Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1210 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 434-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      реттiк нөмiрi 19-жолында:
      "Жауапты орындаушылар" деген бағанда "МАКМ" аббревиатурасы "Ақпаратминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Орындау мерзiмi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2004 жылғы I тоқсан";
      реттiк нөмiрi 41-жол алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында:
      реттiк нөмiрлерi 46-1, 46-2-жолдар алынып тасталсын;
      3)  күші жойылды .
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.31.  N 222  қаулысымен.
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі