Қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 12 қыркүйектегі
N 922 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөнiндегi ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 маусымдағы N 878 қаулысына :
3-тармақта:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Табиғи ресурстар және" деген сөздер алынып тасталсын, "қоршаған" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөнiндегi ұлттық iс-қимыл жоспарында:
құжаттың мәтiнiнде пайдаланылған қысқартулардың тiзбесiндегi мынадай жолдар:
"ДСА - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi
AЭК - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi
ТОҚМ - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
ЭИСМ - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi" мынадай редакцияда жазылсын:
"ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
AЭК - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi
ҚОҚМ - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
ИСМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi";
қосымшада:
"Жауапты орындаушы" деген бағанда реттiк нөмiрлерi 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 4.1, 5.3, 5.5, 6.1, 6.2, 6.4, 7.1, 7.2, 8.4-жолдарда, "ДСА", "ТОҚМ", "ЭИСМ", "ЭИСМ-нiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi" деген сөздер "ДСМ", "ҚОҚМ", "ИСМ", "ЭMPM-нiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2016 № 59 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. "Өнеркәсiптiк авариялардың трансшекаралық әсерi туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшiн құзыреттi органдар және бiрыңғай байланыс пунктi ретiнде белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 1634 қаулысына :
1-тармақтың 1) тармақшасында "Табиғи ресурстар және" деген сөздер алынып тасталсын, "қоршаған" деген сөз бас әрiппен жазылсын.
4. <*>
Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.19. N 345 қаулысымен .