Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Мыналар белгiленсiн:
1) 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкалары;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жер учаскесi бойынша есептелген жер салығының мөлшерiнде мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жер учаскелерiн жалға берген кезде жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкасы.
Бұл ретте жер учаскесi үшiн жыл сайынғы жалдау ақысының мөлшерi жер учаскесiн жалға берген кездегi ол үшiн базалық ставканың мөлшерiнiң 100-120% шегiнде белгiленедi;
3) жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерi жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалық) құнының пайызымен мынадай мерзiмдер бойынша:
10 жылға дейiн, оны қоса алғанда - жыл сайын 2%;
11 жылдан 30 жылға дейiн - 20%, 10 жылдан жоғары әр жыл сайын 1,5% қосылады;
31 жылдан 49 жылға дейiн - 50%, 30 жылдан жоғары әр жыл сайын 1% қосылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.22. N
408
(алғаш рет pecми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
2. Жер учаскелерi үшiн төлемақы және жалдау құқығын сату төлемақысы базалық ставкаларының жоғарыда көрсетiлген мөлшерiн жер учаскелерiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге қойған кезде жердi бағалау үшiн, сондай-ақ оларды шаруашылық серiктестердiң жарғылық қорларына жарна ретiнде не өндiрiстiк кооперативтерге пай ретiнде берген жағдайда, меншiк иесiн (жер пайдаланушыны) жер учаскесiне меншiктiң жалпы үлесiнен (жалпы жер пайдалану үлесiнен) бөлу кезiнде жер үлесiнiң құнын белгiлеу үшiн, жер учаскелерiн немесе пайдалану құқығын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң активтерiне енгiзген кезде және жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құны тараптардың келiсiмiмен белгiленуi мүмкiн болмаған өзге де жағдайда, олардың құнын бағалау үшiн қолдану ұсынылсын.
3. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлетті орган инфляцияның жалпы деңгейi туралы мемлекеттiк статистика деректерiнiң және жер нарығының мониторингi нәтижелерiнiң негiзiнде қажеттiлiгiне қарай жер учаскелерiнiң жеке меншiкке берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын нақтылау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзсiн.
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жерлерi үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 20, 174-құжат);
2) "Жекелеген отандық өндiрушілердi қолдау мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 13 тамыздағы N 763
қаулысының
9-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 28, 236-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 мамырдағы N 566
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 18, 194-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 2 қыркүйектегі
N 890 қаулысына
1-қосымша
Жер учаскелерiн жеке меншiкке құрылыс салуға немесе оларға
қызмет көрсетуге арналған жерлердi қоса алғанда, ғимараттар
(құрылыстар, үймереттер) мен олардың кешендерi салынған
жерлердi берген кезде олар үшiн төлемақының
БАЗАЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2006.07.19 N
690
(алғаш рет pecми жарияланған күнiнен бастап он
күнтiзбелiк күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.22 N
408
(алғаш рет pecми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн
өткен соң
қолданысқа енгiзiледi), 2008.05.29
N 512
(қолданысқа
енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз), 2008.10.16
N 956
(қолданысқа
енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз), 2008.11.07
N 1023
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Қаулыларымен.
___________________________________________________________________
Елдi мекендер | 1 ш.м үшiн теңгемен төлемақының
| базалық ставкасы
____________________________________________________________________
1 2
____________________________________________________________________
Астана қаласы 3400
Алматы қаласы 4800
Ақтау қаласы 1436
Ақтөбе қаласы 800
Атырау қаласы 1060
Қарағанды қаласы 1660
Көкшетау қаласы 1290
Қостанай қаласы 1357
Қызылорда қаласы 1230
Павлодар қаласы 1365
Петропавл қаласы 1270
Талдықорған қаласы 1150
Тараз қаласы 1040
Орал қаласы 1140
Өскемен қаласы 1304
Шымкент қаласы 1230
Облыс орталығы ставкаларының пайызы
Облыстық маңызы бар қалалар 85
Аудандық маңызы бар қалалар 75
Кенттер Селолық елдi мекендер
Далалық орманды, далалық және
құрғақ далалық, 25 15
жартылай шөлейт және шөлейт, 18 10
тау бөктерiндегi - шөлейт -
далалық,
субтропикалық шөлейт және тау
бөктерiндегi - шөлейт аймақтарда 30 18
орналасқан кенттер және
селолық елдi мекендер
Ескертпе: қалалардағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары олардың бас жоспарларында анықталған шекара шегінде қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 2 қыркүйектегі
N 890 қаулысына
2-қосымша
Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеке
меншікке берген кезде олар үшін төлемақының
БАЗАЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.13. N 666 (алғаш рет pecми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.22. N 408 (алғаш рет pecми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
гектарына мың теңгемен
(таблицаның жалғасы бар)
____________________________________________________________________
| Ауыл | Топырақтың типтері мен шағын типтері
Облыстар | шаруашы. |_____________________________________________
| лығы | қара топырақты| қою |қызыл|ашық |қоңыр| сұр
| алқапта. |_______________|қызыл|қоңыр|қызыл| |қоңыр
| рының |шайыл.|оңтүстік|қоңыр| |қоңыр| |
| түрлері |ған, | | | | | |
| |қара. | | | | | |
| |пайым | | | | | |
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
____________________________________________________________________
Ақмола суарылмайтын
егістік 49,4 34,4 24,4 18,1 11,9
суармалы
егістік 71,9 63,1 53,1 46,9 43,1
шабындық 14,4 13,1 10,6 10,6 6,9
жайылым 9,2 8,1 6,9 5,6 4,4
Ақтөбе суарылмайтын
егістік 33,1 23,1 16,9 11,9
суармалы
егістік 65,6 56,9 49,3 43,1 39,4
шабындық 11,9 10,6 9,4 6,9 4,4 4,4
жайылым 8,1 5,6 4,4 4,4 2,3 1,9
Алматы суарылмайтын
егістік
суармалы
егістік 40,2
шабындық 5,6
жайылым 2,0
Атырау суармалы
егістік 41,9 38,2 31,7
шабындық 5,6 4,4 4,4
жайылым 3,1 2,2 1,9
Шығыс суарылмайтын
Қазақстан егістік 59,5 39,4 25,6 18,1 14,4 7,8
суармалы
егістік 68,4 63,3 55,6 45,6 44,4 30,7
шабындық 18,2 14,5 11,9 10,6 6,9 4,4 4,4
жайылым 13,5 11,7 8,1 5,6 3,1 1,9 1,9
Жамбыл суарылмайтын
егістік 40,2
суармалы
егістік
шабындық
жайылым 2,0
Батыс суарылмайтын
Қазақстан егістік 33,1 24,4 18,1 10,6
суармалы
егістік 65,6 56,9 49,3 45,6
шабындық 13,1 10,6 9,4 6,9 3,1
жайылым 9,4 6,9 4,4 4,4 1,9
Қарағанды суарылмайтын
егістік 34,4 21,9 18,1 11,9 7,8
суармалы
егістік 63,1 54,4 44,4 43,1 38,1 31,7
шабындық 11,9 8,1 8,1 6,9 4,4 3,1
жайылым 6,9 5,6 4,4 3,1 1,9 1,7
Қызылорда суармалы
егістік 39,4 50,1
шабындық 5,6
жайылым 2,0 2,0
Қостанай суарылмайтын
егістік 51,9 35,6 26,9 19,4 11,9
суармалы
егістік 73,1 63,1 51,9 46,9 43,1
шабындық 14,4 13,4 11,6 10,6 5,6 5,6
жайылым 7,9 7,6 6,9 5,6 3,1 1,9
Маңғыстау суармалы
егістік 39,4 32,7
жайылым 1,8 1,7
Павлодар суарылмайтын
егістік 29,4 21,9 16,9 10,6
суармалы
егістік 56,9 46,9 43,1 41,9
шабындық 18,1 15,6 13,1 6,9
жайылым 8,1 6,9 5,6 3,1
Солтүстік суарылмайтын
Қазақстан егістік 55,6 38,1 29,4
суармалы
егістік 71,9 63,1 54,9
шабындық 15,6 14,4 11,9
жайылым 12,8 10,6 8,1
Оңтүстік суарылмайтын
Қазақстан егістік
суармалы
егістік 51,6
шабындық 4,4
жайылым 2,0
____________________________________________________________________
(таблицаның жалғасы)
____________________________________________________________________
| Ауыл | сұр |құм.| сұр |сұр |тауға |тауға |суб.
