Қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 21 қарашадағы
N 1165 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбiр шешiмдеріне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдауды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары және бiлiктiлiк талаптары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 желтоқсандағы N 1621
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 52, 506-құжат):
тақырыбындағы және мәтініндегi "жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдауды", "жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдаумен" деген сөздер "автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдауды, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауды", "автомобиль көлiгімен қауiптi жүктердi тасымалдаумен, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдаумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi халықаралық тасымалдауды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы ережеде:
тақырыбындағы және мәтініндегi "автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi халықаралық тасымалдауды", "автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi халықаралық тасымалдау" деген сөздер "автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдауды, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауды", "автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдау" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай мазмұндағы з) және и) тармақшалармен толықтырылсын:
"з) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін міндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi;
и) жүргiзушiнің қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерi және жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегi арнайы оқу орталықтарында оқу оқығанын растайтын құжаттар.";
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдаумен айналысатын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:
тақырыбындағы және мәтініндегi "жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдаумен", "Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi халықаралық тасымалдаумен" деген сөздер "автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдаумен, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдаумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзац "ережелерiнiң" деген сөзден кейiн "және Қауiптi жүктердi халықаралық жолмен тасымалдау туралы еуропалық келiсiмнiң" деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 27 мамырдағы N 885
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 23, 203-құжат):
14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi.".
3. "Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгімен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiптi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 шілдедегi N 714
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 24, 212-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiпте:
1) 8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi.";
2) мемлекеттiк тiлдeгі мәтiнiнде 19-тармақтың төртiншi абзацындағы "тиiс" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi болуы".
5. <*>
ЕСКЕРТУ. 4,5-тармақтар күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N
1232
қаулысымен.