"Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлігін сақтау (1 фаза)" жобасын iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру комиссиясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 шілдедегі N 742 қаулысы

Жаңартылған

      2001 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Заем туралы келiсiмге сәйкес ("Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасы) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасын iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру комиссиясы құрылсын.

      2. Қоса берiліп отырған "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасын iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру комиссиясы туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2003 жылғы 24 шілдедегі 
N 742 қаулысына    
қосымша       

       Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.03.19.  N 249  қаулысымен.

"Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал
теңiзiнiң солтүстiк бөлігін сақтау (1 фаза)"
жобасын iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi
жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру
комиссиясының құрамы

Есімов                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ахметжан Смағұлұлы           Министрiнiң орынбасары, төраға

Күрiшбаев                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы           шаруашылығы вице-министрi, төрағаның
                             орынбасары

Кеншiмов                   - Қазақстан Республикасы Ауыл
Әмiрхан Кәдiрбекұлы          шаруашылығы министрлiгiнiң Су
                             ресурстары комитетi төрағасының
                             орынбасары, хатшы

Нығматулин                 - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Ерлан Зайроллаұлы            Мәжілiсi Экология және табиғатты
                             пайдалану мәселелерi комитетiнiң
                             төрағасы (келiсiм бойынша)

Қараманов                  - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Ұзақбай Қараманұлы           Мәжілiсi Экология және табиғатты
                             пайдалану мәселелерi комитетiнiң
                             мүшесi (келiсiм бойынша)

Әрiпханов                  - Қазақстан Республикасының Қаржы
Айдар Әбдiразақұлы           вице-министрi

Бекжанов                   - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Жамбыл Лесбекұлы             ортаны қорғау вице-министрi

Коржова                    - Қазақстан Республикасының Экономика
Наталья Артемовна            және бюджеттік жоспарлау вице-министрi

Оразбаев                   - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бiрлiк Есiркепұлы            және минералдық ресурстар
                             вице-министрi

Рябцев                     - Қазақстан Республикасы Ауыл
Анатолий Дмитриевич          шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары
                             комитетiнiң төрағасы

Қараманов                  - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Асқар Ұзақбайұлы             сауда министрлiгiнiң Құрылыс және
                             тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
                             комитетi төрағасының орынбасары

Еламанов                   - Қызылорда облысы әкiмiнiң орынбасары
Бекмырза Қайыпұлы

Төлебаев                   - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң
Кенжехан Атақұлұлы           орынбасары

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2003 жылғы 24 шілдедегі 
N 742 қаулысымен    
бекітілген     

"Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал
теңiзiнiң солтүстiк бөлiгін сақтау (1 фаза)"
жобасын iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi
жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру комиссиясы
туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Ведомствоаралық үйлестiру комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасын (бұдан әрi - Жоба) iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi бойынша қызметiн реттейдi. Комиссия 2001 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Заем туралы  келiсiм  шеңберiнде Жобаны iске асыруды қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеу мақсатында құрылған.

      2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.
      Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының Заңдарын және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары:
      1) Жоба шеңберiнде Сырдария өзенi арнасының су режимiн реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау арқылы аймақтың экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту;
      2) Қазақстан Республикасының Yкiметiне Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi беретiн заем қаражатын тиiмдi пайдалану;
      3) Жобаны iске асыру жөнiндегi мәселелердi үйлестiру;
      4) жаңадан гидротехникалық құрылыстарды жобалауға және салуға, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өзен бойындағы құрылыстарды жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жергiлiктi еңбек және материалдық ресурстарын барынша пайдалануды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

  3. Комиссияның құқықтары

      4. Комиссия өзiнiң мiндеттерiне сәйкес:
      1) Комиссия өз құзыретiне қатысты мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпаратты алуға;
      2) Жобаны iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындауға;
      3) белгiленген тәртiппен Комиссияның құрамына өзгерiстер және/немесе толықтырулар бойынша ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

  4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      5. Комиссияны оның қызметiне басшылық жасайтын, Комиссияның отырыстарына төрағалық ететiн, оның жұмысын жоспарлайтын төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.

      6. Жұмыстарды ұйымдастыруды және тиiстi материалдарды дайындауды Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      7. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi болып табылады.

      8. Комиссия мәжiлiсi қажеттiгiне қарай, бiрақ жарты жылдық сайын кем дегенде бiр рет өткiзіліп тұрады.

      9. Мәжiлiстiң күн тәртiбiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша Комиссияның төрағасы анықтайды және нақтылайды.

      10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру жолымен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
      Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және олардың ұсынымдық сипаты бар.

  5. Комиссияның қызметiн тоқтату

      11. Жобаны iске асыру аяқталғаннан кейiн Комиссия өз қызметiн тоқтатады.