Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы N 74 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығын  және "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Мыналар:
      1) базалық лауазымдық жалақы 6600 теңге мөлшерінде;
      2) түзету коэффициенті 2,78 мөлшерінде белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қаулыны іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі