Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 31 қаңтар N 113

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 2001 жылғы 28 қыркүйекте Мәскеу қаласында жасалған Қауіптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ

Ресми
куәландырылған
мәтін

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер Yкiметi бұдан әрi Тараптар деп аталатын,
      қауiптi өндiрiстiк объектiлерде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығы қауiпсiздiгiнiң кепiлдігін қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсіптік қауiпсiздiктi және оларды шешу қажеттiлiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты және табиғи қоршаған ортаны техногендiк авариялардан қорғау проблемаларының маңыздылығын атап көрсете отырып,
      1992 жылғы "Өнеркәсіптiк авариялардың трансшекаралық әсерi туралы" БҰҰ EЭK Конвенциясының ережелерiн назарға ала отырып,
      Тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға ұмтыла отырып және жинақталған тәжiрибе мен ғылыми-техникалық жетiстiктердiң өзара тиiмдi шарттары негiзінде қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде үйлескен iс-қимыл қажеттiлiгiн басшылыққа ала отырып,
      төмендегiлер жөнiнде келiстi:

  1-бап

      Тараптар қауiптi өндiрiстiк объектiлepдегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында ұлттық саясатты жасау және iске асыру мәселелерiнде толық дербестiкке ие бола отырып, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiкті қамтамасыз ету саласында құқықтық реттеу мен мемлекеттiк қадағалауды қалыптастырудың ұлттық қағидаттары мен көзқарасын негiзге ала отырып:
      қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптік қауiпсiздіктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша келiсiлген саясат жүргiзудi және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында құқықтық реттеу мен мемлекеттiк қадағалаудың жалпы көзқарасы мен қағидаттарын қалыптастыруды дұрыс деп санайды;
      өнеркәсіптік қауіпсiздiктің талаптарын нормативтік-техникалық құжаттардың келiсiлген тiзбесi бойынша мемлекетаралық нормалар мен ережелер ретiнде мойындайды, ол осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң ұлттық заңнамаларын және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң нормативтiк тұрғыдан реттелуiн жетiлдiруге бағытталған бiрлескен жұмыстардың нәтижелерiн есепке ала отырып, қажетiне қарай қайта қаралады;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң келiсiлген немесе бiрлесiп әзiрлеген талаптарын, оның ішінде саудадағы техникалық кедергілердi жою үшiн өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң көрсетiлген талаптарының халықаралық нормалары мен стандарттарына қажеттi үйлесiмділігiн ескере отырып, қауiптi өндiрiстiк объектілердегi өнеркәсіптiк қауiпсiздіктiң қамтамасыз етілуін сақтайтын нормативтiк-техникалық құжаттарды қабылдайды;
      техногендiк авариялардың, апаттардың жай-күйi, себептерi мен зардаптары және қауiпті өндiрiстiк объекттерде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң жарақат алуы, сондай-ақ өнеркәсiптік қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы талдамалық және статистикалық материалдар туралы тұрақты негiзде ақпараттар алмасуды жүзеге асырады;
      құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру және қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етудің басқа да мәселелерiн, оның iшiнде eкі жақты және көп жақты келісiм-шарттардың, бағдарламалардың және техникалық жобалардың негiзiнде келiсiп шешедi.

  2-бап

      Тараптар қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында келiсiлген қызметтi мына бағыттар бойынша жүзеге асырады:
      қауiптi өндiрiстiк объектiлердi жобалауға, салуға, пайдалануға, кеңейтуге, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, тоқтатып қоюға және жоюға, сондай-ақ қауіптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын техникалық құрылғыларды дайындауға, монтаждауға, ретке келтiруге, қызмет көрсетуге және жөндеуге қойылатын өнеркәсiптік қауiпсiздiк талаптарын белгілеу;
      өнеркәсіптiк қауiпсiздiк саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялаудың ұлттық рәсiмдерiн, талаптары мен шарттарын, сондай-ақ қауiптi өндiрiстiк объектiлерде техникалық құрылғыларды қолдану тәртiбi мен шарттарын жақындастыру;
      қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланушы ұйымдарды қызметкерлерiн (мамандары мен персоналдарын) даярлау және аттестаттау жөнiндегi ұлттық рәсiмдер мен талаптарды жақындастыру;
      мемлекетаралық бағдарламалар мен техникалық жобаларды әзiрлеу және iске асыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бiрлесiп жүргiзу;
      өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ақпараттар алмасу симпозиумдар, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, кеңестер және басқа да iс-шаралар өткiзу;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк қадағалау органдары, сондай-ақ тиiстi сараптау және ғылыми-зерттеу ұйымдары арасындағы тұрақты байланысқа және кеңестерге көмек көрсету;
      мамандар даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру.
      Тараптар бiрлесiп қабылдаған бағдарламаларды, жобаларды және iс-шараларды iске асыру үшiн қаржыландыру тәртiбi мен шарттарын айқындайды.

  3-бап

      Тараптар осы Келiсiм аясында алынатын құжаттамалар мен өткiзiлетiн жұмыстар туралы және қол жеткiзiлген ғылыми-техникалық нәтижелер туралы ақпараттардың құпиялылығын сақтауды, егер берушi Тарап оның құпиялылығын сақтауға келiскен болса, қамтамасыз етедi.

  4-бап

      Осы Келiсiмдi iске асыру үшiн Тараптар өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөніндегi мемлекетаралық кеңес құрады. Кеңес Ережеге сәйкес iс-қимыл жасайды, ол осы Келiсiмнiң ажыратылмайтын бөлiгi болып табылады.

  5-бап

      Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Келiсiмге қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады, олар осы Келiсiмнiң ажыратылмайтын бөлiгi болып табылатын тиiстi хаттамалармен ресімделедi.

  6-бап

      Осы Келiсiм өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында Тараптардың бұрын жасаған халықаралық келiсiм-шарттарынан туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.

  7-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi Тараптар қол қойған мемлекеттiк iшiндегi рәсiмдердiң орындалғаны туралы депозитаридың үшiншi хабарландыру қағазы тапсырылған күнiнен бастап күшiне енедi. Мұндай рәсiмдердi кейiн орындаған Тараптар үшiн осы Келiсiм депозитариге сақтауға берген тиiстi құжаттарды тапсырған күннен бастап күшiне енедi.

  8-бап

      Осы Келiсiм барлық Тараптардың келiсiмiмен оның мақсаттары мен қағидаттарын бөлiсетiн басқа мемлекеттердің оған қосылуы үшiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiне осындай қосылу туралы құжаттарды беру арқылы ашық жүргiзiледi. Мұндай мемлекет үшiн осы Келiсiм осындай қосылуға келiскендiгi туралы депозитаридың соңғы хабарын алған күннен бастап күшiне енедi.

  9-бап

      Осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап бес жыл бойы күшiнде болады. Осы Келiсiмнiң бұл мерзiмi бiткеннен кейiн автоматты түрде әр бес жыл мерзiмге ұзартылып отырады, егер Тараптар басқа шешiм қабылдамаса.
      Әрбiр Тарап шығуы туралы алты айдан кешiктiрмей жазбаша түрде депозитариге ескерту жiберу арқылы осы Келiсiмнен шыға алады.
      Келiсiм Мәскеу қаласында 2001 жылғы 28 қыркүйекте түпнұсқасы орыс тiлiнде бiр дана болып жасалды. Түпнұсқасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады, қол қойылған осы Келiсiмнiң куәландырылған көшiрмелерi әрбiр мемлекетке жіберiлсiн.

Әзiрбайжан Республикасының            Молдова Республикасының
      Үкiметi үшiн                        Үкіметі үшін

Армения Республикасының               Ресей Федерациясының
      Үкiметi үшiн                        Үкіметі үшін

Беларусь Республикасының              Тәжiкстан Республикасының
      Үкiметi үшiн                        Үкiметi үшiн

Грузия Үкіметі үшін                   Түркіменстан Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының             Өзбекстан Республикасының
      Үкіметі үшін                         Үкіметі үшін

Қырғызстан Республикасының            Украина Үкіметі үшін
      Үкіметі үшін

Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде  
өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi    
қамтамасыз ету саласындағы    
ынтымақтастық туралы      
2001 жылғы 28 қыркүйекте    
жасалған келiсiмге       
қосымша             

Өнеркәсiптiк қауіпсiздiк жөнiндегi мемлекетаралық
кеңес туралы

  І. Жалпы ережелер

      1. Өнеркәсіптiк қауiпсiздiк жөнiндегi мемлекетаралық кеңес (бұдан әрi - Кеңес) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiкті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмдi (бұдан әрi - Келiсiм) iске асыру үшiн құрылады.
      2. Кеңес қызметiнiң негiзгi мақсаты Келiсiмге қатысушы- мемлекеттердің және тиiстi уәкілеттi органдардың өнеркәсiптік қауiпсiздіктi қамтамасыз ету саласында келiсiлген iс-қимылдар мен қабылданған iс-шараларды қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Кеңес өзiнiң қызметiнде Келiсiмдi және осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Кеңес өзiнiң қызметiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiмен және басқа да жарғылық және салалық органдармен өзара тығыз байланыста жүзеге асырады.
      5. Кеңес өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау органдарының, Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердің (уәкiлеттi органдардың) өкiлеттi өкiлдерiнен - басшыларынан, Кеңестің мүшелерінен құрылады.
      Келiсiмге қатысушы әр мемлекет Кеңесте бiр дауысқа ие болады.
      Кеңестiң құрамына кеңесші дауыс құқығымен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетiнің өкiлi кiредi.

  II. Кеңес қызметiнiң бағыттары мен мiндеттерi

      6. Кеңес қызметiнің негiзгi бағыттары мен мiндеттерi:
      өнеркәсіптік қауiпсiздіктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың басымды бағытын айқындау және келiсiлген саясат жүргiзу;
      ынтымақтастықты дамыту, құқықтық реттеу, мемлекеттік қадағалау және өнеркәсiптiк қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында шешiлетiн iс-қимылдардың бағдарламалары мен жоспарларын қабылдау;
      Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң уәкілеттi органдармен келiсiлген немесе бiрлесiп әзiрлеген өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарын iске асыру үшiн қабылдау;
      саудадағы техникалық кедергілердi жоқ үшiн өнеркәсiптiк қауiпсiздіктiң талаптарын халықаралық нормалармен және стандарттармен нормативтiк реттеу және үйлесiмдiлiк саласында келiсілген іс-қимылмен қамтамасыз ету;
      Келiсiмге қатыспайтын тиiстi мемлекеттiк органдармен өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық;
      қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауіпсiздіктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың құқықтық, өндiрiстiк, экономикалық, экологиялық, ұйымдастырушылық және басқа да мәселелерiн келiсу;
      техногендiк аварияның жай-күйi, себептерi мен зардаптары және қадағалаудағы объектiлерде жұмыс iстейтін қызметкерлердiң жарақат алуы туралы ақпараттармен, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы талдамалық және статистикалық материалдармен алмасуды қамтамасыз ету болып табылады.

  III. Кеңестiң құқықтары

      7. Қызмет өзiнiң бағыттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн:
      Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң тиiстi уәкiлеттi органдарынан өздерiнiң мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi ақпарат, сондай-ақ Кеңестiң шешiмiн орындау туралы ақпарат сұратуға;
      Кеңестiң даярлаған құжаттар жобасын бас мемлекеттер Кеңесiнiң, бас үкiмет Кеңесiнiң және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының басқа да органдарының қарауына белгiленген тәртiпте ұсынуға;
      Кеңес қызметiнiң мәселелерiн шешу және Келiсiмдi iске асыру үшiн жұмыс топтарын құруға;
      өз жұмысының регламентiн жасауға және бекiтуге, сондай-ақ оған өзгерiс енгiзуге құқығы бар.

  IV. Кеңес жұмысын ұйымдастыру және оның тәртiбi

      8. Кеңес қызметiн ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетi жүзеге асырады.
      9. Кеңестiң мәжiлiсi қажетiне қарай жылына бiр рет өткiзiледi. Кезектен тыс Кеңестің мәжiлiсi Келiсiмге қатысушы - қай мемлекеттiң болмасын бастамасы бойынша шақырылуы мүмкiн.
      10. Кеңесте төрағалық етушiнің қызметiн ол өтiп жатқан аумақтағы мемлекеттi көрсететiн Кеңестің мүшесi жүзеге асырады. Сонымен бiрге ол Кеңес төрағасының мiндетiн кезектi мәжiлiске дейiн атқарады.
      11. Кеңес мәжiлiсiн өткiзуге кететiн шығындарға Кеңес мәжiлiсi өтiп жатқан аумақтағы Келiсiмге қатысушы-мемлекет жауаптылықта болады.
      12. Кеңестiң мүшесi:
      Кеңес қызметiне қатысты Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнен;
      Кеңестiң мiндеттерiн шешу үшiн құрылған жұмыс тобының қызметi туралы;
      Кеңестiң қабылдаған шешiмi туралы қажеттi ақпарат алуға құқылы.
      Сонымен қатар Кеңес мүшесiнiң қандай да болмасын мәселелердi Кеңес құзыретiнің шегiнде талқылауға енгiзуге құқығы бар.
      13. Кеңестiң мәжiлiсiне мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың, мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың және Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер кәсіпорындарының байқаушы немесе сарапшы ретiнде өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.
      14. Келесi Кеңес мәжiлiсiн өткiзу орны, айы-күнi және алдын ала күн тәртiбi Кеңестің кезектi мәжiлiсiнде белгiленедi.
      15. Кеңестiң шешiмi мүдделi Тараптардың келiсiмi болып қабылданады. Рәсiмдi мәселелер бойынша шешiм Кеңес мүшелерiнің көпшiлiк дауысымен қабылданады.

  Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмге Әзipбайжан Республикасының
ЕРЕКШЕ ПIКIРI

      Әзiрбайжан Республикасы мемлекетаралық нормалар мен ережелердi, сондай-ақ өнеркәсiптік қауiпсiздiк жөнiндегi Мемлекетаралық кеңестің ұсынып отырған шешiмi ретiнде қолданылатын болады.

       Әзiрбайжан Республикасының
          Премьер-Министрi

      Ұсынылып отырған мәтін Мәскеу қаласында 2001 жылы 28 қыркүйекте жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары Кеңесінің мәжілісінде қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімнің көшірмесімен бірдей болып табылады. Жоғарыда аталған Келісімнің түпнұсқасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.

      ТМД Атқарушы комитеті-
      төрағасының орынбасары -
      Атқарушы хатшысы