Облыстар | шаруашы. |қоңыр |дар |топы.|топы.|жапсар.|жапсар.|алпі.
| лығы |(күріш| |рақты|рақ. | лас | лас |лік
| алқапта. | себу | |ашық |ты | және | және |және
| рының |айма. | |және |(мақ.|таулық |таулық |алпі.
| түрлері | ғы) | |қара.|та | ашық | қара |лік
| | | |пайым|шару.| қызыл | топы. |
| | | | |аш. | қоңыр |рақты |
| | | | |айма.| | және |
| | | | |ғы) | |қызыл |
| | | | | | |қоңыр |
____________________________________________________________________
1 2 10 11 12 13 14 15 16
____________________________________________________________________
Ақмола суарылмайтын
егістік
суармалы
егістік
шабындық
жайылым 1,8
Ақтөбе суарылмайтын
егістік
суармалы
егістік
шабындық
жайылым 1,9
Алматы суарылмайтын
егістік 14,4 25,6 30,6
суармалы
егістік 89,6 82,4 126,9
шабындық 11,9 11,9 13,1 11,9
жайылым 2,0 5,6 8,1 9,4 8,1
Атырау суармалы
егістік
шабындық
жайылым 1,8
Шығыс суарылмайтын
Қазақстан егістік 14,5 26,8 49,4
суармалы
егістік 66,0
шабындық 10,6 11,9 14,4 10,6
жайылым 1,9 5,6 8,1 9,4 8,1
Жамбыл суарылмайтын
егістік 15,6 24,4 26,9
суармалы
егістік 74,5 114,1
шабындық 10,6 10,6 11,9 9,4
жайылым 1,9 5,6 6,9 8,6 6,9
Батыс суарылмайтын
Қазақстан егістік
суармалы
егістік
шабындық
жайылым 1,9
Қарағанды суарылмайтын
егістік
суармалы
егістік
шабындық
жайылым 1,9
Қызылорда суармалы
егістік 99,2
шабындық 10,6
жайылым 1,9 4,4
Қостанай суарылмайтын
егістік
суармалы
егістік
шабындық
жайылым 1,9
Маңғыстау суармалы
егістік
жайылым 1,8
Павлодар суарылмайтын
егістік
суармалы
егістік
шабындық
жайылым 1,9
Солтүстік суарылмайтын
Қазақстан егістік
суармалы
егістік
шабындық
жайылым
Оңтүстік суарылмайтын
Қазақстан егістік 16,9 24,4 26,9
суармалы
егістік 99,2 87,8 137,7 130,5
шабындық 11,9 10,6 11,9
жайылым 2,0 4,4 6,9 8,8 6,8
____________________________________________________________________
Ескертпе: көп жылдық екпелер егілген жер учаскелері егістікке белгіленген базалық төлем ставкалары бойынша бағаланады.
Ауыл шаруашылығы мақсатына берілетін жер учаскесінің құрамындағы басқа да алқаптар (сортаң топырақтар, құмдар, тақыр жерлер және ауыл шаруашылығы алқаптары массивтеріне араласқан басқа да алқаптар) топырақтың тиісті типі мен кіші типі бойынша жайылымға белгіленген базалық төлем ставкасының 50 пайызы мөлшерінде бағаланады.