Қазақстан Республикасындағы өткiзу пункттерi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 қазан 1992 ж. N 906

      1. Балық өнiмдерiн өңдеу жөнiндегi ескiрiп, тозығы жеткен жабдықтарды түбiрiнен қайта жаңарту, өндiрiстiк-технологиялық желiлердi толық қайта жаңалау және экспортқа шығарылатын өнiмдердiң тұтынушылық қасиеттерiн жақсарту қажеттiгiне байланысты "Атыраубалықөнеркәсiп" өндiрiс бiрлестiгi үш жыл мерзiмге /1992 жылғы 1 тамыздан бастап 1995 жылғы I тамызға дейiн/ балық өнiмi мен уылдырықты экспортқа өткiзуден алынған валюта түсiмiне салынатын салықтан босатылсын.
      2. Қазақстан Әлем Банкi "Атыраубалықөнеркәсiп" өндiрiс бiрлестiгiнiң валюта қаржысын нысаналы жұмсауына бақылау жасалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Валютаны өндiрiстiк қызметке қатысы жоқ мақсаттарға жұмсауға тыйым салынсын.

      Премьер-министр