Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 648 қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы  Заңына  сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және кеден шекаралары арқылы өтетiн жеке тұлғаларды, көлiк құралдары мен өзге де мүлiктi мемлекеттiк бақылауды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Ресей Федерациясының, Өзбекстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Қытай Халық Республикасының өкiлдiктерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерi тiзбесiнiң бекiтiлуi туралы ақпаратты жеткiзсiн.

      3. "Қазақстан Республикасындағы өткiзу пункттерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 906  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Mинистрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2003 жылғы 3 шiлдедегi 
N 648 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнiң тiзбесi

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N  1275  (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      1. Ресей Федерациясымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темiр жол өткiзу пункттерi:
      Ганюшкино (Атырау облысы)
      Жайық (Батыс Қазақстан облысы)
      Сайхин (Батыс Қазақстан облысы)
      Жәнiбек (Батыс Қазақстан облысы)
      Қыргелдi (Ақтөбе облысы)
      Жайсан (Ақтөбе облысы)
      Шыңғырлау (Батыс Қазақстан облысы)
      Ақсу (Қостанай облысы)
      Қайрақ (Қостанай облысы)
      Пресногорьков (Қостанай облысы)
      Мамлютка (Солтүстiк Қазақстан облысы)
      Булаев (Солтүстiк Қазақстан облысы)
      Шарбақты (Павлодар облысы)
      Ауыл (Шығыс Қазақстан облысы)
      Шемонаиха (Шығыс Қазақстан облысы)
      Жезкент (Шығыс Қазақстан облысы).
      2. Өзбекстан Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темiр жол өткiзу пункттері:
      Бейнеу (Маңғыстау облысы)
      Сарыағаш (Оңтүстiк Қазақстан облысы)
      Мақтаарал (Оңтүстiк Қазақстан облысы).
      3. Қырғыз Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темiр жол өткiзу пункті:
      Мерке (Жамбыл облысы).
      4. Қытай Халық Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темiр жол өткiзу пунктi:
      Достық (Алматы облысы).