Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 655 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2012.02.22 N 65 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Сайрам ауданы ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Сайрам аудандық мәслихатының 2008 жылғы 7 тамыздағы № 9-111/ІV «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 14-10-100 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 26 қыркүйектегі «Мәртөбе» газетінің № 49 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Сессия төрағасы                            С.Абдуллаев
      Аудандық мәслихатының хатшысы              Т.Төлендиев