Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы N 74 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығын және Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200  жылғы "   "   N қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.29 N 1400((2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      1. Мыналар:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.02.17 № 150 (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      1) базалық лауазымдық жалақы 13613 теңге мөлшерінде;
      2) түзету коэффициенті 3,62 мөлшерінде белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.29 N 409 (2005.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.20 N 1229 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.24 N 1257 (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.30 № 244 (2010.04.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қаулыны іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі