Қазақстан Республикасында бекiре балықтары түрлерiнiң уылдырығы саудасын ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 493 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 825 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2003 N 825 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Бекiре балықтары түрлерiнiң уылдырығы саудасын реттеу, Қазақстан Республикасының аумағында оның заңсыз айналымын болдырмау мақсатында және "Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасында бекiре балықтары түрлерiнiң уылдырығын iшкi және сыртқы рыноктарда сату үшiн таңбалаудың бiрыңғай жүйесi белгiленсiн. <*>
       Ескерту. Тақырыбы мен 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.12 N 757 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, Қазақстан Республикасында бекiре балықтары түрлерiнiң уылдырығын iшкi және сыртқы рыноктарда сату үшiн таңбалау ережесiн әзiрлесiн және бекiтсiн. <*>
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.12. N 757 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі