Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 1273 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 434-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      "Іс-шара" деген бағандағы реттiк нөмiрi 52-жолда "Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы" деген сөздер алынып тасталсын және "Қазақстан Республикасы Заңының жобаларын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Заңының жобасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында:
      реттiк нөмiрi 47-жол алынып тасталсын;
      3)  күші жойылды .
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.31.  N 222  қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі