Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1210 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 434-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      реттiк нөмiрi 19-жолында:
      "Жауапты орындаушылар" деген бағанда "МАКМ" аббревиатурасы "Ақпаратминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Орындау мерзiмi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2004 жылғы I тоқсан";
      реттiк нөмiрi 41-жол алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында:
      реттiк нөмiрлерi 46-1, 46-2-жолдар алынып тасталсын;
      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      "11. Iшкi саяси тұрақтылық және қоғамды топтастыру" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 11.1., 11.2.-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 11.6.-жолмен толықтырылсын:
"11.6."Мемлекеттiк      Қазақстан      Ақпаратминi,    2004 жылғы
      әлеуметтiк        Республикасы   ОӘIҰК (келiсiм  IV тоқсан".
      тапсырыс туралы"  Заңының        бойынша)      
      Қазақстан         жобасы
      Республикасы
      Заңының жобасын
      әзiрлеу

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі