"Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 981 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен "Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесi мынадай құрамда сайлануын қамтамасыз етсiн:
      Әйтекенов Қайрат Медiбайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi
      Тоқаев Ақбар Қуанышбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Жиынтық талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi
      Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi
      Ойнаров Азамат Рысқұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi
      Құсайынов Нұрлан Жетпiсұлы - "Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы
       Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2004.07.26.  N 791 , 2005.03.19.  N 250  қаулыларымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі