Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 ақпандағы N 182 және 2002 жылғы 8 тамыздағы N 884 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 820 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 3 ақпандағы N 182 қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 6, 59-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесiнде:
      7-тармақтағы "табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiкті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөнiндегi аумақтық (уәкiлеттi) органдардың келiсiмi бойынша" деген сөздер "заңнамада белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Мемлекеттiк кiтапханалар мен мемлекеттiк мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 тамыздағы N 884 қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы., 2002 ж., N 26, 285-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк кiтапханалар мен мемлекеттiк мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану ережесiнде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк кiтапханалар мен мемлекеттiк мұражай-қорықтар ұсынатын тауарлар мен қызметтер көрсетуге арналған тарифтердi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi органы; заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызметтер көрсетуге арналған тарифтердi - жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі