Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 922 қаулысы

Қолданыстағы

      Қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына  сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 12 қыркүйектегі
N 922 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөнiндегi ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 маусымдағы N 878 қаулысына :
      3-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Табиғи ресурстар және" деген сөздер алынып тасталсын, "қоршаған" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөнiндегi ұлттық iс-қимыл жоспарында:
      құжаттың мәтiнiнде пайдаланылған қысқартулардың тiзбесiндегi мынадай жолдар:
      "ДСА - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi
      AЭК - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi
      ТОҚМ - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
      ЭИСМ - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi" мынадай редакцияда жазылсын:
      "ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
      AЭК - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi
      ҚОҚМ - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
      ИСМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi";
      қосымшада:
      "Жауапты орындаушы" деген бағанда реттiк нөмiрлерi 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 4.1, 5.3, 5.5, 6.1, 6.2, 6.4, 7.1, 7.2, 8.4-жолдарда, "ДСА", "ТОҚМ", "ЭИСМ", "ЭИСМ-нiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi" деген сөздер "ДСМ", "ҚОҚМ", "ИСМ", "ЭMPM-нiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2."Бiрiккен Ұлттар Ұйымы серверiнде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы жөнiнде ақпарат дерекқорын қалыптастыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 8 қазандағы N 1295 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 35, 452-құжат):
      2-тармақта "Табиғи ресурстар және" деген сөздер алынып тасталсын, "қоршаған" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiрiккен Ұлттар Ұйымы серверiнде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы жөнiнде ақпарат дерекқорын қалыптастыру ережесiнде:
      мәтiндегi "Табиғи ресурстар және" деген сөздер алынып тасталсын, "қоршаған" деген сөз бас әрiппен жазылсын.

      3. "Өнеркәсiптiк авариялардың трансшекаралық әсерi туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшiн құзыреттi органдар және бiрыңғай байланыс пунктi ретiнде белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 1634 қаулысына :
      1-тармақтың 1) тармақшасында "Табиғи ресурстар және" деген сөздер алынып тасталсын, "қоршаған" деген сөз бас әрiппен жазылсын.

      4. "Рио+10" тұрақты даму жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 430 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Рио+10" тұрақты даму жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамына мыналар енгiзiлсiн:
"Toқаев                   - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Қасымжомарт Кемелұлы        iстер министрi, төраға;

Самақова                  - Қазақстан Республикасының
Айткүл Байғазықызы          Қоршаған ортаны қорғау министрi,
                            орынбасар;

Исекешов                  - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы             Индустрия және сауда вице-министрi;

Асанов                    - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Жақып Қажманұлы             вице-министрi;

Жалғасбаев                - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Нұрлан Аделұлы              iстер министрлiгi Көпжақты
                            ынтымақтастық департаментiнiң
                            директоры;

Төлебаев                  - Қазақстан Республикасының
Алмас Қажкенұлы             Энергетика және минералдық ресурстар
                            министрлiгi Халықаралық
                            ынтымақтастық және мемлекеттiк
                            ғылыми-техникалық бағдарламалар
                            департаментiнiң директоры;

Брагин                    - Қазақстан Республикасының
Александр Геннадьевич       Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
                            Құқықтық қамтамасыз ету
                            және халықаралық ынтымақтастық
                            департаментiнiң директоры, хатшы;

Ермекова                  - Қазақстан Республикасының
Несiпбала Әбсағитқызы       Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                            министрлiгiнiң Салалық органдар
                            шығыстарын жоспарлау департаментi
                            директорының орынбасары.";

      көрсетiлген құрамнан: Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Шоқпытов Андар Мәулешұлы, Андрющенко Александр Иванович, Елекеев Ирак Қасымұлы, Қазыханов Ержан Хозеұлы, Кемелбеков Шамғон Нәмелбекұлы, Мешiмбаева Анар Ертiлеуқызы шығарылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Рио+10" тұрақты даму жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
      5-тармақта "Табиғи ресурстар және" деген сөздер алынып тасталсын, "қоршаған" деген сөз бас әрiппен жазылсын.