Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің  314-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Мыналар:
      1) "ЦЕНА-ИНФОРМ" жауапкершілігі шектеулі қоғамы ақпараттық-баспа фирмасының (Ресей Федерациясы) "Ценовая информация" ақпараттық бюллетені;
      2) Қазақстан азық-түлік өнімдерін өндірушілер одағының "Тамақ өнімдері бағаларының ақпараттық анықтамалығы" (Қазақстан Республикасы);
      3) Қазақстандық сауда компаниялары мен тұрмыстық электр, компьютерлiк техниканың және күрделi техникалық жүйелердiң тауар өндiрушiлері қауымдастығы (ҚСЭКЖҚ) заңды тұлғалар бiрлестiгінiң "Қазақстан Республикасына импортталатын тұрмыстық электр тауарларының бағалары бойынша ақпараттық анықтамалық тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын анықтамалықтар ретінде белгіленсін.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.04.09. N  399 , өзгерту енгізілді - 2005.05.25. N  506   қаулысымен .

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі