Бекiре балықтары түрлерiнiң уылдырығы саудасын реттеу, Қазақстан Республикасының аумағында оның заңсыз айналымын болдырмау мақсатында және "Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн бекiре балықтары түрлерiнiң уылдырығын iшкi және сыртқы рыноктарда сату үшiн таңбалаудың бiрыңғай жүйесi белгiленсiн.