Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттігi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамының директорлар кеңесiн сайлауды мынадай құрамда қамтамасыз етсiн:
Смағұлов Қайрат Молдрахманұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi басшысының орынбасары, төраға;
Мұқанов Мақсат Нұрдәулетұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi әлеуметтiк-экономикалық талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
Мәжренов Жомарт Рақымбекұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қызметiнiң директоры (келiсiм бойынша);
Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ақпараттық технологиялар департаментiнiң директоры;
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары;
Исин Нұрлан Құрманғалиұлы.
2) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамының директорлар кеңесi "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамының президентi лауазымына сайлау үшiн Нұрлан Құрманғалиұлы Исиннiң кандидатурасын ұсынсын.
2. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамын басқарудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 27 қыркүйектегi N 1063 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі