Ескерту. Тақырыбы және 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N 765 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерiн кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен мүлiктiк жалға алуға (жалға беруге) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2003 жылғы 4 сәуірдегі
N 327 қаулысымен
БЕКIТIЛГEH
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерiн кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен мүлiктiк жалға алуға (жалға беруге) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру
ЕРЕЖЕСI
Ескерту. Тақырыбы және мәтінде "республикалық" деген сөз алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N 765 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығына , "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы N 131-I Заңына сәйкес әзiрлендi және сауда-сатып алу (делдалдық) қызметiн қоспағанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне өндiрiстiк қызметiн ұйымдастыру мен халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшiн мемлекеттiк меншiктегi пайдаланылмайтын ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықтарды (бұдан әрi - объектiлер) кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен бiр жыл мерзiмге мүлiктiк жалға алуға (жалға бepугe) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру, сондай-ақ объектiлердi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне меншiкке беру шарттары мен тәртiбiн реттейдi.
2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен бiр жыл мерзiмге мүлiктiк жалға алуға (жалға бepуге) немесе сенiмгерлiк басқаруға бiр жылдан астам уақытта мақсаты бойынша пайдаланылмаған мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң (бұдан әрi - ұйымдар) объектiлерi берiледi.
3. Объектiлердi беру тендерлiк негiзде жүзеге асырылады.
Республикалық мемлекеттік меншiк объектілерi бойынша тендерлерді аумақтық және өңiрлiк мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеттерi (бұдан әрi - аумақтық органдар) өткiзедi.
Коммуналдық мемлекеттік меншiк объектілерi бойынша тендерлердi коммуналдық мемлекеттік меншiкке билiк етуге уәкілеттi атқарушы органдар өткiзедi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
2. Пайдаланылмайтын объектiлер тiзбесiн қалыптастыру
4. Шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне беру жөнiндегi тендерге бiр жылдан астам мақсаты бойынша пайдаланылмаған, аумақтық органдар (коммуналдық мемлекеттік меншiкке билiк етуге уәкілеттi атқарушы органдар) мен мемлекеттік басқару органдары өкілдерінiң ұйымдарға қатысты ұйымдар мүлкінің тиiмдi және мақсатты пайдаланылуына жыл сайынғы жүргiзген тексерулерi барысында айқындалған объектілер қойылады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
5. Аумақтық органдар (коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлетті атқарушы органдар) жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi бойынша бiр жылдан астам пайдаланылмаған, шағын кәсiпкерлер субъектiлерiне беруге жататын объектiлердiң тiзбесiн (бұдан әрi - тiзбе) қалыптастырады және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне кейiннен меншiкке бepу құқығымен объектiлердi мүлiктiк жалға алуға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру жөнiнде тендерлер өткiзу кестесiн айқындайды.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
6. Объектiлердi тендерге қою мемлекеттiк басқару органымен келiсiлуi тиiс. Республикалық мемлекеттiк меншiктегi объектілердi тендерге қоюды аумақтық органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен қосымша келiседі.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
7. Ұйымдар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне объектiлердi бергенге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етедi.
8. Тендер өткiзу мен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүлiктiк жалға алу (жалға беру) немесе сенiмгерлiк басқару шарттарының талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыру үшiн аумақтық органдар (коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлетті атқарушы органдар) тұрақты жұмыс iстейтiн комиссиялар (бұдан әрi - комиссия) құрады.
Республикалық мемлекеттiк меншiктегi объектiлер бойынша комиссияның құрамына аумақтық органдар мен мүдделi министрлiктердiң, агенттіктердің, ведомстволардың немесе олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiнен басқа жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi (келiсiм бойынша) енгiзiлуi мүмкiн. Аумақтық органның өкiлi комиссия төрағасы болып табылады.
Коммуналдық мемлекеттiк меншіктегі объектілер бойынша комиссияның құрамына жергілiкті атқарушы органдардың өкiлдерiнен басқа министрлiктердің, агенттiктердiң, ведомстволардың немесе олардың аумақтық бөлiмшелерінің (келiсiм бойынша) өкілдерi енгiзiлуi мүмкiн. Коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкілеттi атқарушы органның өкiлi комиссия төрағасы болып табылады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
9. Комиссия:
1) өз жұмысының регламентiн әзiрлейдi және бекiтедi;
2) объектiлердiң техникалық жағдайына байланысты бepу (мүлiктi жалға алу (жалға беpу) немесе сенiмгерлiк басқару) түрiн айқындайды;
3) тендер өткiзу күнi туралы шешiм қабылдайды;
4) тендер шарттарын айқындайды;
5) жалдау ақысының мөлшерiн айқындайды (объектiлердi мүлiктiк жалға алуға берген кезде);
6) кепiлдi жарнаның мөлшерiн айқындайды;
7) тендер өткiзу туралы хабарламаның жариялануын жүзеге асырады;
7-1) өтiнiштерiне қарай тендерге қатысушыларға беру үшiн тендерлiк құжаттама жиынтығын дайындайды;
8) тендер өткiзедi;
9) тендер жеңiмпазын айқындайды;
10) осы Ережемен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
10. Комиссияның отырысы, eгep оған комиссия мүшелерiнiң кемiнде 2/3-ci қатысса, заңды болып табылады.
Комиссия шешiмi қатысушы комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
11. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N 765 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
12. Объектілер бойынша ақпараттық хабарламалар мерзiмдi баспа басылымдарында тендер өткiзу жарияланған күнге дейiн 15 күн бұрын мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жариялануға және мынадай мәлiметтердi:
1) тендердiң шарттары мен жеңiмпазды таңдау өлшемдерiн;
2) тендер объектiсiнiң қысқаша сипаттамасын;
3) тендер өткiзу күнiн, уақытын және орнын;
4) тeндepгe қатысуға өтiнiмдердi қабылдау мерзiмдерiн;
5) жалға беру ақысының мөлшерiн (мүлiктiк жалға алуға берген кезде);
6) тендерге қатысуды ресiмдеу тәртiбiн;
7) кепiлдi жарнаның мөлшерiн және оны енгiзу үшiн банктiк деректемелердi (кепiлдi жарнаның мөлшерi ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi) қамтуы тиiс.
13. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N 765 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
14. Тендерлiк құжаттама мынадай негізгі бөлiмдердi:
1) тендер объектiсi туралы мәлiметтi;
2) өтiнiмдер мен онымен бipгe ұсынылатын құжаттардың мазмұны бойынша талаптарды;
3) тендер өткiзу тәртiбi мен шарттарын;
4) мүлiктi жалдау шартының жобасын;
5) тендерге қатысуға өтiнiмнiң нысанын қамтуы тиiс.
15. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және тендер өткiзуге дейiн бiр күн бұрын аяқталады.
16. Комиссия тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн барлық ниет бiлдiрушiлердiң объектiлер мен тендер өткiзудiң шарттары туралы ақпаратқа еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
17. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi белгiленген мерзiмдерде:
1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмi және оның тендер шарттарын орындау мен тиiстi шартты жасасу жөнiндегi мiндеттемелерiн қамтитын тендерге қатысуға арналған өтiнiмдi;
2) осы объектiде өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету жөнiндегi бизнес-жоспарды;
3) заңды тұлғалар - құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты мен жарғы) нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн және салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесiн; жеке тұлғалар - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшiрмесiн, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмесiн және салық төлеушiнiң куәлiгiн;
4) салық берешегiнiң жоқтығы туралы салық органының анықтамасын;
5) кепiлдi жарнаның енгiзiлуiн растайтын төлем құжатының көшiрмесiн;
6) ақпараттық хабарламада көрсетiлген өзге де құжаттарды бередi.
18. Өтiнiмдердi қабылдау және тендерге қатысуға ниет бiлдiрген тұлғаларды тiркеу талап етiлетiн құжаттардың толық жинақтамасы болған кезде жүргiзiледi.
19. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тiркеуден бас тарту үшiн мыналар:
1) талап етiлетiн құжаттардың толық жинақтамасын ұсынбау;
2) мемлекеттiк бюджет алдында салық берешегiнiң болуы;
3) белгiленген талаптарды бұзып ұсынылған құжаттар негiз болып табылады.
20. Тендерге қатысушы:
1) тендерге жеке өзi немесе тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде өзiнiң өкiлдерi арқылы қатысуы;
2) тендерге қойылатын объект бойынша қосымша мәлiметтердi, нақтылауларды тегiн алуы;
3) объектiнi алдын-ала қарауы;
4) оның құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгiнуi;
5) өзiнiң тендерге қатысуға арналған өтiнiмiн бұл туралы комиссияға оны өткiзгенге дейiн 3 күн бұрын хабарлай отырып, қайтарып алуы мүмкiн.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
21. Егер өтiнiмдердi қабылдау мерзiмi аяқталған сәтте (үшінші және келесi тендерлердi қоспағанда) бiр ғана өтiнiм тiркелген болса, тендер өтпедi деп танылады.
22. Тендер өтетiн күнi отырыста комиссия мүшелерi тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттердi ашады және олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттi ашу алдында комиссия мүшелерi олардың бүтiндiгiн тексередi, бұл комиссия отырысының хаттамасында тiркеледi.
Конверттердi ашу және ұсыныстарды жариялау кезiнде тендерге қатысушылардың немесе олар уәкiлеттiк берген өкiлдердiң қатысуы мүмкiн.
Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
23. Конверттердi ашқаннан және ұсыныстарды жариялағаннан кейiн комиссия ұсыныстарды талқылау және бағалау үшiн кеңесуге кетедi.
Тендерге қатысушылардың (олардың өкiлдерiнiң) ұсыныстарды талқылау және бағалау кезiнде қатысуға құқықтары жоқ.
24. Комиссияның шешiмi бойынша ұсыныстары тендерлiк құжаттамадағы барлық талапқа жауап беретiн және тендер талаптарын орындау бөлiгiнде үздiк болып табылатын қатысушы тендер жеңiмпазы деп танылады.
6. Тендер нәтижелерiн ресiмдеу мен шарттың мазмұны
25. Тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазын айқындайтын комиссияның қорытындысы немесе өзге шешiмi комиссияның барлық қатысып отырған мүшелерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
Теңдер жеңiмпазын айқындайтын хаттамаға тендердi жеңiп алған тұлға да қол қояды.
26. Хаттамада мынадай деректер:
1) комиссияның құрамы;
2) тендер талаптары;
3) тендерге қатысушылар мен олардың ұсыныстары туралы мәлiметтер;
4) мүлiктi пайдаланғаны үшiн ұсынылып отырған төлемнiң ставкалары (мүлiктi жалға алуға берген кезде);
5) тендер жеңiмпазы;
6) тараптардың мүлiктiк жалға алу немесе сенiмгерлiк басқару шартына қол қою жөнiндегi мiндеттемелерi болуға тиiс.
27. Тендер нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi жеңiмпазға берiледi және оның мүлiктiк жалға алу немесе сенiмгерлiк басқару шартын жасасу құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
28. Teндep нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде жеңiмпазбен тендерге қатысу кезiнде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптарда мүлiктiк жалға алу немесе сенiмгерлiк басқару шарты (бұдан әрi - шарт) жасалады.
