Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы N 74 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығын және Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200  жылғы "   "   N қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.29. N 1400 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Мыналар:
      1) базалық лауазымдық жалақы 10890 теңге мөлшерінде;
      2) түзету коэффициенті 3,62 мөлшерінде белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.29 N 409 (2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.20 N 1229 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.24 N 1257 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қаулыны іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі