1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) "Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) Директорлар кеңесiнiң мынадай құрамда:
Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Қажыкен Мейрам Зекешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi
Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары
Сақыпова Нұрғайша - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқықтары жөнiндегi комитетiнiң төрайымы
Кыпшақбаев Әбдел Исаұлы
2) Әбдел Исаұлы Қыпшақбаевтың Қоғамның президентi болып сайлануын қамтамасыз етсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2004.07.26. N 791
қаулысымен
.