Күзет қызметі субъектілері қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 қарашадағы N 1126 қаулысы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Тақырыпты жаңа енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақты жаңа енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      1. "Қазақстан Республикасы "Динамо" ДСҚ күзетшілер даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке күзетшілерді, жеке күзет ұйымында, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың күзет бөлімшесінде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінде күзетші қызметінде жұмыс істейтін қызметкерлерді даярлауды және қайта даярлауды (арнайы оқу курсы) жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының бірі ретінде белгіленсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі