Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен "Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесi мынадай құрамда сайлануын қамтамасыз етсiн:
Әйтекенов Қайрат Медiбайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Тоқаев Ақбар Қуанышбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Жиынтық талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi
Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi
Ойнаров Азамат Рысқұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi
Құсайынов Нұрлан Жетпiсұлы - "Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2004.07.26. N 791 , 2005.03.19. N 250 қаулыларымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі