Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 314-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "ЦЕНА-ИНФОРМ" ЖҚШ ақпараттық-баспа фирмасының (Ресей Федерациясы) "Ценовая информация" ақпараттық бюллетені тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын анықтамалық ретінде белгіленсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі