Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 648 қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңына  сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және кеден шекаралары арқылы өтетiн жеке тұлғаларды, көлiк құралдары мен өзге де мүлiктi мемлекеттiк бақылауды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Ресей Федерациясының, Өзбекстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Қытай Халық Республикасының өкiлдiктерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерi тiзбесiнiң бекiтiлуi туралы ақпаратты жеткiзсiн.
      3. "Қазақстан Республикасындағы өткiзу пункттерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 906 қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын.
      4. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Mинистрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2003 жылғы 3 шiлдедегi
N 648 қаулысымен  
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнiң тiзбесi

      1. Ресей Федерациясымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темiр жол өткiзу пункттерi:
      Ганюшкино (Атырау облысы)
      Семиглавый мар (Батыс Қазақстан облысы)
      Сайхин (Батыс Қазақстан облысы)
      Жәнiбек (Батыс Қазақстан облысы)
      Кайсацкая (Батыс Қазақстан облысы)
      Қыргелдi (Ақтөбе облысы)
      Жайсан (Ақтөбе облысы)
      Шыңғырлау (Батыс Қазақстан облысы)
      Ақсу (Қостанай облысы)
      Магнай (Қостанай облысы)
      Қайрақ (Қостанай облысы)
      Боскөл (Қостанай облысы)
      Пресногорьков (Қостанай облысы)
      Мамлютка (Солтүстiк Қазақстан облысы)
      Булаев (Солтүстiк Қазақстан облысы)
      Қызылту (Солтүстiк Қазақстан облысы)
      Уәлиханов (Павлодар облысы)
      Мыңкөл (Павлодар облысы)
      Шарбақты (Павлодар облысы)
      Ауыл (Шығыс Қазақстан облысы)
      Шемонаиха (Шығыс Қазақстан облысы)
      Союзное (Ақтөбе облысы)
      Жезкент (Шығыс Қазақстан облысы).
      2. Өзбекстан Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темiр жол өткiзу пункттері:
      Оазис (Маңғыстау облысы)
      Сарыағаш (Оңтүстiк Қазақстан облысы)
      Пахтаарав (Оңтүстiк Қазақстан облысы)
      Жетiсай (Оңтүстiк Қазақстан облысы)
      Шардара (Оңтүстiк Қазақстан облысы).
      3. Қырғыз Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темiр жол өткiзу пункті:
      Чальдовар (Жамбыл облысы).
      4. Қытай Халық Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темiр жол өткiзу пунктi:
      Достық (Алматы облысы).