"Инжиниринг" және технологиялардың трансферті орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қазандағы N 1064 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) Директорлар кеңесiнiң мынадай құрамда:
      Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, төраға
      Анарқұлов Марат Әбдешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi
      Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
      Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары
      Сақыпова Нұрғайша - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқықтары жөнiндегi комитетiнiң төрайымы
      Кыпшақбаев Әбдел Исаұлы
      2) Әбдел Исаұлы Қыпшақбаевтың Қоғамның президентi болып сайлануын қамтамасыз етсiн. 
       ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2004.07.26. N 791  қаулысымен , 2004.08.03. N 827  қаулысымен , 2005.03.19.  N 250  қаулыларымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі