойынша жоспар жасауға және оған қатысуға; 
      - оқу және әдiстемелiк жұмыстың алдыңғы қатарлы тәжiрибесiн қорытындылап, оны таратуға және оқу-тәрбие процесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар мен шараларды әзiрлеуге; 
      - оқытушылар арасында жұмыс көлемiн бөлiп беруге, оны есепке алуға, офицерлер мен прапорщиктердiң жеке iс қағазын рәсiмдеуге; 
      - қосымша-оқу қызметкерлерiнiң негiзгi мiндеттерiн әзiрлеуге және оны кафедра бастығының бекiтуiне ұсынуға; 
      - құпия және құпия емес iс жүргiзудi, кафедрадағы материалдық құралдардың барлық түрiн есепке алуды ұйымдастыруға және жүйелi тексеруге мiндеттi. 
      Кафедра бастығы орынбасарының штаттық лауазымы жоқ әскери кафедраларда оның қызметiн оқу бөлiмiнiң бастығы - әскери кафедра бастығының орынбасары орындайды. 
      11. Әскери кафедраның цикл бастығы - аға оқытушы циклдiң жеке құрамы арасында жоғары моральдық жай-күйдi және тәртiптi сақтауға, студенттерге бiлiм берудiң сапалылығына және циклде олармен тәрбие жұмысын жүргiзуге, офицерлердiң командирлiк даярлығына, оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру мен жүргiзуге, циклда оқу материалдық-техникалық базаны жетiлдiруге, циклге бекiтiп берiлген жаттығу қару-жарағы, әскери техника мен әскери-оқу мүлiктерiнiң жай-күйiне, сақталуына және есепке алуға тiкелей жауапты. 
      Ол әскери кафедра бастығына бағынады және циклдiң оқытушылар құрамы мен қосымша оқу қызметкерлерi және циклде оқып жатқан студенттердiң тiкелей бастығы болып табылады. 
      Цикл бастығы - аға оқытушы: 
      - циклдағы оқу, әдiстемелiк, әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу, рационализаторлық және өнертабыстық жұмысқа басшылық жасауға, студенттермен оқу сабақтарын, оқытушылармен командирлiк, нұсқаулық-әдiстемелiк және көрнектi оқу сабақтарын өзi жүргiзуге, циклда әзiрленген оқу-әдiстемелiк құжаттаманы қарап, бекiтуге; 
      - студенттерден сынақшалар мен емтихандар қабылдауды ұйымдастыруға және осы жұмысқа өзi қатысуға; 
      - циклдiң оқытушылар құрамы мен қосымша оқу қызметкерлерiнiң iскерлiк, моральдық қасиеттерiн бiлуге, олардың жұмысына басшылық жасауға; 
      - студенттердiң әскери даярлығын жоспарлауға қатысуға және олармен жоғары ғылыми және әдiстемелiк дәрежеде оқу сабақтарын өткiзудi қамтамасыз етуге; 
      - оқу сабақтары мен тәрбие жұмысын есепке алу журналдарын, студенттердiң жеке кәртiшкелерiн жүргiзуге, оларға аттестациялық iс қағаздарын (мiнездемелер) жазуға; 
      - оқу-тәрбие жұмысында әскерлердiң (күштердiң) жауынгерлiк әзiрлiк тәжiрибесiн, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi әскери-оқу орындарының тәжiрибесiн және әскери кафедралардың алдыңғы қатарлы тәжiрибесiн оқып үйренуге, оны пайдалануға; студенттердiң оқу сабақтары мен қару-жарақ және әскери техникамен жұмыс iстеу кезiнде белгiленген қауiпсiздiк шараларын орындауына бақылау жасауды жүзеге асыруға мiндеттi. 
      12. Аға оқытушы (оқытушы) студенттермен әскери даярлық жөнiндегi оқу сабақтарын жүргiзуге және олардың бағдарламалық материалды сапалы игеруiне, олардың оқу взводтарында (топтарда) әскери жағынан тәрбие алуы мен тәртiптiлiк жайына жеке жауапкершiлiкте болады. Ол цикл бастығына бағынады, циклдерi жоқ кафедраларда әскери кафедра бастығына бағынады. 
      Аға оқытушы (оқытушы): 
      - студенттермен жоғары ғылыми және әдiстемелiк дәрежеде оқу сабақтарын өзi жүргiзуге, студенттерге тұрақты практикалық және командирлiк машықтарды дарытуға; 
      - өзiнiң әскери және арнайы бiлiм дәрежесiн үнемi көтеруге, өзiнiң педагогтiк шеберлiгiн жетiлдiруге; 
      - оқу процесiн жоспарлауға қатысуға, оқу-әдiстемелiк құжаттаманы, оқу және көрнектi құралдарды әзiрлеуге, оқу-әдiстемелiк жұмыс жөнiндегi тапсырмаларды уақытында орындауға; 
      - әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу, рационализаторлық жұмыстарға қатысуға; әскери кафедра және жоғары оқу орны жоспарлары бойынша жүргiзiлетiн қоғамдық iстерге қатысуға; 
      - өзiне бекiтiлiп берiлген оқу взводтарындағы (топтардағы) әрбiр студенттiң жеке қасиеттерi мен қабiлетiн бiлуге, оларға жоғары талап қоюға, оларға қажеттi әскери-кәсiби қасиеттердi қалыптастыруға; 
      - студенттердiң оқу тапсырмаларын, практикалық және есеп-графикалық жұмыстарды орындауын тексеруге, оларды уақытында әрi сапалы орындауын талап етуге; 
      - оқу сабақтарын қажеттi оқу әдебиеттерiмен және көрнектi құралдармен, жаттығу қару-жарақтарымен, әскери техника және аспаптармен қамтамасыз етуге және олардың тұтастығы мен бұзылмауын қамтамасыз етуге, кафедраның оқу материалдық-техникалық базасын жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге; 
      - студенттер арасында әскери-ғылыми және тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен жүргiзуге; 
      - оқу сабақтары мен тәрбие жұмысын есепке алу журналдарын, студенттердiң жеке кәртiшкелерiн жүргiзуге, оларға аттестациялық iс-қағаздар (мiнездемелер) жазуға; 
      - оқу-тәрбие жұмысында әскерлердiң (күштердiң) жауынгерлiк даярлық тәжiрибесiн, әскери оқу орындары мен әскери кафедраның алдыңғы қатарлы тәжiрибесiн оқып-үйренуге және оны пайдалануға; оқу сабақтары және қару-жарақ пен әскери техникамен жұмыс iстеу кезiнде студенттердiң белгiленген қауiпсiздiк шараларын орындауына бақылау жасауды жүзеге асыруға мiндеттi. 
      Оған қоса аға оқытушы: 
      - өз пәнi бойынша оқытушылардың оқу сабақтарына даярлығына басшылық жасауға және оларға әдiстемелiк көмек көрсетуге, сондай-ақ оқытушылардың студенттермен оқу сабақтарын сапалы жүргiзуiне бақылау жасауды жүзеге асыруға; 
      - оқу бағдарламасына сәйкес студенттер орындайтын бақылау жұмыстары үшiн практикалық тапсырмалар мен мiндеттердi өзi әзiрлеуге, студенттерден алынатын сынақшалар мен емтихандарды ұйымдастыру мен жүргiзуге қатысуға мiндеттi. 
      13. Әскери кафедраның профессор-оқытушы құрамын сайлауға және жоғары оқу орнының (факультетiнiң) ғылыми кеңесiне (кеңеске) сайлануға; жоғары оқу орны, факультеттер мен жоғары оқу орны жанындағы басқа мекемелердiң кеңестерiнде маңызды оқу, ғылыми және тәрбие жұмысы мәселелерiн талқылауға қатысуға; лабораторияларды, аудиторияларды, кабинеттердi, оқу залдарын, кiтапханаларды, сондай-ақ есептеу орталықтарының, жоғары оқу орнының оқу және ғылыми мекемелерiнiң қызметтерiн пайдалануға; өзiнiң жеке қабiлетiне толық сай келетiн және оқу процесiн жоғары сапалылығын қамтамасыз ететiн оқытудың әдiстерi мен құралдарын таңдауға; студенттерге қатысты моральдық ынталандыру және тәртiптiлiк жағынан ықпал жасау шараларын қолдануға құқы бар. 

  III. Әскери кафедраларды офицер құрамымен 
жасақтау

        14. Әскери кафедралар жоғары әскери немесе жоғары әскери-арнаулы бiлiмi бар, оң аттестацияланған офицер құрамымен және ерекшелiк ретiнде жоғары бiлiм әрi оқытушылық қызметке бейiм адамдармен жасақталады. 
      Офицер құрамын оқытушылық қызметке тағайындау, ауыстыру мен босату әдетте, оқу жылы аяқталған кезде жүргiзiледi, ал жаңадан құрылған әскери кафедралар қызметiне офицерлердi тағайындау әскери даярлық жөнiндегi оқу сабақтарының басталуына кемiнде алты ай қалғанға дейiн жүргiзiледi. 
      Кадрдағы офицерлермен жасақтау мүмкiндiгiнiң жоқ болуына байланысты әскери кафедралардың профессор-оқытушы құрамының штаттық қызмет орындарын жоғарыда аталған талаптарға сай келетiн запастағы офицерлер баса алады. 
      Запастағы офицерлердi профессор-оқытушы құрам лауазымдарына әскери кафедра бастығының ұсынуымен жоғары оқу орындарының ректорлары тағайындайды. 
      Әскери кафедраларға кадрдағы офицерлер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен тағайындалады. 
      Оқу техникасы мен жаттықтыру аппаратурасы, инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң офицерлiк құрамы лауазымдарына офицерлер мен прапорщиктердi тағайындауға болады. 
      Әскери кафедраларға қызмет бабы бойынша терiс аттестацияланған, тәртiп бұзған немесе өз мiндеттерiн орындай алмаған офицерлердi тағайындауға жол берiлмейдi. 
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Үкіметінің 1996.04.15. N 443   қаулысымен.
        15. Әскери даярлықты жүргiзушi оқытушылар құрамында запастағы офицерлер саны әскери кафедра профессор-оқытушы құрамының штат бiрлiгiнiң жалпы санынан 20 процент, ал әскери мамандықтар бойынша азық-түлiк, заттай, қаржы, медициналық, ветеринарлық қызмет пен шетел тiлiн оқуға байланысты мамандықтар бойынша - 30 процент, дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институттарында 50 проценттен аспауы керек. 
       Ескерту. 15-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінің 1997.04.23. N 638   қаулысымен .  
      16. Кафедралардың бастықтары, олардың орынбасарлары, оқу бөлiмдерiнiң бастықтары - әскери кафедра бастықтарының орынбасарлары лауазымдарына тағайындалатын кандидаттар Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорларымен, Қарулы Күштер түрлерiнiң тиiстi Қолбасшыларымен, әскер тектерi бастықтарымен, қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер, ведомстволарымен келiсiледi. Әскери кафедралардың барлық басқа лауазымдарына таңдап алынған кандидаттар тiкелей жоғары оқу орындарының ректорларымен келiсiледi. 
      17. Жеке құрам бойынша: 
      - әскери кафедралардың бастықтары, олардың орынбасарлары және оқу бөлiмдерiнiң бастықтары - әскери кафедра бастықтарының орынбасарлары лауазымдарына офицерлердi тағайындау туралы бұйрықтардың көшiрмелерi қарауында жоғары оқу орындары бар Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi мен ведомстволарына және жоғары оқу орындары ректорларына; 
      - әскери кафедралардың басқа лауазымдарына офицерлердi (прапорщиктердi) тағайындау туралы бұйрықтардың көшiрмелерi жоғары оқу орындарының ректорларына жiберiледi. 
      Министрлiктерге, ведомстволарға және жоғары оқу орындарына жiберiлетiн бұйрықтардың көшiрмелерiнде офицерлер мен прапорщиктер тағайындалған әскери бөлiмдердiң тек шартты атауы көрсетiледi. 

  IV. Әскери кафедралардың офицер құрамының 
командирлiк және әдiстемелiк даярлығын 
ұйымдастыру, бiлiктiлiгiн арттыру 
және аттестация жүргiзу

        18. Әскери кафедралардың офицер құрамының командирлiк даярлығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң бұйрықтары мен директиваларына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскер тектерi бастықтарының, басқармалар бастықтарының жауынгерлiк даярлық жөнiндегi ұйымдық-әдiстемелiк нұсқауларының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады және жүргiзiледi. 
      Әскери кафедралардың офицер құрамымен командирлiк даярлықты жүргiзудiң негiзгi мақсаты - олардың әскери-кәсiби бiлiмдерi мен әдiстемелiк дағдыларын арттыруды қамтамасыз ету болып табылады. 
      19. Әскери кафедралардағы командирлiк даярлық тиiстi бұйрықтар мен директиваларға сәйкес белгiленген мерзiмде жиындар және жоспарланған оқу сабақтары үлгiсiнде жүргiзiледi. 
      20. Әскери кафедралардың офицерлерiнiң командирлiк даярлығы жөнiндегi бағдарламалар мен ұйымдастыру нұсқауларын тиiстi әскери мамандықтар бойынша студенттердiң әскери даярлығына басшылық жүргiзетiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң басқармалары, Қарулы Күштер түрiнiң қолбасшылары, әскер тектерiнiң бастықтары әзiрлейдi. 
      21. Әскери қызметтi атқарып жүрген офицерлер қатарындағы әскери кафедралардың оқытушылар құрамы әскери бөлiмдер (кемелер) мен әскери оқу орындарына, курстарға немесе тағылымдамаға бiлiктiлiгiн арттыру үшiн жиi жiберiлiп отырылады. 
      Әскери кафедралар офицерлерiнiң тағлымдамалары мен олардың курстардағы даярлығын жоспарлауды әскери кафедралар бастықтарының өтiнiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң запастағы офицерлердi даярлауға жауапты құрылымдық бөлiмшесi жүзеге асырады. 
      22. Әскери бөлiмдер (кемелер) мен әскери оқу орындарына тағлымдамаға немесе курстарға жiберiлген, сондай-ақ жоғары әскери-оқу орындарында сырттай оқуына байланысты оқу жиындарына немесе азаматтық жоғары оқу орындарында сырттай оқуына байланысты емтихандық сессияларға жiберiлген әскери кафедралардың офицерлерi әскери кафедралардың штатынан шығарылмайды. 
      Жоғары оқу орындары ректорларының келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң командалық-штаб әскери және арнаулы жаттығулары мен басқа да шараларын жүргiзу үшiн әскери кафедралардың офицерлерiнiң (прапорщиктерiнiң, мичмандардың) тiзiмдiк санының 20 процентiн тартуға рұқсат етiледi. 
      23. Әскери кафедраларды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң бұйрықтары мен директивалары және басқа да қызмет құжаттарымен қамтамасыз етудi тиiстi әскери органдар жүргiзедi. 
      Офицерлер қызмет құжаттарымен, соның iшiнде әскери кафедраларға жiберiлмейтiн белгi қойылған құжаттармен танысу үшiн, оларды әскерлердегi жаңа қару-жарақпен, әскери техникамен және тәрбие жұмысының ұйымдастыру шараларымен таныстыру үшiн әскер тектерi бастықтарының бұйрықтарымен әскери кафедралар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмдерiне (кемелерге), әскери оқу орындары мен мекемелерiне бекiтiледi. 
      24. Әскери қызметiн атқарып жүрген әскери кафедралардың офицер құрамын аттестациялау, олардың жеке iс қағазы мен басқа құжаттарын жүргiзу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi офицерлерi үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 

  V. Әскери кафедралардағы әдiстемелiк, 
әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу, рационализаторлық 
және өнертабыстық жұмыстар 

      25. Әскери кафедралардағы әдiстемелiк, әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу, рационализаторлық және өнертабыстық жұмыстардың негiзгi нысандары мен бағыттары мыналар болып табылады: 
      а) әдiстемелiк жұмыс саласында: 
      - студенттердi оқыту мен тәрбиелеу әдiстерiн жақсарту мәселелерi бойынша әдiстемелiк жиындар мен кеңестердi, ғылыми-әдiстемелiк конференциялар мен семинарларды жүргiзу; 
      - нұсқаулық-әдiстемелiк, көрнектi және ашық оқу сабақтарын ұйымдастыру әрi жүргiзу, сондай-ақ оқытушы құрамның оқу сабақтарына өзара алмасып қатысуы; 
      - студенттердi оқыту мен тәрбиелеу әдiстерi бойынша лекцияларды, баяндамаларды, рефераттар мен басқа материалдарды әзiрлеу; 
      - оқу-тәрбие процесiне әскерлердiң (күштердiң) жауынгерлiк даярлық тәжiрибесiн, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi әскери оқу орындарының алдыңғы қатарлы тәжiрибесiн талдау, қорытындылау мен енгiзу; 
      - студенттердi әскери оқыту мен тәрбиелеудiң анағұрлым өзектi мәселелерi бойынша ғылыми зерттеулердi жүргiзу; 
      - жекелеген пәндердi оқытудың әдiстерiн әзiрлеу және оқу сабақтарында дербес компьютерлердi, оқытудың техникалық құралдарын, көрнектi құралдарды, қару-жарақ пен әскери техниканың нақты үлгiлерiн, кинофильмдердi, диафильмдердi және студенттердiң әскери даярлықтың тиiстi пәндерiн оқып-үйрену сапалылығын арттыратын басқа да оқыту құралдарын пайдалану; 
      б) ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмысы саласында: 
      - әскери бiлiм беру, әскери педагогика мен психологияның өзектi проблемаларын, оқу процесiн және студенттер мен педагог кадрлардың әскери даярлығының барлық жүйесiн одан әрi жетiлдiру, әскери кафедралардың оқу материалдық-техникалық базасын дамыту мәселелерiн жан-жақты зерттеудi жүргiзу; 
      - студенттердi тәрбиелеу, моральдық-психологиялық даярлау мәселелерiн зерттеу, оқу процесiне әскерлердiң (күштердiң) жауынгерлiк даярлығының алдыңғы қатарлы тәжiрибесi мен әскери жаттығулардың қорытындыларын енгiзу; 
      - оқу жоспарлары мен бағдарламаларын тереңiрек талдауды жүргiзу, оқу орындарының басқа кафедралардағы бiр тектес және аралас пәндердi, әскери кафедралардағы тиiстi пәндердi оқытудың оқу жоспарлары мен бағдарламаларына осы пәндердiң толық үйлесуiн қамтамасыз ету мақсатында зерттеу; 
      - оқу құралдарын әзiрлеу, әскери-ғылыми (теориялық), техникалық, әдiстемелiк, ұрыс жаттығулары жөнiндегi, ұшу-техникалық және әскери-тарихи конференцияларды, ғылыми кеңестер мен семинарларды әзiрлеу мен өткiзу; 
      - ережелер, тәлiмдемелер, басшылыққа алынатын құжаттар, нұсқаулықтар мен басқа да нормативтi құжаттардың жобаларын әзiрлеу мен талқылауға қатысу, ғылыми баяндамалар, мақалалар мен рефераттарды әзiрлеу; 
      - кафедра оқытушы құрамының ғылыми бiлiктiлiгiн арттыру, олардың кандидаттық емтихандарды тапсыру, диссертацияны әзiрлеу мен қорғау, әскери-ғылыми және ғылыми-зерттеу сипаттағы зерттеу жұмыстарын орындау жөнiндегi шараларды өткiзу; 
      Әскери кафедрадағы ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстары бекiтiлген перспективалық және жылдық жоспарларға сәйкес ұйымдастырылып, жүргiзiледi. 
      Перспективалық жоспарда әскери кафедраның әскери ғылыми жұмысының негiзгi бағыттары белгiленедi және осының негiзiнде жылдық жоспар жасалынады. Әскери-ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарын олардың мамандануына байланысты кафедраларға басшылық жасайтын әскери командашы белгiлейдi. Әскери-ғылыми тақырыптың бағыты әскери кафедрада запастағы офицерлердi даярлаудың бағдарына сәйкес келуi керек. 
      Әскери даярлықтан өтушi студенттер жоғары оқу орындарында белгiленген тәртiпке сәйкес әскери кафедрадағы әскери-ғылыми жұмысқа қатысады. Студенттер үшiн бұл жұмыстардың тақырыптарын олардың мамандануын және белгiленген құпиялылық режимдi сақтауды ескере отырып, әскери кафедралар белгiлейдi. 
      в) рационализаторлық және өнертабыстық жұмыстар саласында: 
      - әскери кафедралардың оқу материалдық-техникалық базаларын жасау мен жетiлдiру, аспаптарды, тренажерларды, қолданылып жүрген макеттер мен басқа көрнектi оқу құралдарын әзiрлеу мен жетiлдiру, әскери кафедрадағы қару-жарақ әскери техника, оқу-жаттығу және техникалық оқу құралдарын оқу процесiнде пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмысты жүргiзу. 
      Әскери кафедрадағы рационализаторлық және өнертабыстық жұмыстар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi. 

  VI. Жоғары оқу орындары жанындағы әскери 
кафедраларда студенттердiң әскери 
даярлығын ұйымдастыру

       26. Әскери даярлықтан өту үшiн студенттер iрiктеудi мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша да, ақылы негiзде де жоғары оқу орындарында оқитын студенттер қатарынан ректордың атына берiлетiн олардың жеке өтiнiштерi бойынша iрiктеу комиссиясы жүргiзедi.
      Студенттердi iрiктеу кезiнде мыналар ескерiледi:
      облыстардың қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментiнiң (аудандар мен қалалардың басқармалары мен бөлiмдерiнiң) медициналық шақыру комиссиясының медициналық жағының куәландыру қорытындылары;
      емтихан тапсыру қорытындылары бойынша айқындалатын оқу орнындағы студент үлгерiмiнiң орташа жылдық балы;
      жоғары оқу орындарының студенттерi үшiн белгiленген дене даярлығы бойынша нормативтердi орындау қорытындылары.
      Осы көрсеткiштер құрамына мынадай өкiлдер енетiн iрiктеу комиссиясының мәжiлiсiнде қаралады:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнен - төраға;
      қарамағында жоғары оқу орындары бар министрлiктерден - тең төраға;
      қарамағында жоғары оқу орындары бар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнен, министрлiктерден, жоғары оқу орнынан - мүшелер.
      Iрiктеу комиссиясы мәжiлiсiнiң қорытындылары хаттамамен ресiмделедi.
      Ірiктеу комиссиясы iрiктеген студенттердi әскери даярлықтан өту үшiн қабылдау әскери кафедра бастығының ұсынуы бойынша iрiктеу комиссиясының хаттамасы негiзiнде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен ресiмделедi. 
        Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.08.12. N 803   қаулысымен
      27. Жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда әскери даярлық теориялық және практикалық оқыту курстары мен әскери бөлiмдердегi (кемелердегi, әскери оқу орындарындағы, оқу орталықтарындағы) оқу жиындарынан (тағлымдамалардан) құралады. 
      Әрi қарай текст бойынша (егер ерекше аталмаса) - әскери 
      бөлiмдер. 
      Жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда оған оқытушылардың басшылығымен өткiзiлетiн мiндеттi аудиторлық және жеке оқу сабақтары мен студенттердiң өз бетiмен орындайтын жұмыстары (өзiн-өзi әзiрлеу) енедi. Әскери кафедралардағы оқу сабақтары, әдетте, "әскери күн" әдiсiмен өткiзiледi. 
      28. Әскери даярлыққа қабылданған студенттер оқу взводтары бойынша 15-20 адам болып бөлiнедi. Оқу взводтарының жеке құрамы мен студенттер қатарынан алынатын олардың командирлерi әскери кафедра бастығының бұйрығымен тағайындалады. 
      Оқу-жауынгерлiк техниканы оқып-үйрену жөнiндегi лабораториялық және практикалық оқу сабақтарын өткiзу кезiнде топографиялық карталарда, топографиялық (картографиялық) жұмыстарды орындау жөнiндегi оқу сабақтарын, сондай-ақ имитациялық құралдарды қолданып өткiзiлетiн оқу сабақтарын жүргiзу кезiнде оқу взводтары 7-10 адамнан тұратын жартылай взводтарға бөлiнедi. 
      Радиоактивтi, улы, жарылғыш заттарды, жарылуы қауiптi, улы және агрессивтi сұйықтарды қолданып өткiзiлетiн, ұрыс оқтарын, снарядтарды, гранаталарды алу негiзiнде жүргiзiлетiн оқу сабақтарында, сондай-ақ жеңiл сүңгуiрлiк даярлық жөнiндегi сабақтарда оқу топтарының саны 7 адамнан аспауы керек. 
      29. Студенттердiң арнайы пәндердi оқып үйренуi олардың жоғары оқу орындарының азаматтық кафедраларында алған бiлiмдерi негiзiнде жүргiзiледi. Студенттердiң әскери даярлығының негiзi жаттығу жүргiзетiн дала (теңiз, әуе) дағдысы мен мамандығы бойынша оларға командирлiк және практикалық машықтарды дарыту болып табылады. 
      30. Студенттердiң әскери қызметке жарамдылығы әскери кафедрадағы сабақ басталар алдында және әскерлердегi оқу-жаттығу жиындары (тағлымдамалар) басталар алдында, Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақырумен бiрге жылына екi рет жүргiзiлетiн жергiлiктi әскери басқару органдары әскери-дәрiгерлiк комиссиясының оларды медициналық жағынан куәландыру қорытындылары бойынша айқындалады. <*>
      Студенттердiң әуе-десанттық әскерлер мен Әскери-Теңiз Күштерiнiң жүзу құрамы мамандықтары бойынша әскери қызметке жарамдылығын денсаулығына байланысты қосымша талаптарды ескере отырып, аудандық (қалалық) әскери комиссариаттардың әскери-дәрiгерлiк комиссиялары анықтайды. Әскери-Теңiз Күштерiнiң жүзу құрамы мамандықтары бойынша әскери оқудан өтiп жатқан студенттер жеңiлсүңгуiрлiк даярлық жөнiндегi практикалық оқу сабақтарының басталуына дейiн олардың су астына түсуге жарамдылығын анықтау мақсатында арнайы медициналық тексеруден өтедi. 
      Студенттердiң ұшқыштар құрамы мамандықтары бойынша әскери қызметке жарамдылығын Қарулы Күштер авиациясының ұшқыштар құрамын медициналық жағынан куәландыру жөнiндегi Ережемен белгiленген Қарулы Күштер авиациясының ұшқыштар құрамын даярлайтын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi әскери-оқу орындарының кандидаттары мен курсанттарын куәландыру тәртiбiне сәйкес ұшқыш-дәрiгерлiк комиссиялар анықтайды. 
      Денсаулығына байланысты бұрын әскери қызметке жарамсыз немесе жарамдылығы шектеулi деп танылған студенттер әскери даярлық басталғанға дейiн аудандық (қалалық) әскери комиссариаттардың әскери-дәрiгерлiк комиссияларымен медициналық жағынан қайта куәландыруға жатады.
       Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.08.12. N 803   қаулысымен
      31. Әскери оқу барысында студенттердi денсаулығына байланысты әскери даярлықтан босату аудандық (қалалық) әскери комиссариаттардың әскери-дәрiгерлiк комиссияларының медициналық жағынан куәландыруы негiзiнде жүргiзiледi. Денсаулығына байланысты әскери даярлықтан өтуден босатылған студенттер әскери кафедра бастығының ұсынуымен оқу орны ректорының бұйрығында жарияланады. 
     32. Белгiленген тәртiп бойынша бiр жоғары оқу орнынан екiншiсiне, кешкi немесе сырттай бөлiмнен күндiзгi бөлiмге ауысқан студенттердi әскери даярлықтан өтуге қабылдау жөнiндегi мәселенi әрбiр нақтылы жағдайда әскери кафедра бастығы қарайды және оның ұсынуымен бұл жайлы жоғары оқу орны ректорының бұйрығында жарияланады. 
      33. Студенттер әскери даярлық жөнiндегi барлық оқу сабақтарында оқу взводтарының (бөлiмшелерiнiң) командирлерiне тiкелей бағынады. 
      Әскери даярлықтан өтiп жатқан студенттер: 
      - әскери даярлық бойынша емтихандар мен сынақшаларды мерзiмiнен бұрын тапсырып, одан кейiн осы семестрде әскери кафедрадағы оқу сабақтарына қатыспауға; 
      - әскери тақырыптар бойынша әскери-ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға; 
      - кафедра басшыларының рұқсаты бойынша әскери даярлықты қысқартылған бағдарламамен және жеке жоспарлар бойынша өтуге (жоғары оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметiн өтеген студенттер үшiн) құқы бар. 

                    Студенттер: 
      - әскери iстi адал ниетпен оқып-үйренуге, әскери даярлықтың белгiленген мамандығы бойынша командирлiк, әдiстемелiк және практикалық дағдыларды табандылықпен меңгеруге; 
      - әскери даярлық жөнiндегi оқу сабақтарында жалпы әскери жарғылар мен әскери кафедраның күн тәртiбi талаптарын сақтауға; 
      - оқу сабақтарына шашын жинақты етiп, ұқыпты киiнiп келуге; 
      - оқыту бағдарламасында көзделген әскери даярлық жөнiндегi оқу сабақтарының барлық түрлерiне үнемi қатысуға, әскери кафедра өткiзетiн шараларға қатысуға, әскери кафедраның оқу материалдық-техникалық базасын жетiлдiру үшiн жұмыс iстеуге; 
      - мемлекеттiк және қоғамдық мүлiктi сақтауға, қару-жараққа, әскери техника мен әскери оқу мүлiктерiне ұқыпты қарауға, қару, әскери техникамен жұмыс iстегенде және басқа да жағдайларда қауiпсiздiктiң барлық шараларын қатаң сақтауға;
     - өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға мiндеттi.
     34. Студенттерге жоғары оқу орнында әскери даярлықтан өту кезеңiнде төмендегiдей ынталандырулар мен тәртiптiлiк жазалары қолданылады:
     а) ынталандырулар:
     - алғыс жариялау;
     - бұрын берiлген тәртiптiлiк жазаны алу;
     - грамотамен наградтау;
     б) тәртiптiлiк жазалары;
     - сөгiс жариялау;
     - қатаң сөгiс жариялау;
     - әскери даярлықтан шеттеу. 

  Әскери бөлiмдерде студенттердiң оқу
жиындарын (тағлымдамаларын) өткiзу

      35. Әскери бөлiмдердегi оқу жиындары (тағлымдамалары) студенттердiң алатын әскери мамандықтары бойынша әскери оқытудың қорытынды кезеңi болып табылады. 
      36. Жоғары оқу орнында әскери даярлықтың толық курсын өткен және белгiленген емтихандар мен сынақшалар тапсырған барлық студенттер оқу жиындарына (тағлымдамаларға) жiберiледi. 
      Әскери бөлiмдерде оқу жиындарын (тағлымдамаларын) өту кезеңiнде студенттерге жиынға шақырылған әскери қызметшiлер үшiн қолданылып жүрген заңмен белгiленген құқықтар мен мiндеттер қолданылады. 
      Студенттердiң оқу жиындарын (тағлымдамаларын) жоспарлау үшiн әскери кафедра бастықтары белгiленген нысан (осы Ережеге N 1 қосымша) бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне өтiнiмдердi ұсынады. Өтiнiмдер негiзiнде белгiленген нысан (осы Ережеге N 2 қосымша) бойынша әскери бөлiмдерде студенттердiң оқу жиындарын (тағлымдамаларын) өткiзудiң жоспары жасалынады. 
      Осы жоспарларға сәйкес студенттердiң оқу жиындарын (тағлымдамаларын) өткiзу жоспарланған бөлiмдердiң командирлерi жылдық өтiнiмдерде жауынгерлiк даярлық үшiн және оқу жиындарының (тағлымдамаларының) бағдарламасы бойынша студенттермен практикалық жұмыстар жүргiзу үшiн заттай мүлiктерге, азық-түлiкке, оқ-дәрiлерге, жырылғыш заттарға, жару құралдарына, моторесурстар мен жанар мен жағар майға деген қажеттiлiктi арнайы түрде көрсетуге мiндеттi. 
      37. Студенттердi әскери бөлiмдердегi оқу жиындарына (тағлымдамаларға) жiберудi әскери кафедралар әзiрлеген жеке тiзiмдер бойынша әскери комиссариаттар жүргiзедi. 
      Әскери жиындарға (тағлымдамаларға) жiберер алдында денсаулығына шағынған студенттер дәрiгер-мамандар тексеру үшiн әскери комиссиариаттарға жiберiледi. Әскери Әуе Күштерi әскери бөлiмдерiнiң ұшу тағлымдамаларына жiберiлетiн студенттер тиiстi ұшқыш-дәрiгерлiк комиссияларда медициналық куәландырудан өтедi. Денсаулығына байланысты оқу жиындарын өтуге жарамсыз деп танылған адамдар, жиындар мен тағлымдамалардан босатылады және офицерлiк құрамға аттестацияланбайды. 
      38. Әскери бөлiмдерде жиындар (тағлымдамалар) өтiп жатқан кезеңде жиi тәртiп бұзған, оқу жиындарынан (тағлымдамалардан) өтуден жалтарған студенттер әскери кафедралар бастықтарының ұсынуы бойынша жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен әскери дайындықтан шеттетiледi де, бұл жайлы студенттер әскери есепте тұрған жердiң әскери комиссариаттарына жазбаша түрде хабарланады. 
      39. Студенттердi оқу жиындары (тағлымдамалары) кезiнде оқу жиындары (тағлымдамалары) өткiзiлетiн жерге барып, қайту жолының тасымал құжаттарымен және азық-түлiк, жол қаражатымен, сондай-ақ оқу жиындарына шақырылған әскери қызметшiлер үшiн белгiленген нормалар мен тәртiп бойынша қажеттiлiктiң барлық басқа түрлерiмен (стипендия төлеуден басқа) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi қамтамасыз етедi. 
      Студенттерге оқу жиындары (тағлымдамалар) өтетiн жерге барып, қайту үшiн: 
      - темiржол көлiгiмен жүргенде - жүйрiк немесе жолаушылар поездарының қатты орынды жалпы вагондарына; 
      - теңiз жолы көлiгiмен жүргенде - көлiк жолдары жүзгiлерiнiң ең төменгi санатты каюталарына (әуе креслосынан басқа); 
      - өзен жолы көлiгiмен жүргенде - көлiк жолдары жүзгiлерiнiң 4 санатты орындарына; 
      - автомобиль көлiгiмен жүргенде - қатты орынды автобустарға, олар жоқ болған жағдайда жұмсақ орынды автобустарға; 
      - әуе қатынасы көлiгiмен жүргенде - әуе көлiгi жалғыз қатынас құралы болған жағдайда, ұшақтарға, тiкұшақтарға әскери тасымал құжаттары берiледi. 
      40. Әскери бөлiмдерде оқу жиындары (тағлымдамалар) өтiп жатқан кезеңде студенттерге стипендияны төлеудi белгiленген тәртiппен тиiстi оқу орындары жүргiзедi. 
      41. Құрамалар мен бөлiмдердiң (кемелердiң) командирлерi, әскери-оқу орындарының оқу орталықтарының бастықтары студенттермен оқу жиындарын (тағлымдамаларын) ұйымдастыру мен оны сапалы өткiзуге, оларды оқытуға, тәрбиелеуге және әскери тәртiп жағдайына жауапты болады. 
      Құрамалар мен бөлiмдер (кемелер) командирлерiне, әскери-оқу орындарының, оқу орталықтарының бастықтарына оқу жиындарын (тағлымдамаларын) ұйымдастыру мен өткiзу; студенттердi жайғастыру мен белгiленген нормалар бойынша үлестiң барлық түрлерiмен қамтамасыз ету; студенттермен оқу жиындарын (тағлымдамаларын) өткiзу және оны қамтамасыз ету үшiн қажеттi қару-жарақты, әскери техниканы, әскери-оқу мүлкiн, оқ-дәрiлердi, моторесурстарды, жанар-жағар майлар мен басқа да шығын құралдарын бөлу; оқу жиыны бастығын, оқу жиыны бастығының тәрбие және әлеуметтiк құқық жұмыстары, тыл мен техникалық бөлiм жөнiндегi орынбасарларын және рота (жиындардың) старшиналарын тағайындау жүктеледi. 
      Студенттердiң оқу жиындарын (тағлымдамаларын) ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi құрамалар мен бөлiмдердiң жауынгерлiк даярлық бойынша моторесурстарды, оқ-дәрiлердi, жанар-жағар майлар мен басқа да шығын материалдарының шығындалу есептерiн көрсете отырып, белгiленедi. 
      Әскерде (тағлымдамаларда) оқу жиындарын өтiп жатқан кезеңде студенттердi шаруашылық немесе оқу процесiн қамтамасыз ету мен олардың тұрмыс жағдайын жөнге келтiруге байланысы жоқ басқа жұмыстарға тартуға, төтенше жағдайларды қоспағанда үзiлдi-кесiлдi тиым салынады. 
      42. Әскери кафедра бастығына студенттердiң әскери бөлiмге уақтылы және ұйымдасқан түрде келуiн қамтамасыз ету, оқу жиыны оқу бөлiмiнiң бастығын тағайындау, студенттердiң оқу жиынын (тағлымдамаларын) өткiзу жоспарын әзiрлеу мен олармен оқу сабақтарын сапалы жүргiзудi қамтамасыз ету, взвод командирлерi, взвод командирлерiнiң орынбасарлары, бөлiмше (топтар, экипаждар) командирлерi лауазымдарына студенттердi iрiктеу және оларды өздерiнiң қызмет мiндеттерiн орындауға даярлау; нұсқаулық-әдiстемелiк оқу сабақтарына дайындығына және оны сапалы жүргiзуіне бақылау жасау, бiтiру емтихандарын ұйымдастыру мен өткiзу жүктеледi. 
      43. Оқу жиынын өткiзуге келген студенттер бөлiмшелер (топтар, экипаждар) бойынша бөлiнедi, олардан саны 25 адамнан тұратын оқу взводтары және құрамы 3-4 взводтан тұратын рота (батарея) құрылады. 
      Құрылған бөлiмшелер оқу жиыны болып табылады. 
      Студенттердiң оқу жиыны ұйымдастырылатын және өткiзiлетiн әскери бөлiм (құрам) командирiнiң орынбасарларының бiрi оқу жиынының бастығы болып тағайындалады. 
      Оқу жиынының бастығы жиынның бүкiл жеке құрамының тiкелей бастығы болып табылады. 
      Студенттердiң оқу жиындарын өткiзу кезеңiнде оқу жиыны өткiзiлетiн бөлiмдердiң офицерлерi немесе әскери кафедралардың офицер-оқытушылары курсанттар роталарының бастығы болып тағайындалады. 
      Взвод командирлерi, взвод командирлерiнiң орынбасарлары, бөлiмше (топ, экипаж) командирлерi осы қызмет мiндеттерiн орындау үшiн әскери кафедраларда алдын-ала даярланған студенттер қатарынан тағайындалады. 
      Студенттердiң оқу жиынын өткiзу үшiн бөлiнген әскери бөлiмдердiң офицерлерi, прапорщиктерi (мичмандары) және сержанттары (старшиналары) бөлiм бойынша шығарылатын бұйрықта жарияланады және жиын өтiп жатқан кезең бойында штаттық лауазымдары бойынша қызметтiк мiндеттерiнен босатылады. 
      Оқу орындарының студенттерiмен оқу жиындарын өткiзуге бөлiнген лауазымдық адамдарды ауыстыру, тек ерекше жағдайларда ғана жүргiзiледi. 
      44. Оқу жиындарына (тағлымдамаларына) жiберiлген оқу жиындарының студенттерi әскери бөлiмдерде оқу жиындарына шақырылған әскери қызметшiлер үшiн белгiленген нормалар мен тәртiп бойынша заттай мүлiк бұйымдарымен қамтамасыз етiледi. 

  Сынақшалар қабылдау мен курс бiтiру және 
бiтiру емтихандарын өткiзу

        45. Әскери даярлықтан өтушi студенттер емтихандық сессия кезiнде сынақшалар мен емтихандарды тапсырады. Сынақшалар мен емтихандар саны бүкiл оқу кезеңiнiң бiтiру емтиханын қоса, 3 сынақша және 3 емтиханнан аспайтындай болып, әскери даярлық бағдарламасында белгiленедi. 
      46. Әскери бөлiмдердегi оқу жиыны аяқталғаннан кейiн студенттер емтихан тапсырады. Мамандығына байланысты емтихандар бөлiмдерде немесе жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында өткiзiледi. 
      Бiтiру емтиханын өткiзу үшiн оқу взводына 3 күн берiледi (2 күн дайындыққа, 1 күн - емтихан тапсыруға). 
      47. Әскери кафедрада әскери даярлықтың толық курсын және әскери бөлiмдерде оқу жиынын (тағлымдамаларын) өткен студенттер бiтiру емтихандарына жiберiледi. 
      Емтихан билеттерi оқу бағдарламасы ауқымында әскери кафедраларда әзiрленедi және емтихандық комиссиялардың төрағалары бекiтедi. 
      48. Әскери даярлық бойынша бiтiру емтиханын тапсырмаған студенттер офицерлiк құрамға аттестацияланбайды. 
      Әскери даярлық бойынша бiтiру емтиханын қайта тапсыру оқу орнын бiтiргенге дейiн рұқсат етiледi. 
      49. Әскери даярлық бойынша студенттерден бiтiру емтиханын қабылдау үшiн әрбiр жоғары оқу орында емтихан комиссиясы тағайындалады. 
      Студенттердi екi және одан да көп әскери мамандықтар бойынша даярлайтын әскери кафедраларда емтихандық комиссия әрбiр әскери мамандық бойынша шағын комиссияларға бөлiнедi. 
      Әскери комиссия (шағын комиссия) төрағалары болып Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi әскери бөлiмдерiнiң (кемелерiнiң), құрамаларының командирлерi, оқу орталықтары мен әскери оқу орындарының офицерлерi тағайындалады. Әскери (күштерде) студенттерден бiтiру емтихандарын қабылдайтын емтихандық комиссияның (шағын комиссия) төрағалары болып студенттердiң оқу жиындары (тағлымдамалары) өткiзiлетiн бөлiмдердiң (кемелердiң) және құрамалардың командирлерi тағайындалады. Олардың құрамына жоғары әскери немесе жоғары арнайы әскери бiлiмi бар және студенттердi әскери даярлау бағдарына сәйкес келетiн мамандығы бар осы әскери бөлiмдер мен әскери кафедралардың офицерлерi кiредi, бұған қоса осы комиссиялар құрамына жоғары оқу орындарының өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн. 
      Емтихан комиссиясының төрағалары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен тағайындалады. 
      Жоғары оқу орындарында бiтiру емтиханын өткiзу кезiнде әскерлерден (күштерден) тағайындалған емтихан (шағын комиссияның) төрағалары мен мүшелерiне тәулiкақы мен пәтерақы, сондай-ақ барып, қайту жол ақылары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi есебiнен төленедi. 
      50. Бiтiру емтихандары аяқталғаннан кейiн емтихан комиссиясының төрағасы емтихан комиссиясының дербес құрамы, бiтiру емтиханына жiберiлген және әскери даярлық бойынша бiтiру емтиханын нақты тапсырған студенттер саны жайлы, емтихан қорытындылары, студенттердiң әскери даярлық бойынша оқу бағдарламасын меңгерудегi жақсы жақтары мен кемшiлiктерi көрсетiлген қорытынды есеп жасайды, студенттердi әскери оқытудың сапасын арттыру жөнiндегi ұсыныстар енгiзедi. 
      Қорытынды есептер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне ұсынылады. 

  Студенттердi запас бойынша офицерлiк құрам 
әскери атағын беруге аттестациялау 

      51. Әскери даярлықтың толық курсы мен әскерде (Әскери-Теңiз Күштерiнде) оқу жиынын (тағлымдама) өткен және әскери даярлық жөнiнде бiтiру емтихандарын тапсырыс, денсаулығы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде офицерлiк лауазымдарда қызмет етуге жарамды деп танылған студент жiгiттер запастағы офицер әскери атағын беру үшiн аттестацияланады. Запастағы офицер әскери атағын беру үшiн аттестацияланатындар әскери комитеттермен келiсiлген мерзiмдерде медициналық куәландырудан өту үшiн тиiстi әскери-дәрiгерлiк комиссияларға жiберiледi. Медициналық куәландырудан белгiленген мерзiмде өтпеген немесе әскери-дәрiгерлiк комиссиялар әскери қызметке жарамсыз деп танылған студенттер запастағы офицер әскери атағын беру үшiн аттестацияланбайды. 
      Студент-қыздар оқу орнында әскери-медициналық (арнайы) дайындық курсын өткеннен және әскери медициналық (арнайы) дайындық курсы бойынша емтихан тапсырғаннан кейiн запас бойынша офицерлiк құрам әскери атағын беруге аттестацияланады. 
       Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1996.04.15. N 443 қаулысымен. 

  VII. Әскери-патриоттық және бұқаралық-қорғаныс 
жұмыстары 

      52. Әскери кафедралар жоғары оқу орнының қоғамдық ұйымдарымен бiрлесе отырып, студенттерге Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясаттың маңыздылығын түсiндiру және олардың конституциялық парызға адалдығын, қырағылығын, патриоттығы мен интернационалдығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасын қорғауға әзiрлiгi жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және жүргiзедi. 
      53. Әскери кафедралар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмдерiмен, кемелерiмен, әскери оқу орындарымен және әскери комиссариаттармен үнемi байланыста болады, жоғары оқу орындарында бұқаралық-қорғаныс жұмыстарын жүргiзуде қоғамдық ұйымдарға көмек көрсетедi. 

  VIII. Әскери кафедралардың оқу 
материалдық-техникалық базасы 

      54. Оқу бағдарламаларына сәйкес белгiленген әскери мамандықтар бойынша студенттердiң сапалы даярлануын қамтамасыз етуге арналған материалдық және техникалық құралдар, ғимараттар мен құрылыстар кешенi әскери кафедраның оқу материалдық-техникалық базасын құрайды. 
      Оқу материалдық-техникалық база студенттермен барлық оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру мен өткiзудiң материалдық негiзi болып табылады және ол қазiргi ғылым мен техниканың дамуына сәйкес келуi керек. 
      55. Әскери кафедралардың оқу материалдық-техникалық базасына: жаттығу қару-жарақтары мен әскери техника, лабораториялық жабдықтар, оқытудың оқу-жаттығу және басқа оқу техникалық құралдары, аспаптар, көрнектi құралдар, аудиториялар, кластар, лаборатория кабинеттерi, кiтапханалар, оқытушылар бөлмесi, лаборанттық, басқа да оқу және қосымша-оқу үй жайлары, жаттығу жүргiзiлетiн далалар, арнайы оқу-жаттығу кешендерi, жаттығу қалашықтары, әскери алаңдары, тирлер, оқу орталықтары (полигондар) мен жалпы әскери және арнайы даярлық мiндеттерiн жүргiзу және оқу жиындарын өткiзуге арналған басқа да объектiлер, оқу шеберханалары, автомобиль гараждары, ангарлар, шынжыр табанды машиналарға арналған парктер, айлақтар, техникалық қызмет ету пункттерi, әскери техника, қару-жарақтар, аспаптарды, әскери-оқу және басқа мүлiктердi сақтауға арналған қоймалар, оқулықтар мен құралдары жатады. 
      Әскери кафедралардың офицерлiк құрамымен командирлiк даярлық жүргiзу үшiн және студенттермен әскери даярлық бағдарламасында көзделген тактикалық жауынгерлiк мiндеттердi пысықтау үшiн кафедралар қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмдерi мен әскери оқу орындарының далалық оқу базаларын пайдаланады. 
      56. Әскери кафедраны жайғастыру оның жоғары оқу орнының басқа кафедралары мен бөлiмшелерiнен бөлек орналасуын және қолданыстағы әскери жарғылары талаптарына сәйкес iшкi тәртiптi ұйымдастыру мен сақтау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi керек. Әскери кафедраға бөлiнген оқу үй-жайлары оқыту бағдарламасының пәндерi (бөлiмдерi) бойынша жабдықталады және студенттердiң әскери даярлығы бойынша оқу сабақтары мен өз бетiмен орындайтын жұмыстары үшiн пайдаланылуы керек. 
      Әскери даярлық бойынша оқу сабақтарын өткiзуге арналған аудиториялар, лабораториялар және басқа оқу үй-жайлары оқу техникалық құралдарымен, жаттығу қару-жарағы мен әскери техниканың табельдiк үлгiлерiмен, аспаптармен, агрегаттармен және макеттермен жабдықталады. 
      Әскери кафедраға бөлiнген оқу және қосымша оқу үй-жайларының саны мен сыйымдылығы студенттердiң әскери даярлығы бағдарламаларының толық игерiлуiн қамтамасыз етуi керек. 
      57. Әскери кафедраларды әскери жарғылармен, басшылыққа алынатын құжаттармен, тәлiмдемелермен, нұсқаулықтармен, топографиялық және теңiз қарталарымен, оқулықтармен және шетел әдебиетiмен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң үлес органдары тегiн қамтамасыз етедi. 
      Басқа оқу әдебиеттерi, көбейткiш, проекциялық аппараттар және есептеу техникасы (компьютерлер) оқу орнының есебiнен алынады. 
      58. Әскери кафедраларды жаттығу қару-жарағымен, әскери техникамен, әскери оқу мүлкiмен және басқа материалдық құралдармен қамтамасыз ету тәртiбi, сондай-ақ оларды сақтауды, пайдалануды, жөндеу мен есепке алуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi, Бiлiм министрлiгi, қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволар бiрлесiп әзiрлеген нұсқаулықта белгiленедi. 
      59. Әскери кафедраларды жаттығу қару-жарағымен, әскери техникамен, әскери оқу мүлкi және басқа материалдық құралдармен қамтамасыз ету табельдерiн Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi және қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволармен бiрлесе отырып, Қорғаныс министрлiгi әзiрлейдi. 
      60. Студенттермен қару-жарақ, әскери техникамен және жаттығу жүргiзiлетiн далада практикалық оқу сабақтарын жүргiзу үшiн жоғары оқу орындары өздерi бағынатын министрлiктер мен ведомстволардың қорлары және қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң заттай мүлiктермен қамтамасыз ету органдары арқылы арнайы киiм-кешектер алады. 
      Климаттық жағдайларға байланысты арнайы киiм-кешек жинағына: керзi етiктер, пималар, мата күрткелер, мақта кеудеше, кең мақта шалбарлар, техникаға қызмет көрсетуге арналған мақта-мата шалбарлар мен күрткелер, құлақшын-бөркi, пилотка (берет), белдiк, жабық китель және балағы етiкке салынатын мақта-мата шалбарлар, мақта-мата плащ-палаткалар жатады. 
      Жоғары оқу орындары арнайы киiм-кешектi әскери даярлыққа тартылған 10 студентке - 1 жинақ есебiнен 2 жылдық мерзiмге пайдалануға алады. Жоғары оқу орындары әскери даярлықтан кемiнде 250 студент өтiп жатқан әскери кафедраларға 30 арнайы киiм-кешек жинағын алады. 
      61. Әскери кафедралар оқу кино және бейнефильмдерiмен, соның iшiнде құпия, өте құпияларымен, сондай-ақ қысқаша түсiнiктемесi жазылған кинофильмдер каталогтарымен оқу жылы басталғанға дейiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жауынгерлiк даярлық басқармасына жiберiлетiн әскери кафедралардың жылдық өтiнiм-жоспарлары бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң кинопрокат базаларымен қамтамасыз етiледi. Әскери даярлықтан өтiп жатқан студенттерге әскери оқу кинофильмдерiн көрсету, оларды көрсетудiң белгiленген тәртiбiне сәйкес ұйымдастырылады және студенттердi әскери оқыту бағдарламалары көлемiнде жүргiзiледi. Оқу кинофильмдерiн кинопрокат базаларынан әскери кафедраларға жiберу мен қайтарып алу шығындары әскерлердiң жауынгерлiк даярлығына бөлiнген қаржы есебiнен жүргiзiледi. Белгi қойылған кинофильмдер арнайы байланыс (фельдбайланыс) және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң фельдегерлiк почта байланысы мекемелерi арқылы жiберiледi немесе құпия құжаттарды жеткiзу үшiн белгiленген тәртiппен қолма-қол жеткiзiледi. 

