Қазақстан Республикасында адам құқығын бұзуға әкеп соғатын адамдарды заңсыз әкетудiң, әкелудiң және сатудың алдын алу және жолын кесу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
N 983 қаулысымен
бекiтiлген
Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы
Жұмабеков - Қазақстан Республикасының
Оңалсын Исламұлы Әдiлет министрi, төраға
Отто - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Иван Иванович вице-министрi, төрағаның орынбасары
Асанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Жақып Қажыманұлы вице-министрi, хатшы
Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Батыржан Зайырқанұлы халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi
Уәйiсов - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Мерей Құрманұлы орынбасары (келiсiм бойынша)
Волков - Қазақстан Республикасының
Алексей Юрьевич Сыртқы iстер вице-министрi
Досжан - Қазақстан Республикасының
Ардақ Дүкенбайұлы Ақпарат вице-министрi
Қарайғанов - Қазақстан Республикасының Президентi
Арғынғазы Тоқтабайұлы жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi
жөнiндегi ұлттық комиссия хатшылығы
меңгерушiсiнiң орынбасары (келiсiм
бойынша)
Никитинский - Қазақстан Республикасының Спорт және
Евгений Сергеевич туризм жөнiндегi агенттiгi төрағасының
орынбасары
Нұриманов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мақсұт Әнуарбекұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Iзбанов - Қазақстан Республикасының
Мұхит Кәрiмұлы Көшi-қон және демография жөнiндегi
агенттiгi төрағасының орынбасары.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
N 983 қаулысымен
бекiтiлген
Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Комиссия адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөнiндегi ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлеу үшiн құрылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сату саласында қалыптасқан жағдайды талдау;
2) адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi бойынша халықты хабардар ету;
адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сату саласында әрi қалыптасқан практикада қабылданған халықаралық-құқықтық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру;
адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес саласында Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары өзара iс-қимылының тиiмдiлiгiн арттыру;
адамдарды заңсыз әкетудiң, әкелудiң және сатудың құрбандарын қорғау және оларға көмек көрсету жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
4. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдар мен ақпаратты сұратуға;
2) тиiстi ұсыныстарды даярлай отырып, адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес саласында құқық қорғау органдарының қызметiн реттейтiн заңнама мен нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларының тиiмдiлiгiн талдауды жүзеге асыруға;
3) Комиссияның отырыстарына адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес жөнiндегi ic-шараларды iске асыру мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк басқару органдарының лауазымды адамдарын шақыруға және тыңдауға;
4) тәуелсiз сарапшыларды, мамандарды және ғалымдарды тартуға құқылы.
5. Комиссияға басшылық етудi оның төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
6. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Комиссияның мүшелерi отырыстарға алмасу құқығынсыз қатысады. Комиссия отырыстарына шақырылған адамдар қатыса алады.
8. Комиссия отырысы қажеттiлiгiне қарай оның мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi болған кезде өткiзiледi.
9. Отырыстың күн тәртiбiндегi әр мәселе бойынша шешiм ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға қатысып отырған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
10. Комиссия шешiмi белгiленген тәртiппен оның жұмыс органы дайындайтын хаттамалармен ресiмделедi, төраға қол қояды және барлық мүдделi мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарға жiберiледi.
Комиссия мүшелерiнiң айрықша пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Комиссияның хаттамасына немесе есеп-хатына қоса берiлуi тиiс.