Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 983 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасында адам құқығын бұзуға әкеп соғатын адамдарды заңсыз әкетудiң, әкелудiң және сатудың алдын алу және жолын кесу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Комиссия құрамы;
      2) Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
N 983 қаулысымен     
бекiтiлген        

       Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.30 N 600 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1120 Қаулысымен.

Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес
мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы

Имашев                   - Қазақстан Республикасының Әділет министрі,
Берік Мәжитұлы             төраға

Баймолдина               - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
Зәуреш Хамитқызы           орынбасары, төрағаның орынбасары

Бөлеулиев                - Қазақстан Республикасы Әділет
Бахтияр Төлегенұлы         министрлігінің Халықаралық шарттарды
                           сараптау департаменті директорының
                           орынбасары, хатшы

Жошыбаев                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Рәпіл Сейітханұлы          істер министрлігінің жауапты хатшысы

Калюжный                 - Қазақстан Республикасы Адам
Вячеслав Афанасьевич       құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының
                           басшысы (келісім бойынша)

Байжанов                 - Қазақстан Республикасы
Ғабит Жақыпбайұлы          «Сырбар» Сыртқы барлау
                           қызметі директорының бірінші орынбасары
                           (келісім бойынша)

Құрманғалиева            - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Аида Дәденқызы             сақтау вице-министрі

Сарыбеков                - Қазақстан Республикасының
Махметғали Нұрғалиұлы      Білім және ғылым вице-министрі

Қырықбаев                - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Арман Оразбайұлы           ақпарат вице-министрі

Дәленов                  - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы          вице-министрі

Нұрымбетов               - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы         халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Әзімова                  - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Эльвира Әбілқасымқызы      Халықаралық шарттарды сараптау
                           департаментінің директоры

Борчашвили               - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Исидор Шамилович           Стратегиялық жоспарлау және
                           ұйымдастыру-талдау жұмысы департаментінің
                           директоры

Қожан                    - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Төлебай Әжібекұлы          Сотының судьясы (келісім бойынша)

Әбішев                   - Қазақстан Республикасы Президентінің
Тастемір Дәуітұлы          жанындағы Адам құқықтары жөніндегі
                           комиссияның хатшысы (келісім бойынша)

Демеуов                  - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Марат Ғанұлы               министрінің бірінші орынбасары

Исаев                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нұрғазы Шайхашұлы          қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі
                           директорының орынбасары (келісім бойынша)

Досполов                 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Сергей Долдаұлы            Халықаралық ынтымақтастық департаментінің
                           бастығы (келісім бойынша)

Нұрахметова              - Қазақстан Республикасы Президентінің
Гауһар Сердалықызы         жанындағы Әйелдер істері және
                           отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі
                           ұлттық комиссия хатшылығының бас
                           сарапшысы (келісім бойынша)

Аликова                  - Халықаралық көші-қон ұйымының
Әлия Ерсайынқызы           адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша
                           Қазақстандағы үйлестірушісі (келісім
                           бойынша)

Байзақова                - «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды
Зүлфия Мұхамедбекқызы      тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы
                           (келісім бойынша)

Морозова                 - «Феминистік лига» қоғамдық бірлестігінің
Галина Васильевна          президенті (келісім бойынша)

Рыль                     - «Қорғау-Астана» Жеке қоры директорының
Анна Игоревна              орынбасары (келісім) бойынша

Дубовицкая               - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық
Мария                      ұйымының (ЕҚЫҰ) Астана қаласындағы
                           орталығының жобалар бойынша аға
                           қызметкері (келісім бойынша)

Шорманбаева Айна         - «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық
                           қорының президенті (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
N 983 қаулысымен    
бекiтiлген        

Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы
ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      Комиссия адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөнiндегi ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлеу үшiн құрылады.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi

      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сату саласында қалыптасқан жағдайды талдау;
      2) адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi бойынша халықты хабардар ету;
      адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сату саласында әрi қалыптасқан практикада қабылданған халықаралық-құқықтық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру;
      адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мен жою жөнінде шаралар қабылдау;
      адамдарды заңсыз әкетудiң, әкелудiң және сатудың құрбандарын қорғау және оларға көмек көрсету жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1120 Қаулысымен.

  3. Комиссияның құқықтары

      4. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдар мен ақпаратты сұратуға;
      2) тиiстi ұсыныстарды даярлай отырып, адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес саласында құқық қорғау органдарының қызметiн реттейтiн заңнама мен нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларының тиiмдiлiгiн талдауды жүзеге асыруға;
      3) адамдарды сатуға қарсы күреспен айналысатын мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды адамдарының олар жүргізіп жатқан жұмыстар туралы есептерін тыңдау және олардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      4) тәуелсiз сарапшыларды, мамандарды және ғалымдарды тартуға;
      5) адамдарды сатуға қарсы күрес жөніндегі проблемаларды шешуде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға;
      6) жергілікті жерлерге барып адамдарды сатуға қарсы күрес саласындағы уәкілетті ұйымдардың қызметін уәкілетті органдардың тексеруі бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1120 Қаулысымен.

  4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      5. Комиссияға басшылық етудi оның төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.

      6. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Комиссияның мүшелерi отырыстарға алмасу құқығынсыз қатысады. Комиссия отырыстарына шақырылған адамдар қатыса алады.

      7. Комиссия жұмысы ағымдағы және перспективалық жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады.

      8. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.08.31 № 847 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.31  № 1120Қаулысымен.

      9. Отырыстың күн тәртiбiндегi әр мәселе бойынша шешiм ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға қатысып отырған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.

      10. Комиссия шешiмi белгiленген тәртiппен оның жұмыс органы дайындайтын хаттамалармен ресiмделедi, төраға қол қояды және барлық мүдделi мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарға жiберiледi.
      Комиссия мүшелерiнiң айрықша пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Комиссияның хаттамасына немесе есеп-хатына қоса берiлуi тиiс.

      11. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады.

      12. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi болып табылады.

      13. Комиссияның жұмыс органы мүдделi мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар ұсынған құжаттардың негiзiнде Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша қажеттi материалдарды дайындайды және белгiленген тәртiппен Комиссия қабылдаған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.