Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 2001 жылғы 28 қыркүйекте Мәскеу қаласында жасалған Қауіптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
Ресми
куәландырылған
мәтін
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер Yкiметi бұдан әрi Тараптар деп аталатын,
қауiптi өндiрiстiк объектiлерде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығы қауiпсiздiгiнiң кепiлдігін қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсіптік қауiпсiздiктi және оларды шешу қажеттiлiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты және табиғи қоршаған ортаны техногендiк авариялардан қорғау проблемаларының маңыздылығын атап көрсете отырып,
1992 жылғы "Өнеркәсіптiк авариялардың трансшекаралық әсерi туралы" БҰҰ EЭK Конвенциясының ережелерiн назарға ала отырып,
Тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға ұмтыла отырып және жинақталған тәжiрибе мен ғылыми-техникалық жетiстiктердiң өзара тиiмдi шарттары негiзінде қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде үйлескен iс-қимыл қажеттiлiгiн басшылыққа ала отырып,
төмендегiлер жөнiнде келiстi:
1-бап
Тараптар қауiптi өндiрiстiк объектiлepдегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында ұлттық саясатты жасау және iске асыру мәселелерiнде толық дербестiкке ие бола отырып, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiкті қамтамасыз ету саласында құқықтық реттеу мен мемлекеттiк қадағалауды қалыптастырудың ұлттық қағидаттары мен көзқарасын негiзге ала отырып:
қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптік қауiпсiздіктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша келiсiлген саясат жүргiзудi және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында құқықтық реттеу мен мемлекеттiк қадағалаудың жалпы көзқарасы мен қағидаттарын қалыптастыруды дұрыс деп санайды;
өнеркәсіптік қауіпсiздiктің талаптарын нормативтік-техникалық құжаттардың келiсiлген тiзбесi бойынша мемлекетаралық нормалар мен ережелер ретiнде мойындайды, ол осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң ұлттық заңнамаларын және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң нормативтiк тұрғыдан реттелуiн жетiлдiруге бағытталған бiрлескен жұмыстардың нәтижелерiн есепке ала отырып, қажетiне қарай қайта қаралады;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң келiсiлген немесе бiрлесiп әзiрлеген талаптарын, оның ішінде саудадағы техникалық кедергілердi жою үшiн өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң көрсетiлген талаптарының халықаралық нормалары мен стандарттарына қажеттi үйлесiмділігiн ескере отырып, қауiптi өндiрiстiк объектілердегi өнеркәсіптiк қауiпсiздіктiң қамтамасыз етілуін сақтайтын нормативтiк-техникалық құжаттарды қабылдайды;
техногендiк авариялардың, апаттардың жай-күйi, себептерi мен зардаптары және қауiпті өндiрiстiк объекттерде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң жарақат алуы, сондай-ақ өнеркәсiптік қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы талдамалық және статистикалық материалдар туралы тұрақты негiзде ақпараттар алмасуды жүзеге асырады;
құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру және қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етудің басқа да мәселелерiн, оның iшiнде eкі жақты және көп жақты келісiм-шарттардың, бағдарламалардың және техникалық жобалардың негiзiнде келiсiп шешедi.
2-бап
Тараптар қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында келiсiлген қызметтi мына бағыттар бойынша жүзеге асырады:
қауiптi өндiрiстiк объектiлердi жобалауға, салуға, пайдалануға, кеңейтуге, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, тоқтатып қоюға және жоюға, сондай-ақ қауіптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын техникалық құрылғыларды дайындауға, монтаждауға, ретке келтiруге, қызмет көрсетуге және жөндеуге қойылатын өнеркәсiптік қауiпсiздiк талаптарын белгілеу;
өнеркәсіптiк қауiпсiздiк саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялаудың ұлттық рәсiмдерiн, талаптары мен шарттарын, сондай-ақ қауiптi өндiрiстiк объектiлерде техникалық құрылғыларды қолдану тәртiбi мен шарттарын жақындастыру;
қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланушы ұйымдарды қызметкерлерiн (мамандары мен персоналдарын) даярлау және аттестаттау жөнiндегi ұлттық рәсiмдер мен талаптарды жақындастыру;
мемлекетаралық бағдарламалар мен техникалық жобаларды әзiрлеу және iске асыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бiрлесiп жүргiзу;
өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ақпараттар алмасу симпозиумдар, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, кеңестер және басқа да iс-шаралар өткiзу;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк қадағалау органдары, сондай-ақ тиiстi сараптау және ғылыми-зерттеу ұйымдары арасындағы тұрақты байланысқа және кеңестерге көмек көрсету;
мамандар даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру.
Тараптар бiрлесiп қабылдаған бағдарламаларды, жобаларды және iс-шараларды iске асыру үшiн қаржыландыру тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
3-бап
Тараптар осы Келiсiм аясында алынатын құжаттамалар мен өткiзiлетiн жұмыстар туралы және қол жеткiзiлген ғылыми-техникалық нәтижелер туралы ақпараттардың құпиялылығын сақтауды, егер берушi Тарап оның құпиялылығын сақтауға келiскен болса, қамтамасыз етедi.
4-бап
Осы Келiсiмдi iске асыру үшiн Тараптар өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөніндегi мемлекетаралық кеңес құрады. Кеңес Ережеге сәйкес iс-қимыл жасайды, ол осы Келiсiмнiң ажыратылмайтын бөлiгi болып табылады.
5-бап
Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Келiсiмге қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады, олар осы Келiсiмнiң ажыратылмайтын бөлiгi болып табылатын тиiстi хаттамалармен ресімделедi.
6-бап
Осы Келiсiм өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында Тараптардың бұрын жасаған халықаралық келiсiм-шарттарынан туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
7-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi Тараптар қол қойған мемлекеттiк iшiндегi рәсiмдердiң орындалғаны туралы депозитаридың үшiншi хабарландыру қағазы тапсырылған күнiнен бастап күшiне енедi. Мұндай рәсiмдердi кейiн орындаған Тараптар үшiн осы Келiсiм депозитариге сақтауға берген тиiстi құжаттарды тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
8-бап
Осы Келiсiм барлық Тараптардың келiсiмiмен оның мақсаттары мен қағидаттарын бөлiсетiн басқа мемлекеттердің оған қосылуы үшiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiне осындай қосылу туралы құжаттарды беру арқылы ашық жүргiзiледi. Мұндай мемлекет үшiн осы Келiсiм осындай қосылуға келiскендiгi туралы депозитаридың соңғы хабарын алған күннен бастап күшiне енедi.
9-бап
Осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап бес жыл бойы күшiнде болады. Осы Келiсiмнiң бұл мерзiмi бiткеннен кейiн автоматты түрде әр бес жыл мерзiмге ұзартылып отырады, егер Тараптар басқа шешiм қабылдамаса.
Әрбiр Тарап шығуы туралы алты айдан кешiктiрмей жазбаша түрде депозитариге ескерту жiберу арқылы осы Келiсiмнен шыға алады.
Келiсiм Мәскеу қаласында 2001 жылғы 28 қыркүйекте түпнұсқасы орыс тiлiнде бiр дана болып жасалды. Түпнұсқасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады, қол қойылған осы Келiсiмнiң куәландырылған көшiрмелерi әрбiр мемлекетке жіберiлсiн.
Әзiрбайжан Республикасының Молдова Республикасының
Үкiметi үшiн Үкіметі үшін
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Грузия Үкіметі үшін Түркіменстан Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғызстан Республикасының Украина Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде
өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету саласындағы
ынтымақтастық туралы
2001 жылғы 28 қыркүйекте
жасалған келiсiмге
қосымша
Өнеркәсiптiк қауіпсiздiк жөнiндегi мемлекетаралық
кеңес туралы
І. Жалпы ережелер
1. Өнеркәсіптiк қауiпсiздiк жөнiндегi мемлекетаралық кеңес (бұдан әрi - Кеңес) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiкті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмдi (бұдан әрi - Келiсiм) және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының салалық ынтымақтастық органы болып табылады iске асыру үшiн құрылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 870 Қаулысымен.
