Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 890 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қазандағы N 956 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 890 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 36, 360-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      "Көкшетау қаласы" деген жолдағы "114" деген сандар "1290" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қостанай қаласы" деген жолдағы "123" деген сандар "1357" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Павлодар қаласы" деген жолдағы "114" деген сандар "1365" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Тараз қаласы" деген жолдағы "181" деген сандар "1040" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Өскемен қаласы" деген жолдағы "145" деген сандар "1304" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов