Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 598 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттігi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлiк қоғамының директорлар кеңесiн сайлауды мынадай құрамда қамтамасыз етсiн:
Бектасов Әбен Ағыбайұлы - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнің төрағасы, төраға
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
Мәжренов Жомарт Рақымбекұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қызметiнiң директоры (келiсiм бойынша);
Сәрсембаев Өмiрзақ Нұрғалиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстік сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң бас сарапшысы
Өтепов Эдуард Карлұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары;
Исин Нұрлан Құрманғалиұлы.
2) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлiк қоғамының директорлар кеңесi "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлiк қоғамының президентi лауазымына сайлау үшiн Нұрлан Құрманғалиұлы Исиннiң кандидатурасын ұсынсын.
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.13. N 33 , 2004.07.26. N 791, 2005.03.19. N 250 қаулыларымен .
2. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлiк қоғамын басқарудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 27 қыркүйектегi N 1063 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі