Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 238 қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.28 N 655 Қаулысымен.

      "Автомобиль көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегi  Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнiң және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттарының тiзбесi бекiтілсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.28 N 655 Қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттiк бақылау жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегі N 1358  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 38-39, 451-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақтың 3) тармақшасында:
      "бiрлескен бақылау-өткізу бекеттерiн" деген сөздер "посттарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "мен Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментiнiң" деген сөздер алынып тасталсын.

      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы автомобильдік өткізу бекеттерiнің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1556  қаулысы ;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1556 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қарашадағы N 1251  қаулысы .

      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнiң тiзбесi туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен мүдделi шетел мемлекеттерi өкiлдiктерінің назарына жеткiзсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 27 ақпандағы 
N 238 қаулысымен    
бекiтілген       

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы
арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және
Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық
көлiктiк бақылау посттарының тiзбесi

      Ескерту. Тізбенің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.28 N 655 Қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері
      Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері:
      көп жақты қатынас үшін ашық:
      Қорғас               Алматы облысы
      Достық               Алматы облысы
      Қалжат               Алматы облысы
      Бақты                Шығыс Қазақстан облысы
      Майқапшағай          Шығыс Қазақстан облысы
      Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері:
      көп жақты қатынас үшін ашық:
      Құрманғазы           Атырау облысы
      Тасқала              Батыс Қазақстан облысы
      Сырым                Батыс Қазақстан облысы
      Ақсай                Батыс Қазақстан облысы
      Әлімбет              Ақтөбе облысы
      Жайсан               Ақтөбе облысы
      Қайрақ               Қостанай облысы
      Ақбалшық             Қостанай облысы
      Жаңа Жол             Солтүстік Қазақстан облысы
      Қарақоға             Солтүстік Қазақстан облысы
      Қызыл Жар            Солтүстік Қазақстан облысы
      Үрлітөбе             Павлодар облысы
      Қосақ                Павлодар облысы
      Шарбақты             Павлодар облысы
      Ауыл                 Шығыс Қазақстан облысы
      Үбе                  Шығыс Қазақстан облысы
      Жезкент              Шығыс Қазақстан облысы
      екі жақты қатынас үшін ашық:
      Жәнібек              Батыс Қазақстан облысы
      Орда                 Батыс Қазақстан облысы
      Шаған                Батыс Қазақстан облысы
      Қарашатау            Ақтөбе облысы
      Қондыбай             Қостанай облысы
      Желқуар              Қостанай облысы
      Аят                  Қостанай облысы
      Обаған               Қостанай облысы
      Бидайық              Солтүстік Қазақстан облысы
      Амангелді            Павлодар облысы
      Найза                Павлодар облысы
      Байтанат             Шығыс Қазақстан облысы
      Қоянбай              Шығыс Қазақстан облысы
      Құпия.
      Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік халықаралық өткізу пункттері:
      көп жақты қатынас үшін ашық:
      Тәжен               Маңғыстау облысы
      Жібек Жолы          Оңтүстік Қазақстан облысы
      Б. Қонысбаев        Оңтүстік Қазақстан облысы
      Қапланбек           Оңтүстік Қазақстан облысы
      Қазығұрт            Оңтүстік Қазақстан облысы
      (құпия)
      екі жақты қатынас үшін ашық:
      Атамекен            Оңтүстік Қазақстан облысы
      Қазақстан Республикасының Түрікменстанмен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері:
      көп жақты қатынас үшін ашық:
      Темірбаба           Маңғыстау облысы
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
2010.06.28 N 655 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.24 № 1082 Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттары

Р/с

Посттың атауы

Облыстың немесе қаланың атауы

Автожолдың атауы

1

2

3

4

1.

Бурабай

Ақмола

Астана - Петропавл, 253 км

2.

Еркін

Алматы

Алматы - Өскемен, 270 км

3.

Нұрлы

Алматы

Алматы - Қорғас, 124 км

4.

Қарабұтақ

Ақтөбе

Самара - Шымкент, 965 км

5.

Қобда

Ақтөбе

Орал - Ақтөбе, 618 км

6.

Алға

Ақтөбе

Ақтөбе - Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы, 42 км

7.

Атырау

Атырау

Орал - Атырау, 487 км

8.

Доссор

Атырау

Ақтөбе — Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы, 513 км

9.

Семей

Шығыс Қазақстан

Омбы - Майқапшағай, 757 км

10.

Аягөз

Шығыс Қазақстан

Алматы - Өскемен, 768 км

11.

Өскемен

Шығыс Қазақстан

Алматы - Өскемен, 1072 км

12.

Қордай-1

Жамбыл

Алматы - Ташкент, 216 км

13.

Шығанақ

Жамбыл

Екатеринбург — Алматы, 2061 км

14.

Ақжайық

Батыс Қазақстан

Орал - Атырау, 126 км

15.

Орал

Батыс Қазақстан

Самара - Шымкент, оның ішінде өтпелі көпір 0 - 16 км, Орал өзені арқылы өтпелі көпір 12 км

16.

Молодежный

Қарағанды

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1066 км

17.

Заречный

Қарағанды

Екатеринбург - Алматы, 1498 км

18.

Жезқазған

Қарағанды

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 426 км

19.

Әулиекөл

Қостанай

Қостанай - Әулиекөл - Сурған, 106 км

20.

Денисовский

Қостанай

Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный - Қостанай, 388 км

21.

Қарабалық

Қостанай

РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, 422 км

22.

Ақтай

Қызылорда

Қызылорда - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 10 км

23.

Жаңақорған

Қызылорда

Самара - Шымкент, 1996 км

24.

Қоқыт Ата

Қызылорда

Самара - Шымкент, 1634 км

25.

Жетібай

Маңғыстау

Ақтау - Жетібай - Жаңаөзен - Түрікменстан Республикасының шекарасы, 82 км

26.

Бейнеу

Маңғыстау

Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай - Өтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау порты, 844 км

27.

Ленинский

Павлодар

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1364 км

28.

Мичурино

Павлодар

Омбы - Майқапшағай, 387 км

29.

Жаңа - тас

Солтүстік Қазақстан

Жезқазған - Петропавл, 946 км

30.

Мамлютка

Солтүстік Қазақстан

Челябинск - Новосибирск, 496 км

31.

Қызыл Ту

Оңтүстік Қазақстан

Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас, 46 км

32.

Шақпақ - Баба

Оңтүстік Қазақстан

Алматы - Ташкент, 594 км

33.

Қызыл Жар

Астана қаласы

Екатеринбург - Алматы, 1281 км

34.

Қоянды

Астана қаласы

Астана - Ерейментау - Шідерті, 21 км

35.

Қосшы

Астана қаласы

Астана - Киевка - Теміртау, 20 км

       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.11.05 N 1164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.