2. Кеңес қызметiнiң негiзгi мақсаты Келiсiмге қатысушы- мемлекеттердің және тиiстi уәкілеттi органдардың өнеркәсiптік қауiпсiздіктi қамтамасыз ету саласында келiсiлген iс-қимылдар мен қабылданған iс-шараларды қамтамасыз ету болып табылады.
Кеңес өз құзыретi шеңберiнде ТМД-ның Мемлекет басшыларының кеңесi, Үкiмет басшыларының кеңесi, Сыртқы iстер министрлерiнiң кеңесi және Экономикалық кеңесi қабылдаған шешiмдердiң орындалуын ұйымдастыруға және үйлестiруге арналған
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 870 Қаулысымен.
3. Кеңес өз қызметiнде жалпыға ортақ халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Жарғысын, ТМД шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарды, ТМД-ның Мемлекет басшылары кеңесiнiң, Үкiмет басшылары кеңесiнiң, Сыртқы iстер министрлерi кеңесiнiң және Экономикалық кеңесiнiң шешiмдерiн, Келiсiмдi және осы Ереженi басшылыққа алады.
Кеңес өз қызметiнде ТМД үкiмет басшыларының кеңесiне есеп бередi.
Кеңес жыл сайын ТМД-ның Атқарушы комитетiне өзiнiң қызметi туралы ақпарат ұсынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 870 Қаулысымен.
4. Кеңес ТМД-ның Атқарушы комитетiмен, Достастықтың өзге де органдарымен, қажет болғанда – басқа да халықаралық ұйымдардың хатшылықтарымен, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң мемлекеттiк билiк органдарымен өзара iс-қимыл жасайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 870 Қаулысымен.
5. Мемлекеттiк қадағалау органдарының басшылары немесе Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың басшылары Кеңестiң мүшелерi болып табылады.
Кеңестiң мәжiлiсiне Кеңестiң мүшелерiн ауыстыратын адамдарды жiберген кезде олардың өкiлеттiктерi расталуы тиiс.
Келiсiмге қатысушы әрбiр мемлекет Кеңесте бiр дауысқа ие болады.
Кеңестiң құрамына кеңесшi дауыс құқығымен Кеңестiң хатшысы және ТМД-ның Атқарушы комитетiнiң өкiлi кiредi.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 870 Қаулысымен.
II. Кеңес қызметiнiң бағыттары мен мiндеттерi
6. Кеңес қызметiнің негiзгi бағыттары мен мiндеттерi:
өнеркәсіптік қауiпсiздіктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың басымды бағытын айқындау және келiсiлген саясат жүргiзу;
ынтымақтастықты дамыту, құқықтық реттеу, мемлекеттік қадағалау және өнеркәсiптiк қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында шешiлетiн iс-қимылдардың бағдарламалары мен жоспарларын қабылдау;
Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң уәкілеттi органдармен келiсiлген немесе бiрлесiп әзiрлеген өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарын iске асыру үшiн қабылдау;
саудадағы техникалық кедергілердi жоқ үшiн өнеркәсiптiк қауiпсiздіктiң талаптарын халықаралық нормалармен және стандарттармен нормативтiк реттеу және үйлесiмдiлiк саласында келiсілген іс-қимылмен қамтамасыз ету;
Келiсiмге қатыспайтын тиiстi мемлекеттiк органдармен өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық;
қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауіпсiздіктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың құқықтық, өндiрiстiк, экономикалық, экологиялық, ұйымдастырушылық және басқа да мәселелерiн келiсу;
техногендiк аварияның жай-күйi, себептерi мен зардаптары және қадағалаудағы объектiлерде жұмыс iстейтін қызметкерлердiң жарақат алуы туралы ақпараттармен, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы талдамалық және статистикалық материалдармен алмасуды қамтамасыз ету болып табылады.
III. Кеңестiң құқықтары
7. Қызмет өзiнiң бағыттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн:
Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң тиiстi уәкiлеттi органдарынан өздерiнiң мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi ақпарат, сондай-ақ Кеңестiң шешiмiн орындау туралы ақпарат сұратуға;
Кеңестiң даярлаған құжаттар жобасын бас мемлекеттер Кеңесiнiң, бас үкiмет Кеңесiнiң және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының басқа да органдарының қарауына белгiленген тәртiпте ұсынуға;
Кеңес қызметiнiң мәселелерiн шешу және Келiсiмдi iске асыру үшiн жұмыс топтарын құруға;
өз жұмысының регламентiн жасауға және бекiтуге, сондай-ақ оған өзгерiс енгiзуге құқығы бар.
IV. Кеңес жұмысын ұйымдастыру және оның тәртiбi
Ескерту. IV-тарау жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 870 Қаулысымен.
8. Кеңестiң жұмысы, әдетте, Келiсiмге қатысушы мемлекеттерде кезектесiп Кеңестiң мәжiлiстерiн өткiзу арқылы жүзеге асырылады.
9. Кеңестiң мәжiлiсi қажетiне қарай, жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Кезектi мәжiлiстi өткiзу орны Кеңестiң алдыңғы мәжiлiсiнде белгiленедi. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсi Келiсiмге қатысушы кез келген мемлекеттiң бастамасы бойынша және Кеңес мүшелерi көпшiлiгiнiң келiсiмiмен шақырылуы мүмкiн. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсiне бастамашылық еткен Келiсiмге қатысушы мемлекет оны өткiзудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.
Егер Кеңес мәжiлiсiнде оның мүшелерiнiң немесе оларға уәкiлеттi адамдардың жартысынан астамы қатысса, ол заңды болады.
10. Егер Кеңес өзгеше белгiлемесе, Кеңесте төрағалықты әрбiр мемлекет кезектесiп оның төрағасы – Кеңес мүшесi атынан Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң атауларының орыс әлiпбиi тәртiбiмен орнын алмастыру қағидаты негiзiнде бiр жылдан аспайтын мерзiмге жүзеге асырылады.
Кеңестiң алдыңғы және кейiнгi төрағалары оның тең төрағалары болып табылады.
11. Кеңестiң төрағасы:
Кеңестiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Кеңестiң мәжiлiсiн өткiзедi;
белгiленген тәртiппен ТМД органдарында Кеңестiң атынан өкiлдiк етедi;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң өнеркәсiптiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн органдар арасында өзара iс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
Кеңестiң қызметiн қамтамасыз етумен байланысты өзге де iс-қимылдарды жүзеге асырады.
12. Кеңес мүшесiнiң жұмыс топтарының қызметi, қабылдаған шешiмдер туралы қажеттi ақпарат алуға, сондай-ақ Кеңес құзыретi шегiнде кез келген мәселелердi талқылауға енгiзуге құқығы бар.
13. Кеңестiң мәжiлiсiне:
кеңесшi дауыс құқығымен – Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң мемлекеттiк билiк органдарының өкiлдерi;
байқаушылар ретiнде – Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң қоғамдық ұйымдарының өкiлдерi, сондай-ақ Келiсiмге қатысушы болып табылмайтын басқа мемлекеттердiң өкiлдерi, Кеңестiң мәжiлiсiнде оның мүшелерiнiң келiсiмiмен қатысатын мемлекетаралық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдардың өкiлдерi қатыса алады.
14. Кеңестiң әрбiр келесi мәжiлiсiнiң күнi мен алдын ала күн тәртiбi оның кезектi мәжiлiсiнде анықталады.
Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi органдары мен өзге де мемлекеттiк органдары Кеңестiң мәжiлiсiнде қарау үшiн ұсыныстар дайындайды.
Ұсыныстар құжаттардың немесе олардың тұжырымдамаларының алдын ала жобалары түрiнде енгiзiледi.
Мәселенi күн тәртiбiне енгiзу туралы түпкiлiктi шешiмдi Кеңес қабылдайды.
15. Рәсiмдiк мәселелер бойынша шешiмдерден басқа Кеңестiң шешiмдерi ымырамен қабылданады. Рәсiмдiк мәселелер бойынша Кеңестiң шешiмдерi Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiгi арқылы қабылданады.
V. Кеңестiң Хатшылығы
Ескерту. Ереже V-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 870 Қаулысымен.
16. Кеңес қызметiн ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етудi оның Хатшылығы жүзеге асырады.
Кеңес Хатшылығының функциялары ТМД Атқарушы комитетiнiң құрылымдық бөлiмшесiмен бiрге Кеңестiң төрағасы басшысы болып табылатын өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi органның аппаратына жүктеледi.
Кеңестiң Хатшылығы мынадай функцияларды орындайды:
қабылдаушы тараппен бiрлесiп, Кеңестiң мәжiлiстерiн өткiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Кеңес мүшелерiнiң қызметiн ұйымдастырушылық, құжаттамалық және ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
Кеңес мүшелерiнiң ұсыныстары негiзiнде Кеңес мәжiлiстерiнiң күн тәртiбiнiң жобаларын қалыптастыру және оларға жұмыс материалдарын дайындау;
Кеңестiң мәжiлiстерiне құжаттардың жобаларын дайындау және оларды келiсу;
келiп түскен материалдарды қорыту және оларды Кеңестiң мүшелерiне таратуды ұйымдастыру;
Кеңестiң мүшелерiмен оның қызмет мәселелерi бойынша хат алмасуды қамтамасыз ету;
Кеңес қабылдаған шешiмдердiң орындалу дәрежесiн көрсететiн мәлiметтердi қорыту;
Кеңестi ТМД-ның басқа органдарының және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметi туралы қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету.
17. Кеңестiң хатшысын Кеңестiң төрағасы тағайындайды және басшысы Кеңесте төрағалық ететiн өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау органының өкiлi болып табылады. Хатшының орынбасары ТМД Атқарушы комитетiнiң өкiлi болып табылады.
18. Кеңестiң Хатшылығы туралы ереженi Кеңес бекiтедi.
19. Кеңес қабылдаған құжаттарды есепке алу мен сақтауды ТМД Атқарушы комитетi жүзеге асырады.
VI. Қаржыландыру
Ескерту. Ереже VI-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 870 Қаулысымен.
20. Кеңестiң мәжiлiсiн өткiзудi қаржыландыруға байланысты шығыстар Келiсiмге қатысушы мемлекеттi қабылдаушы тиiстi мемлекеттiк билiк органының есебiнен жүзеге асырылады.
21. Кеңес мүшелерi мен сарапшылардың мәжiлiстерге қатысуына байланысты шығыстарды оларды жiберген мемлекеттiк билiк органы және ұйымдар өздері көтередi.
Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмге Әзipбайжан Республикасының
ЕРЕКШЕ ПIКIРI
Әзiрбайжан Республикасы мемлекетаралық нормалар мен ережелердi, сондай-ақ өнеркәсiптік қауiпсiздiк жөнiндегi Мемлекетаралық кеңестің ұсынып отырған шешiмi ретiнде қолданылатын болады.
Әзiрбайжан Республикасының
Премьер-Министрi
Ұсынылып отырған мәтін Мәскеу қаласында 2001 жылы 28 қыркүйекте жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары Кеңесінің мәжілісінде қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімнің көшірмесімен бірдей болып табылады. Жоғарыда аталған Келісімнің түпнұсқасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.
ТМД Атқарушы комитеті-
төрағасының орынбасары -
Атқарушы хатшысы