  IХ. Әскери кафедралардағы iшкi қызмет пен 
iшкi тәртiп 

      62. Әскери кафедралардағы iшкi қызмет пен iшкi тәртiп әскери кафедраны орналастыру және оқу процесiн ұйымдастыру ерекшелiктерiн ескере отырып, қолданылып жүрген әскери жарғылардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Әскери кафедраның күн тәртiбiн әскери кафедра бастығы әзiрлеп, жоғары оқу орнының ректоры бекiтедi. 
      63. Әскери кафедрада iшкi тәртiптi сақтау үшiн төмендегi құрамда наряд тағайындалады: 
      а) кафедра бойынша офицерлер қатарына тағайындалатын кезекшi; 
      б) кафедра бойынша студенттер қатарынан тағайындалатын күндiзгi кезекшi; 
      в) оқу взводтары бойынша студенттер қатарынан тағайындалатын кезекшiлер; 
      г) парк бойынша кафедраның қосымша-оқу қызметкерлерi қатарынан тағайындалатын кезекшi. 
      Өз мiндеттерiн орындау кезiнде iшкi наряд кафедра бастығы бекiткен, қолданылып жүрген әскери жарғылар мен нұсқаулықтарды басшылыққа алады. 
      Кафедраның орналасу жағдайына, күзеттiң ұйымдастырылуына және жеке құрамның санына байланысты әскери кафедра бастығының бұйрығына сәйкес кафедра және парк бойынша кезекшiлер бiр тәулiкке немесе оқу күнiнен тағайындалады. 

  Х. Әскери кафедралардың қызмет iсiн бақылау 

      64. Әскери кафедралар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрi бекiткен жоспарға сәйкес жан-жақты тексеруден және жұмыстарының жекелеген мәселелерi бойынша тексеруден өтедi. Тексерулер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң комиссияларымен жүргiзiледi. Олардың құрамына қарауында тексерiлетiн жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволардың өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн. 
      Әскери кафедраны жан-жақты тексеру 5 жылда бiр рет жүргiзiледi. Қанағаттанарлықсыз баға алған кафедралар тексеру жүргiзiлген жылдан кейiнгi жылы қайта тексерiледi. 
      Әскери кафедраларды тексерудi жүргiзудiң әдiсi мен оларды нәтижелерi бойынша бағалау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi әзiрлеген және бекiткен арнайы нұсқаулықпен анықталады. 

  ХI. Құпиялылық режимi және құпия iс жүргiзу 

      65. Әскери кафедраларда құпия iс жүргiзу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмi, ұйымдары мен мекемелерi үшiн белгiленген тәртiппен ұйымдастырылады және жүргiзiледi. 
      Құпиялық режимiн сақтаудың қажеттi жағдайларын жасауға жоғары оқу орны ректорлары мен әскери кафедралардың бастықтары жауапкершiлiкте болады. 
      66. Әскери кафедраларда құпия iс жүргiзу мен құпия материалдарды сақтау үшiн құпия бөлiмдер (кiтапханалар) құрылады немесе оқу орындарының құпия бөлiмдерiнен құпия материалдарды сақтауды, есепке алуды және берудi қамтамасыз ету жүктелген арнайы адамдар бөлiнедi. 
      Құпия бөлiмдердiң қызметкерлерi әскери кафедра бастығына, ал құпия iс жүргiзу бойынша - оқу орындарының құпия бөлiмдерi бастықтарына бағынады. 

  ХII. Қызмет бабында хат алысу және 
есептiлiк 

      67. Өз өкiлдiгi негiзiнде әскери кафедра бастығына әскери кафедра бланкiсiнде ресiмделетiн қызмет құжаттарына қол қою құқы берiледi. Әскери кафедра бастықтары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Бiлiм министрлiгi, қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер және ведомстволармен қызмет бабында хат алысуды жүзеге асырады. 
      Әскери кафедраларды мөрлермен, бұрыштама штамптармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмдерi, мекемелерi мен ұйымдары үшiн белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. 
      68. Әскери бөлiмдерде жоғары оқу орындары студенттерiмен оқу жиындарын (тағлымдамаларын) және офицерлiк құраммен тағлымдамаларды өткiзуге байланысты кезектi күнтiзбелiк жылға жасалған жоспарлар (өтiнiмдер) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн ұсынылады. 
      69. Әскери даярлық пен әскери бөлiмдерде студенттердiң оқу жиындарын (тағлымдамаларды) өткiзу жөнiндегi жыл сайынғы баяндамаларды жедел хабарламалар табелiне сәйкес әскери кафедра бастықтары ұсынады. 

  ХIII. Әскери кафедралардың офицерлiк құрамын, 
прапорщиктерiн тиiстi үлес түрлерiмен қамтамасыз ету 

      70. Әскери кафедралардың офицерлiк құрамына (прапорщиктерiне) ақшалай үлестi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң офицерлiк құрамы (прапорщиктерi) адамдары үшiн белгiленген мөлшер және тәртiп бойынша жоғары оқу орындары төлейдi. 
      Әскери кафедраларда әскери қызметiн атқарып жатқан офицерлiк құрамдағы адамдарға (прапорщиктерге), сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне әскери тасымал құжаттары (жүру жолына ақшалай қаражат) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнде әскери тасымалдарды ресiмдеу және олармен есептесу жөнiндегi басшылыққа алынатын құжатқа сәйкес жалпы негiзде берiледi. 
      Оқу орындарының қызметкерлерiне белгiленген тәртiп бойынша әскери кафедраның қосымша оқу қызметкерлерiне еңбек ақыны жоғары оқу орны төлейдi. 
      71. Әскери кафедраларда әскери қызметiн атқарып жатқан офицерлiк құрам, прапорщиктер мен мичмандар, оларды тиiстi заттай үлес түрлерiмен, тұрғын жаймен медициналық және санаторий-курорттық қызметпен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмдерiне, әскери оқу орындары мен мекемелерiне бекiтiледi. 

Жоғары оқу орындары жанындағы        
әскери кафедралар жөнiндегi         
Ереженiң 38-бабына             
1-қосымша                   

       Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.08.12. N 803   қаулысымен

             20_____ жылы әскери бөлiмдерде (кемелерде) 
           студенттердiң оқу жиындарын (тағлымдамаларын)
                      өткiзу жөнiнде берiлетiн
                              Өтiнiм 

     --------------------------------------------------------------------
               !         !           !____________________!
       1       !     2   !     3     !    4    !     5    !   6
--------------------------------------------------------------------
     1. Мамандық атауы
     2. Әскери-есеп мамандығының нөмiрi
     3. Студенттер саны
     Жиындарды (тағылымдамаларды) өткiзудiң мерзiмдерi
     4. Басталуы
     5. Аяқталуы
     6. Студенттермен өткiзiлетiн жиындарға (тағлымдамаларға)
        жiберiлетiн оқытушылар саны

     Барлығы:
     Ректор                                         (қолы)
     Әскери кафедра бастығы                         (қолы) 

            Бекiтемiн                Жоғары оқу орындары жанындағы
    Қазақстан Республикасының        әскери кафедралар жөнiндегi
Қарулы Күштерi Бас штабының бастығы       Ереженiң 38-бабына
    "_____" ____________199___ж.               2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.08.12. N 803   қаулысымен .

  20____ жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлiгiнiң әскери бөлiмдерiнде жоғары оқу орындары
студенттерiнiң оқу жиындарын (тағлымдамаларын) өткiзу
жөнiндегi
Жоспар

--------------------------------------------------------------------
    !       !      !     !      !      !      !____________!
1  !   2   !   3  !  4  !   5  !   6  !   7  ! 8 ! 9 ! 10 !   11
--------------------------------------------------------------------
     1. Р/с NN
     2. Оқу орнының атауы
     3. Жиындарды өткiзу орны
     4. Жиындарды өткiзуге жауапты адам
     5. Жиындардың (дайындықтың) түрi
     6. Әскери-есеп мамандығының аты
     7. Студенттер саны
                   Өткiзiлу мерзiмi
     8. Басталуы
     9. Аяқталуы
     10. Ұзақтығы
     11. Студенттермен жiберiлетiн оқытушылар саны 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң
запастағы офицерлердi даярлауға жауапты
құрылымдық бөлiмшесiнiң бастығы

                                 "______" ________________199____жыл

Қазақстан Республикасы      
Министрлер Кабинетiнiң      
1994 жылғы 3 қазандағы      
N 1094 қаулысымен        
Бекiтiлген             

  Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) 
запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша 
әскери даярлау туралы 
Ереже 

      1. Күндiзгi (күндiзгi оқу) жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң тәртiптемесi бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi үшiн запастағы офицерлердi даярлау мақсатында ұйымдастырылады. <*>
      Бұдан былай: жоғары оқу орындарының студенттерiн 
         (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша 
         (әскери даярлау - "әскери даярлық", жоғары оқу орындарының 
         студенттерi (курсанттары) - "студенттер", жоғары оқу 
         орындары - "жоғары оқу орындары" деп аталады.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.08.12. N 803   қаулысымен
      2. Әскери даярлық Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң, қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволардың келiсiмi бойынша Қорғаныс министрлiгiнiң ұсынуымен тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда жүргiзiледi. 
      Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер даярлауды жүзеге асыру бойынша студенттердi әскерге даярлау бағдарын (әскери есептегi мамандықтардың аты) сол жоғары оқу орны бағынатын Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен, министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып Қорғаныс министрлiгi белгiлейдi. 
      3. Жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда әскери даярлық, әдетте екiншi немесе үшiншi курстардан басталады және бiтiрер жылдың алдыңғы курсында әскери бөлiмдерде оқу жиындарымен (тағылымдамамен) аяқталады. 
      Әскери даярлық оқу түрлерiнiң бiрi болып табылады және дербес оқу пәнi ретiнде жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгiзiледi. 
      Дәрiгерлер мен запастағы медициналық қызметтiң провизор-офицерлерiнiң (қатардағы жауынгерлер мен сержанттардың) әскери-медициналық бiлiктiлiгiн арттыру, оларды мамандандыру (жетiлдiру) кезiнде ұзақтығы 1,5 ай немесе одан көп мерзiмдiк барлық циклдарда (ақы төлеп оқуды қоса) жүргiзiледi. 
      Жоғары оқу орны жанындағы әскери кафедрада әскери даярлықтың басталуы мен аяқталуының нақты мерзiмдерi оқу жоспарымен анықталады. 
      4. Әскери даярлыққа жасы 27 жасқа дейiнгi, әскери қызметке жарамды студенттер, ал Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi белгiлейтiн бiрқатар әскери-есеп мамандықтары бойынша студент-қыздар да тартылады. 
      Студенттердiң әскери қызметке жарамдылығы әскери даярлықтың басталуы алдында оларды әскери-дәрiгерлiк комиссияның медициналық жағынан куәландыру қорытындылары бойынша, сондай-ақ әскердегi оқу жиындары (тағылымдама) басталар алдында анықталады. <*>
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.08.12. N 803   қаулысымен .
      5. Жоғары оқу орындары жанындағы әскери даярлықты қамтамасыз ету үшiн әскери кафедралар мен циклдер құрылады. 
      Бұдан былай "әскери кафедра" деп аталады. 
      Әскери даярлықты ұйымдастыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережемен анықталады. 
      6. Әскери даярлыққа басшылықта Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен, қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер және ведомстволармен бiрлесе отырып жүргiзiледi. 
      7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне: 
      а) Жоғары оқу орындарының студенттерi запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярланатын әскери мамандықтарды Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi келiсiмiмен белгiлеу; оқу жиындарының (тағылымдаманың) жүргiзiлу мерзiмiн анықтау; 
      ә) Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен (қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер және ведомстволармен) бiрлесе отырып, алынатын азаматтық мамандықтарын ескере отырып, әскери даярлық бағдарламаларын, әскери даярлықты қамтамасыз етуге қажеттi қару-жарақтың, әскери-техникалардың, әскери-оқу және басқа да мүлiктердiң табельдерiн әзiрлеу мен бекiту, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң әскери кафедрасынан басқасы; 
      б) әскери бөлiмдерде студенттердiң оқу жиындарын (тағылымдама) ұйымдастыру мен жүргiзу, жоғары оқу орындары жанынан әскери даярлық үшiн қажеттi оқу материалдық техникалық базаны құру; 
      в) әскери даярлық бойынша бiтiру емтихандарын қабылдайтын арнаулы емтихан комиссиялар құру; оларды жүргiзудi ұйымдастыру; 
      г) әскери даярлықты, әскери кафедраларда құпиялылық режимi мен мемлекеттiк және әскери құпияларды сақтауды бақылау; 
      д) әскери кафедралардың оқу, әдiстемелiк және ғылыми-зерттеу жұмыстары және профессор-оқытушы құрамының бiлiктiлiгiн арттыру, соның iшiнде жоғары оқу орындарының адъюнктурасында оқытушылар үшiн орын бөлу мәселелерi жөнiндегi iсiне басшылық жасау; 
      е) жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда офицерлер, прапорщиктер үшiн штаттық-лауазымдық санаттарды белгiлеу және Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен, қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, әскери кафедралардың штаттық кестелерiн қарап, бекiту; 
      ж) <*>
      з) әскери кафедраларды жаттығу қару-жарағымен, оқ-дәрiмен, әскери техникамен, автомобиль көлiгiмен, оқу-жаттығу құралдарымен; әскери техникаға қажеттi аспаптармен, аппаратуралармен, құралдармен, қосымша бөлшектермен, сондай-ақ әскери жарғылармен, қажеттi тәлiмдемелермен, нұсқаулықтармен, топографиялық және теңiз карталарымен, әскери даярлық жөнiндегi оқулықтармен және шетел әдебиеттерiмен қамтамасыз ету, жанар жағар май және басқа материалдарға лимиттер бөлу; 
      Әскери кафедраларды қару-жарақтың, әскери техниканың, аппаратуралардың, аспаптардың құпия және өте құпия үлгiлерiмен және оларға қажеттi әдебиеттермен, сондай-ақ оларға тиiстi жарғылармен, тәлiмдемелермен, нұсқаулықтармен, оқулықтар және шетел әдебиеттерiмен қамтамасыз ету белгiленген құпиялылық режимiн сақтау негiзiнде әскери даярлық бағдарламасы ауқымында жүргiзiледi; 
      и) әскери кафедралардың қару-жарағын, әскери техникасы мен автомобиль көлiгiн орташа және күрделi жөндеу, жинау, (бөлшектеу) мен жөндеу (түзеу) жүргiзу жүктеледi. 
      Әскери кафедраларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етудi, сондай-ақ осы тармақта көзделген жұмыстарды жүргiзудi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi тегiн жүргiзедi. 
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1996.04.15. N 443, 1998.08.26. N  802   қаулыларымен .  
      8. Бiлiм министрлiгiне, қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволарға: 
      а) бекiтiлген бағдарламаларға және белгiленген әскери мамандықтарға сәйкес жоғары оқу орындары жандарынан әскери даярлықты ұйымдастыру; 
      ә) оқу жоспарларында әскери даярлықтан өту тәртiбiн анықтау және осы Ереженiң 11-12-тармақтарына сәйкес соған қажеттi оқу уақытын белгiлеу; 
      б) жоғары оқу орындарында қару-жарақпен, әскери техникамен, әдебиетпен жұмыс iстеу және әскери даярлықты жүргiзу кезiнде мемлекеттiк және әскери құпияларды сақтау үшiн белгiленген талаптарға сәйкес әскери кафедраларды орналастыру мен ұстауды қамтамасыз ететiн жағдайларды жасау; 
      в) жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнен алынатын техника, қару-жарақ, жабдықтар мен әдебиеттен басқаны қоспағанда, қажеттi оқу материалдық-техникалық базаны ұйымдастыру мен ұстау; 
      г) ведомстволық бағыныстылықтағы жоғары оқу орындары әскери кафедраларының штаттық кестелерiн Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп қарау және бекiту; 
      д) әскери кафедралардың штат кестесiн Қорғаныс министрлiгiнiң келiсуi бойынша қарау және бекiту. 
       Ескерту. 8-тармақтың "д"-тармақшасы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1996.04.15. N 443 қаулысымен. 
      9. Қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволарда әскери даярлыққа басшылық жасау үшiн жеке бөлiмдер, топтар ұйымдастырылады немесе әскери даярлықты ұйымдастыруға жауапты адамдардың штаттық лауазымдары белгiленедi. 
      Әскери даярлықты ұйымдастыруға жауапты лауазымдар жоғары әскери немесе жоғары әскери арнаулы бiлiмi бар запастағы офицерлермен алмастырылады. 
      10. Жоғары оқу орны жанында әскери даярлықты ұйымдастыруға, ол үшiн қажеттi оқу материалдық-техникалық базаны жасауға, қару-жарақ пен әскери техниканы сақтауды қамтамасыз етуге, құпиялылық режимiн қатаң ұстауға жоғары оқу орындарының ректорлары тiкелей жауапты. 
      Жоғары оқу орнының ректорына: 
      а) жоғары оқу орны жанындағы әскери кафедрада (оқу кезеңiнде) әскери даярлық үшiн қажеттi оқу сағаттарының санын, әскери бөлiмдерде студенттердiң оқу жиындарын (тағылымдамаларын) жүргiзу үшiн уақытты (каникул кезiнде), сондай-ақ емтихандарды, сынақшаларды қабылдау мен оларға дайындау үшiн қажеттi уақытты бөлу; 
      ә) әскери кафедраның штат кестесiнiң жобасын әзiрлеу және әскери даярлықты жүргiзу мен әскери техникаға қызмет көрсету үшiн оған қажеттi басшы, профессор-оқытушы құрамын, инженерлiк-техникалық және қосымша оқу қызметкерлер санын бөлу; 
      б) әскери кафедралар туралы Ережеге сәйкес әскери даярлықты ұйымдастыру мен жүргiзудiң нысандары мен әдiстерiн анықтау; 
      в) әскери кафедраның өз алдына жеке орналастырылуын қамтамасыз ету, оқу бағдарламасына сәйкес оқу сабақтарын жүргiзу үшiн қажеттi оқу және қызметтiк үй-жайларды, объектiлердi бөлу, оларды ұстау мен жөндеу; 
      г) студенттердiң әскери пәндердi басқа кафедраларда оқытатын пәндермен тығыз байланыста оқуын ұйымдастыруда әскери кафедраға оқу-әдiстемелiк жағынан көмек көрсету; 
      д) әскери кафедраларда әзiрлiктiң әдiстемелiк оқу-құралдарының басып шығарылуын қамтамасыз ету; 
      е) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi қаржыландыратын қызмет түрлерiнен басқа, оқу бағдарламаларында көзделген әскери кафедра қызметiнiң барлық түрлерiне ақшалай қаражат бөлу; 
      ж) пайдаланудың, сақтаудың және қамтамасыз етудiң белгiленген талаптарына сәйкес әскери техника мен қару-жарақты ұқыпты сақтауды ұйымдастыру; 
      з) әскери кафедра жұмысының жылдық жоспарын бекiту; 
      и) жоғары оқу орнының ректорат немесе ғылыми кеңес мәжiлiсiнде әскери даярлық жағдайын талқылау; 
      к) жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережеге сәйкес әскери кафедраның офицерлiк құрамдағы адамдарын тiкелей өз қызметiнде пайдалану жүктеледi. 
      Әскери кафедра бастығының ұсынуы бойынша жоғары оқу орнының ректоры әскери кафедра қызметшiлерiн оқу, әдiстемелiк, ғылыми-зерттеушiлiк және қоғамдық жұмыстардағы жоғары көрсеткiштерi үшiн ынталандыра алады. 
      Жоғары оқу орнының ректоры әскери кафедра қызметшiлерiнiң оқу жұмысындағы кемшiлiктерi үшiн, оларды тәртiптiк жазаға тарту немесе әскери кафедрадан шығару жөнiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң тиiстi органдары алдында өтiнiш жасай алады. 
      11. Жоғары оқу орнындағы әскери даярлыққа оқытушылар басшылығымен жүргiзiлетiн мiндеттi оқу сабақтарының кемiнде 450 сағаты бөлiнедi. Әскери даярлыққа бөлiнген нақты сағаттар санымен оларды оқу сабақтарының түрлерi бойынша бөлу әскери мамандықтарға, жоғары оқу орнының типiне және студенттер құрамына байланысты әскери даярлық Бағдарламасымен белгiленедi. 
      Оқытушының басшылығымен өтетiн мiндеттi оқу сабақтарының мөлшерi күнiне 6 сағаттан аспауы керек. Студенттердiң өз бетiмен орындайтын жұмысы үшiн қажеттi уақыт, әскери даярлық күндерiнде оқу күнiнiң 8 сағаты шегiнде жоспарланады. 
      12. Студенттердiң әскери бөлiмдердегi оқу жиындарын (тағылымдамаларын) әскери даярлықтың соңғы кезеңiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi ұйымдастырады және олар әдетте, оқытудың соңғы курсы алдында каникул кезiнде жүргiзiледi. 
      Студенттердiң әскери бөлiмдердегi барлық әскери мамандықтар бойынша оқу жиындарының (тағылымдамаларының) ұзақтығын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi белгiлейдi және ол 30 күннен аспауы керек ("Штурмандық авиация" мамандығынан басқа). 
      "Штурмандық авиация" әскери мамандығы бойынша ұшу тағылымдамасының ұзақтығы - 76 күн, соның iшiнде - 30 күн, бiтiрер жылдың алдындағы курс бiткеннен кейiн каникул уақытында және 45 күн дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғаудан кейiн болады. 
      Әскери бөлiмдерде оқу жиындарының (тағылымдамалары) өту кезiнде студенттер Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңында белгiленген мiндеттердi орындайды және жауапкершiлiкте болады. Студенттер оқу жиындарын (тағылымдамаларды) өту кезеңiнде "курсанттар" деп аталады. 
      Оқу жиындары (тағылымдамалар) кезiнде студенттерге стипендияны белгiленген тәртiп бойынша жоғары оқу орындары төлейдi. 
      Әскери бөлiмдердегi оқу жиындарынан (тағылымдамалардан) денсаулық жағдайы бойынша әскери-дәрiгерлiк комиссиялар оқу жиындарынан (тағылымдамалардан) өтуге жарамсыз деп таныған студенттер босатылады. Осыған байланысты олар жоғары оқу орнында әскери даярлық жөнiндегi емтихандарды тапсырудан босатылады және запастағы офицерлер құрамына аттестацияланбайды. 
      13. Әскери даярлық кезеңiнде студенттер сынақшалар мен емтихандар тапсырады. Әскери даярлықтың барлық бағдарламасымен оқу жиындарынан (тағылымдамадан) өткен студенттер, әскери бөлiмдерде немесе жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда жүргiзiлетiн және арнаулы емтихан комиссияларымен қабылданатын бiтiру емтихандарын тапсырады. 
      Студенттердiң әскери даярлық бойынша емтихандардағы алған бағалары басқа пәндер бойынша алған бағаларымен бiрдей деп есептелiнедi. 
      Дәлелсiз себептермен әскери даярлық жөнiндегi сабақтарға үнемi қатыспайтын, әскери бөлiмдерде оқу жиындарынан өтуден жалтарған немесе әскери кафедралардағы оқу кезiнде, оқу жиындары (тағылымдама) кезiнде тәртiп бұзған студенттер, әскери кафедралар бастықтарының ұсынуы бойынша жоғары оқу орындарының ректорларының бұйрығымен әскери даярлық жөнiндегi сабақтардан шеттетiледi. 
      14. Әскери даярлық бойынша емтихандарды тапсырған және запастағы офицерлiк құрамға аттестацияланған студенттерге белгiленген тәртiп бойынша запастағы офицердiң әскери атағы берiледi. Әскери атақтарды беру студенттердiң жоғары оқу орнын бітiру кезеңiнде ұштастырылады. 
      15. Әскери кафедралардың бастықтары мен олардың отбасылары, оқу бөлiмдерiнiң бастықтары - әскери кафедралардың бастықтарының орынбасарларды, циклдер бастықтары - аға оқытушылар лауазымдарына сондай-ақ әскери кафедралардың аға оқытушылары мен оқытушылары лауазымына әскери қызмет атқарып жатқан жоғары әскери немесе жоғары арнаулы бiлiмi бар, кейбiр жағдайда, жоғары бiлiмi бар және оқытушылық жұмысқа бейiмi бар офицерлер тағайындалады. Аталған лауазымдар бiрiншi кезекте ғылыми атақтары бар әскери қызметшiлермен жасақталады. 
      Әскери кафедралардың профессор-оқытушы құрамының штаттық лауазымдары, оларды кадрдағы офицерлермен жасақтау мүмкiншiлiгi болмағанда жоғарыда аталған талаптарға сай келетiн запастағы офицерлермен алмастырыла алынады. 
      Профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына запастағы офицерлердi әскери кафедралар бастықтарының ұсынуы бойынша жоғары оқу орындарының ректорлары тағайындайды. 
      Әскери кафедра бастығы орынбасарының лауазымы профессор-оқытушы құрамының жалпы саны 20 не одан көп адамдары бар, әр түрлi әскер тектерiнiң әскери даярлықты екi немесе одан артық әскери-есеп мамандықтары бойынша жүргiзетiн кафедраларда белгiленедi. 
       Ескерту. 15-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Үкіметінің 1996.04.15. N 443 қаулысымен. 
      16. Әскери кафедралардың штаттық лауазымдарына әскери қызметшiлердi тағайындау мен оларды алмастыруды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жүргiзедi. Әскери кафедралардың бастықтары, олардың орынбасарлары, оқу бөлiмдерi бастықтары - әскери кафедралардың бастықтарының орынбасарлары лауазымдарына iрiктелген кандидатуралар жоғары оқу орындарының ректорларымен, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен және қарауында жоғары оқу орындары бар Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарымен, одан басқа лауазымдарға - тиiстi жоғары оқу орындарының ректорларымен келiсiледi. 
      Әскери кафедралардың офицерлiк құрамдағы адамдарын әскери қызметтен босату қолданылып жүрген заңдарға белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 
      17. Әскери кафедралардың штаттық лауазымдарына тағайындалған офицерлер мен прапорщиктер әскери қызмет атқарады және оларға әскери қызметшiлер үшiн белгiленген барлық құқықтар, артықшылықтар мен жеңiлдiктер сақталады. 
      Олар заттай мүлiкпен, арнаулы техникалық киiм-кешекпен, тұрғын жаймен, медициналық көмек және санаторлық-курорттық емделумен сондай-ақ офицерлермен және прапорщиктермен бiрдей Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң сметалары және қорлары есебiнен жалпы негiзде заттай үлестiң барлық түрлерiмен қамтамасыз етiледi. 
       Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1998.08.26. N 802  қаулысымен , 1999.09.01. N 1282   қаулысымен , 2001.02.06. N 195  қаулысымен , 2001.08.27. N 1109  қаулысымен ,
2001.11.06. N 1403  қаулысымен , 2003.08.12. N 803   қаулысымен .  

      18. Жоғары оқу орындары әскери кафедраларының оқытушылар құрамы қатарындағы әскери қызметшiлерiне профессор және доценттiк ғылыми атақтарды беру Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның Төралқасы 1993 жылы 7 сәуiрде бекiткен ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру тәртiбi туралы Ережеге сәйкес жүргiзiледi. 
      Мұндай жағдайда: 
      а) профессор ғылыми атағын беруге әскери кафедралардың бастықтары, олардың орынбасарлары, циклдердiң бастықтары - аға оқытушылар лауазымына тағайындалған ғылым докторлары ұсынылуы мүмкiн; 
      ә) доцент ғылыми атағын беруге әскери кафедралардың бастықтары - әскери кафедралар бастықтарының орынбасарлары, циклдер бастықтары - аға оқытушылар және аға оқытушылар лауазымына тағайындалған ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары ұсынылуы мүмкiн. 
      Профессор ғылыми атағын беруге ерекшелiк ретiнде егер ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру тәртiбi туралы Ереженiң талаптарына сай келген жағдайларда ғылым кандидаты дәрежесi бар әскери кафедралардың бастықтары, доцент ғылыми атағын беруге - ғылыми атағы жоқ, жоғары бiлiмi бар әскери кафедралардың бастықтары, олардың орынбасарлары, оқу бөлiмдерiнiң бастықтары - әскери кафедралар бастықтарының орынбасарлары, циклдердiң бастықтары - аға оқытушылар лауазымына тағайындалған адамдар ұсынылуы мүмкiн. 
      19. Жоғары оқу орындарына әскери даярлық үшiн бөлiнген қару-жарақты, әскери техника мен мүлiктi, сондай-ақ құпия бөлiмдер мен кiтапханаларды күзету үшiн, қарауына жоғары оқу орындары бар Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының қаржысы есебiнен ведомстводан тыс күзет ұйымдастырылады. 

Қазақстан Республикасы          
Министрлер Кабинетiнiң          
1994 жылғы 3 қазандағы          
N 1094 қаулысымен            
Бекiтiлген                

  Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша
студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы
белгiленген жоғары оқу орындарының
Тiзбесi

Университеттер

     Әл-Фараби атындағы Қазақстан мемлекеттiк ұлттық университетi,
     Алматы қаласы
     Қазақ ұлттық техникалық университетi, Алматы қаласы
     Қазақ мемлекеттiк аграрлық университетi, Алматы қаласы
     С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттiк медициналық
     университетi, Алматы қаласы  
     Қазақ мемлекеттiк заң университетi, Алматы қаласы 
     С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетi
     Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетi
     С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi
     Оңтүстiк Қазақстан техникалық университетi, Шымкент қаласы
     Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетi
     Солтүстiк Қазақстан университетi, Петропавл қаласы
     Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi
     Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қызылорда қаласы 
     Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қаласы 
     Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Орал қаласы <*>
     Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттiк халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университеті, Алматы қаласы 
     Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны", Астана қаласы 
     М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттiк университетi      

Медициналық академиялар

      Ақмола мемлекеттiк медициналық академиясы
     Ақтөбе мемлекеттiк медициналық академиясы
     Қарағанды мемлекеттiк медициналық академиясы
     Семей мемлекеттiк медициналық академиясы
     Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы, Шымкент қаласы                   

Институттар

     Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институты, Тараз қаласы
     Қарағанды металлургия институты, Темiртау қаласы                    

Басқа оқу орындары

     Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Кеңестер Одағының екi мәрте Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе әскери      авиациялық училищесi
     Азаматтық авиация академиясы, Алматы қаласы
     Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы" 
     республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Алматы қаласы 
      Ескерту. Тiзбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1997.04.23. N  638 ,   1997.11.06.  N  1500 , өзгерту енгізілді - 1998.03.02. N  160 , 1998.03.24. N  256 , 1998.08.26. N  802 , 1999.09.01. N  1282 ,   1999.09.07. N  1319 , 2000.06.26. N  943 , 2000.08.12. N  1249 , 2001.02.06. N  195 , 2001.08.27. N  1109 , 2001.11.06. N  1403 , Тізбе өзгерді - 2004.05.17. N  551 қаулыларымен.