Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 262 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 тамыздағы N 801 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 609  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 242-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақтағы "30 қаңтарға және 30 шілдеге" деген сөздер "20 қаңтарға және 20 шілдеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі В.С.Школьникке" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Ғ.І.Оразбақовқа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі