Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 ақпандағы N 182 және 2002 жылғы 8 тамыздағы N 884 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 820 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 3 ақпандағы N 182  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 6, 59-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесiнде:
      7-тармақтағы "табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiкті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөнiндегi аумақтық (уәкiлеттi) органдардың келiсiмi бойынша" деген сөздер "заңнамада белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2)  <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.04. N  262  (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі