Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 434-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
"Іс-шара" деген бағандағы реттiк нөмiрi 52-жолда "Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы" деген сөздер алынып тасталсын және "Қазақстан Республикасы Заңының жобаларын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Заңының жобасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117
қаулысында
:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында:
реттiк нөмiрi 47-жол алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903
қаулысында
:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
"7. Мемлекеттiк реттеу" деген бөлiмде:
"7.5. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану" деген бөлімшедегі реттік нөмірі 7.5.9-жолдың 5-бағанында "2003" деген сандар "2004" сандармен ауыстырылсын.