29. Жеңiмпаз тендерге қатысу кезiнде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптарда шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, комиссия жеңiмпазды тендерге қатысушылардың қалғандарының iшiнен (егер қалғандарының саны кемiнде eкeу болса) анықтауға не жаңадан тендер өткiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
30. Кепiлдi жарна:
1) eгep тендерге қатысушы өзiнiң ұсынысынан бас тартқанда нeмece оны тендер мерзiмi өткенге дейiн өзгерткенде;
2) тендер жеңiмпазына тендерге қатысу кезiнде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптарда тиiстi шарт жасасудан бас тартқан жағдайда қайтарылмайды.
Барлық қалған жағдайларда кепiлдi жарналар тендер аяқталған күннен бастап 10 банктiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде, ал егер ақша шотқа тендерден кейiн түссе, онда олар түскен күннен бастап 10 банктiк күн iшiнде қайтарылады.
31. Аумақтық орган (коммуналдық мемлекеттік меншікке билiк етуге уәкілеттi атқарушы орган) тендер жеңiмпазымен тендердiң хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей бiр жыл мерзiмге шарт жасасады.
Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
32. Шарт мiндеттi түрде мынадай жағдайларды:
1) шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне берiлетiн объектiнiң техникалық сипаттамалары туралы деректер;
2) объектiнi пайдаланғаны үшiн төлем енгiзу тәртiбi мен мерзiмдерiн (мүлiктiк жалға алуға берген кезде);
3) бизнес-жоспарға сәйкес алынған шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң мiндеттемелерiн;
4) жалдаушының (сенiмдi басқарушының) мерзiмдерi мен есеп беpу нысандарын;
5) шартты мерзiмiнен бұрын бұзу негiздемесi мен талаптарын қамтуға тиiс. Шартта мiндетті түрде, егер өндiрiстiк қызмет және халыққа қызметтер көрсету шарт жасалған күннен бастап алты ай iшiнде ұйымдастырылмаған жағдайда, оның бұзылуға жататындығы көзделуi тиiс.
Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
33. Шартқа қол қойылғаннан кейiн 10 күннен кешiктiрмей баланс ұстаушы объектiнi тiркеу есебiнде тендер жеңiмпазы тұрған салық комитетiн бiр уақытта хабардар ете отырып, аумақтық орган (коммуналдық мемлекеттік меншікке билiк етуге уәкілеттi атқарушы орган) бекiтетiн объектiнi мүлiктiк жалға алуға (жалға бepугe) немесе сенiмгерлiк басқаруға бepу туралы қабылдау-беру актiсi бойынша тендер жеңiмпазына бepугe тиiс.
Ғимарат пен құрылысты мүлiктiк жалға алу (жалға бeру) шарты мемлекеттiк тiркелуге жатады және осындай тiркеу сәтiнен бастап жасалған деп саналады.
Мүлiктiк жалға алу (жалға беру) шарттарын мемлекеттiк тiркеу шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тендер жеңiмпазының кепiлдi жарнасы мүлiктiк жалға алу шарты бойынша тиесiлi төлемдердiң есебiне жатады.
Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
7. Шарт талаптарының орындалуын бақылау және объектiнi меншiкке беру тәртiбi
34. Шарт жасалған сәттен бастап алты ай өткеннен кейiн комиссия жергiлiктi жерге шығып, шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өндiрiстiк қызметтi жөндеу (халыққа қызмет көрсету) туралы шарттың талаптарын орындауға тексерудi жүзеге асырады.
35. Шарттың осы талабы орындалмаған жағдайда, комиссия шартты оның мерзiмi аяқталғанға дейiн бұзудың орындылығы туралы қорытынды жасайды.
Қорытындыға комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қояды және ол мiндеттi түрде: тексеру өткiзу уақыты мен орнын, комиссияның құрамын, объектiнiң атауын, жасалған шарттың нөмiрi мен күнiн, жүргiзiлген тексеру нәтижелерiн, шарт талаптары мен ұсынылған бизнес-жоспардың орындалуы, шартты оның мерзiмi аяқталғанға дейiн бұзудың орындылығы туралы комиссияның тұжырымдарын қамтуы тиiс.
Комиссияның әрбiр мүшесi комиссия қорытындысымен келiспеген жағдайда, қорытындыда көрсетілуге тиiс айрықша пiкiр бiлдiруге құқылы.
36. Қол қойылған қорытындының бiр данасы тексеру жүргiзiлген күннен бастап 5 күнтiзбелiк күн iшiнде объектiнi мүлiктiк жалға алуды немесе сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне қол қойғызып немесе тапсырыстық хатпен берiлуге тиiс.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi комиссияның қорытындысымен келiспеген жағдайда, ол комиссияның қорытындысына
заңнамада
белгiленген тәртiппен шағым беруге құқылы.
37. Шарттың талаптары орындалмаған кезде комиссия қорытындысының негiзiнде аумақтық органдар (коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлетті атқарушы органдар) шартты бұзады және объектiнi тендерге қайта қояды.
Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
38. Егер шарт бұзылған жағдайда, шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне ол өз қаражаты есебiнен және аумақтық органның (коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкілеттi атқарушы органның) келiсiмiмен жалға алынған объект үшiн зиян келтiрместен бөлiнбейтiн жүргiзiлген жақсартулардың құны өтеледi.
Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
39. Объектiнiң сақталуын қамтамасыз етпеу, оны мақсатты пайдаланбау және т.б. салдарлардан зиян келтiрiлген жағдайда, шағын кәсiпкерлiк субъектiсi заңнамада белгiленген тәртiппен келтiрiлген материалдық залалдың орнын толтырады.
40. Шарттың мерзiмi аяқталғанда және оның талаптарын аумақтық орган (коммуналдық мемлекеттік меншікке билiк етуге уәкілеттi атқарушы орган) толық орындаған кезде комиссия қорытындысының негiзiнде объектiнi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң меншiгiне өтеусiз беру туралы бұл жөнiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркеу есебiнде тұрған салық органын хабардар ете отырып шешiм қабылдайды.
Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
41. Объектiнi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң меншiгiне беру объектiнi өтеусiз беру туралы шартпен және қабылдау-беру актiсiмен ресiмделедi.
Объектiлердi меншiкке өтеусiз беру туралы шарттарда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң үш жыл iшiнде аумақтық органдардың (коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлеттi атқарушы органдардың) келiсiмiнсiз объектiлердi сату және объектiлердi иелену құқықтарын шектеу, сондай-ақ аумақтық органдардың (коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлеттi атқарушы органдардың) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен объектiлердi шарттың талаптарына қайшы келетiн мақсаттарда пайдаланған жағдайда объектiлердi алу құқығы көзделуi тиiс.
(Объектiнi меншiкке өтеусiз бepу туралы шарттың үлгi нысаны қоса берiлiп отыр).
Мәмiленi тiркеу қолданыстағы
заңнамада
белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
42. Шарт жасалғаннан кейiн аумақтық органдар (коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлетті атқарушы органдар) тіpкeу есебiнде салық төлеушi - шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тұрған салық органын мемлекеттiк меншiк объектiсiн мүлiктiк жалға алуға (жалға бepугe) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру туралы хабардар етедi.
Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N
765
(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
қаулысымен
.
43. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне объектiлердi кейiннен өтеусiз меншiкке беру құқығымен мүлiктiк жалға алуға (жалға бepугe) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру кезiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
Ережеге қосымша
(
Q030327
)
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N 765 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
Объектiнi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне
меншiкке өтеусiз беру туралы
YЛГIЛIК ШАРТ
_____________қаласы 200__жылғы "__"_________N______
Бұдан әрi "Уәкілеттi орган" деп аталатын______________________
____________________________________________________________________
(Ереженi бекiткен мемлекеттiк орган атауы)
200__жылғы "__"_____ N __бұйрығымен бекiтiлген______________________
(аумақтық органның
____________________________________________________________________
(коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлеттi атқарушы
____________________________________________________________туралы
органның) атауы)
Ереженің негiзiнде әрекет ететiн____________________________________
____________________________________________________________________
(аумақтық органның (коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге
______________________________, _________________________ тұрғысында
уәкiлеттi атқарушы органның) атауы) (уәкілеттi тұлғаның аты-жөнi)
бiр тараптан және бұдан әрi "Кәсіпкер" деп аталатын_________________
____________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
(заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жерi
____________________________________________________________________
немесе жеке тұлғаның аты-жөнi мен мекен-жайы)
шағын кәсiпкерлiк субъектiсi_______________________тұрғысында екiншi
(уәкілеттi тұлғаның аты-жөнi)
тараптан мына төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
1. Кәсiпкер оны сатып алу құқығын Уәкілеттi органдағы
200_жылғы "__"_________тендерде, тендер хаттамасының N___ және
Уәкілетті органның 200__ жылғы "__"_______N_____мүліктiк жалға алу
(сенiмгерлiк басқару) шарты талаптарының орындалуы туралы
200_жылғы "__"______N______ бұйрығымен құрылған комиссия,
200__жылғы "__"_____N________ және 200__жылғы "___"_____N_____
хаттамалар, қорытындысының негiзiнде иеленген бұдан әрi "Объект"
деп аталатын алаңы_________________шаршы метр __________________
мекен-жайында орналасқан _______________________________________
________________________________________________________________
(объектiнiң атауы)
Кәсіпкердің меншiгiне өтеусiз беру Шарттың мәнi болып табылады.
2. Уәкілеттi орган бередi, ал Кәсіпкер жалға беру (сенiмгерлiк басқару) шартын жасасу сәтiнде қалдық сомасы____________теңге объектiні өтеусiз сатып алады.
(жазумен)
Объектiнi беру осы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Объектi қабылдау-беру актiсiнің негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Осы шарт қолданыстағы заңнамада көзделген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге жатады.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
4. Уәкілеттi орган осы шарт жасалған сәттен бастап 3 күннiң iшiнде қабылдау-беру актiсi бойынша Объектiнi Кәсiпкерге беруге мiндеттенедi. Уәкілеттi орган Объектiнi кәсiпкердің меншiгiне
берген сәттен бастап үш жыл iшiнде объектiнiң ______________________
____________________________________________________________________
(шағын кәсiпкерлiк субъектiсi қызметiнiң түрiн көрсету)
мақсаттарда пайдаланылу тұрғысына тексерулер жүргiзуге құқылы.
5. Кәсiпкер үш жыл iшiнде объектiнi___________________________
____________________________________________________________________
(шағын кәсiпкерлiк субъектiсi қызметiнiң түрiн көрсету)
мақсаттарда пайдалануға мiндеттенедi.
Кәсіпкер үш жыл iшiнде Объектіге билiк етудi Уәкілетті органның келiсiмi болған кезде ғана жүзеге асыра алады.
6. Объект мақсаттан тыс пайдаланылған жағдайда, Кәсiпкер объектінің сақталуын қамтамасыз етпеумен байланысты келтiрiлген материалдық залалдың орнын толтыра отырып, объектiнi Уәкiлеттi органға қайтаруға мiндеттi.
7. Осы шарт оның мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
8. Шарт заңдық күшi бiрдей мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде төрт данада жасалды, оның екеуi Уәкілеттi органда, екеуi Кәсiпкерге қалдырылады.
4. Тараптардың орналасқан жерi мен қолдары
____________________________ __________________________________
Уәкілетті органның атауы заңды тұлғаның атауы немесе жеке
тұлғаның аты-жөнi
_____________________қаласы ___________________________қаласы
_____________________көшесi ___________________________көшесi
үйiнiң N _________________ үйiнің N__________________________
телефоны__________________ телефоны_________________________
Уәкілеттi орган басшысының Басшы____________________________
лауазымы
М.О. М.О.