Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 қарашадағы N 1165 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.28. N 544 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Күшін жойған

      Қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнің        
2003 жылғы 21 қарашадағы 
N 1165 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбiр шешiмдеріне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.01.19.  N 29  қаулысымен. 

      2. "Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 27 мамырдағы N 885  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 23, 203-құжат):
      14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi.".

      3. "Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгімен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiптi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 шілдедегi N 714  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 24, 212-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiпте:
      1) 8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi.";
      2) мемлекеттiк тiлдeгі мәтiнiнде 19-тармақтың төртiншi абзацындағы "тиiс" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi болуы".

      4. <*>

      5. <*>
       ЕСКЕРТУ. 4,5-тармақтар күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N  1232  қаулысымен.