Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 қарашадағы N 1126 қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда- ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы «Динамо» ДСҚ күзетшілер даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымындағы қызметкерлерді даярлау мен біліктілігін арттыруды (арнайы оқыту курсы) жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының бірі ретінде белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақты жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі