Сот шешiмi туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 5 нормативтік қаулысы

Жаңартылған

      Сот актiлерiн шығаруды регламенттейтiн Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң (бұдан әрi - АIЖК-нiң) нормаларын дұрыс және бiртектi қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулы етедi:

      1. Сот азаматтық iстер бойынша АIЖК-нiң 21-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес шешiмдер, ұйғарымдар, қаулылар және бұйрықтар нысанында сот актiлерiн қабылдайды.
      Заңды күшiне енген сот шешiмдерi, ұйғарымдары, қаулылары, азаматтық істер бойынша бұйрықтары барлық мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, қоғамдық бiрлестiктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мүлтiксiз орындалуға тиiс.
      Бiрiншi сатыдағы сот iстi мәнi бойынша қарағанда сот актiсi АIЖК-нiң 217-бабына сәйкес шешiм нысанында шығарылады.
      Шешiмнiң құрылымы мен мазмұны туралы АIЖК-нiң 220, 221-баптарының талаптары iс жүргiзудiң барлық түрлерi (талап қою бойынша iс жүргiзу, ерекше талап қоюмен және ерекше iс жүргiзу) үшiн мiндеттi. Заңмен көзделген жағдайларда (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын даулау жөнiндегi iстер бойынша, заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң конкурстық өндiрiсi шеңберiнде қаралатын iстер бойынша) сот актiлерi соттың ұйғарымы нысанында қабылданады.

      2. Сот бұйрығы даусыз талаптар бойынша шығарылады, олардың түбегейлi тiзбесi АIЖК-нiң 140-бабында көрсетiлген және оның мазмұны АIЖК-нiң 146-бабының талаптарына сай келуге, сондай-ақ борышкердiң мәлiмделген талапқа оның қарсылығын беру тәртiбi мен мерзiмi туралы түсiндiрменi қамтуға тиiс.

      3. Бiрiншi сатыдағы сот шешiмдi Қазақстан Республикасының атынан сот отырысында заңға және нақты дау бойынша сот анықтаған фактiлерге қатаң сәйкестiкте шығарады.
      Тараптардың, талапкердiң не жауапкердiң жағынан қатысатын үшiншi тұлғалардың, iске қатысатын басқа да тұлғалардың түсiнiктемелерi, куәлардың жауаптары, сарапшылардың, мамандардың анықтамалары шешiмде үшiншi жақтан келтiрiлiп жазылады. Сот шешiмiнiң мәтiнiне ресми құжаттарда қолданылмайтын, қабылданбаған қысқартулар мен сөздердi қолдануға, сот түсiнiктеме бермеген түзетулердi енгiзуге болмайды.
      Шешiмдi судья кеңесу бөлмесiнде жазбаша түрде дайындайды және оның қолдан жазылуы, машинкада немесе компьютерде басу әдiсiмен бiр дана етiп жасалуы мүмкiн. Шешiмге судья қол қояды, содан кейiн ол iстiң талқылануы аяқталған нақ сол сот отырысында iске қатысқан тұлғалар алдында жарияланады.
      Iс бойынша шешiм жарияланған күн шешiмнiң шығару күнi болып табылады.
      Заңмен белгiленген жазбаша түрде дайындалмаған және судья қол қоймаған ауызша қорытындыларды жария ету сот шешiмi болып табылмайды.

      4. Сот шешiмi АIЖК-нiң 14-бабына сәйкес белгiленген сот iсi жүргiзiлетiн тiлде жазылуға тиiс.
      Сот iсi жүргiзiлген тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi бiлмейтiн iске қатысқан адамдарға iс бойынша шығарылған сот актiлерiн олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн басқа тiлге аударып беруге сот мiндеттi.

      5. АIЖК-нiң 218-бабына сәйкес сот шешiмi заңды және негiздi болуға тиiс.
      Шешiм iс жүргiзу құқығының нормалары сақтала отырып және осы құқықтық қатынасқа қолдануға жататын материалдық құқық нормаларына толық сәйкестiкте шығарылғанда немесе ұқсас қатынасты реттейтiн заңның қажеттi негiздерiн қолданғанда не азаматтық заңнаманың жалпы бастауларынан және мәнiнен, адалдық, парасаттылық пен әдiлдiк (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 5-бабы және АIЖК-нiң 6-бабы ) талаптарынан туындағанда, заңды болып табылады.
      Iс үшiн маңызы бар фактiлер, заң талаптарына сай сот отырысында өндiрiлген осы фактiге қатысты жол берiлген және шынайы дұрыс дәлелдермен құпталса немесе дәлелдеудi қажет етпейтiн жалпыға мәлiм мән-жайларға сәйкес келсе немесе iс бойынша жинақталған дәлелдемелер дауды шешу үшiн жеткiлiктi болса, ондай шешiм негiздi болып саналады.

      6. Сот актiлерi шешiм нысанында iстi мәнi бойынша қараған кезде шығарылады. Шешiмнiң қарар бөлiгiне мәнi бойынша қаралмаған талап-арыз талаптары бойынша сот қорытындыларын енгiзуге жол берiлмейдi. Осы талаптар бойынша сот қорытындылары шешiмнен бөлек ұйғарым нысанындағы (арызды қараусыз қалдыру, iс жүргiзудi қысқарту туралы) сот актiсiнде баяндалуға тиiс.

      7. АIЖК-нiң 220-бабына сәйкес мәнi бойынша дауды шешу кезiнде сот кiрiспе, дәлелдеу және қарар бөлiктерiнен тұратын қысқаша (қысқартылған) шешiм шығарады.
      Қысқаша (қысқартылған) шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде бiрiншi сатыдағы сот анықтаған iстiң мән-жайлары, оларды қолдайтын дәлелдемелер, сот қорытындылары, сондай-ақ сот басшылыққа алған заңдар келтiрiледi. Дәлелдемелер олардың толық мазмұны ашылмай-ақ баяндалуы мүмкiн.
      Шешiм заңды күшiне енгенге дейiн тараптардың жазбаша өтiнiшi бойынша не өзiнiң қалауы бойынша сот кiрiспе, сипаттау, кеңейтiлген дәлелдеу және қарар бөлiктерiнен тұратын толық негiзделген шешiм шығарады. Бұл орайда қабылданған сот шешiмi мәнi бойынша қысқаша (қысқартылған) шешiмге қарама-қайшы келмеуге тиiс.
      Толық негiзделген шешiм тараптың жазбаша өтiнiшi түскен сәттен бастап бес күндiк мерзiмде шығарылуға тиiс. Дәлелдеме шешiмде қысқаша (қысқартылған) шешiмде көрсетiлген датаға сәйкес дата көрсетiледi. Iске мiндеттi түрде қысқаша (қысқартылған) шешiм мен толық негiзделген шешiм қосылуға тиiс.

      8. Сырттай iс жүргiзу тәртiбiмен iс қаралған кезде қысқаша (қысқартылған) шешiм шығаруға жол берiлмейдi. Сот кiрiспе, баяндау, дәлелдеу және қарар бөлiктерiнен тұратын толық негiзделген шешiм шығаруға мiндеттi.
      Сырттай шешiмнiң қарар бөлiгiнде жауапкердiң осы шешiмдi бұзуы туралы арызды беру мерзiмi мен тәртiбi, сондай-ақ оған шағымданудың тәртiбi көрсетiлуге тиiс.

      9. Шешiмнiң кiрiспе бөлiгiнде шешiмдi шығарудың уақыты мен орны, шешiмдi шығарған соттың толық және дәл атауы, соттың құрамы, сот отырысының хатшысы, сот приставы, тараптар, iске қатысатын басқа да тұлғалар мен өкiлдер, даудың мәнi немесе мәлiмделген талап көрсетiледi.
      Егер тараптар заңды тұлғалар болса, онда осындай тұлғаның атауын заңды тұлғаны тiркеу туралы құжаттарға сәйкес көрсеткен жөн.
      Шешімнiң шығарылу орны сол шешiм шығарылған қаланың немесе өзге де елдi мекеннiң атауына байланысты болады.

      10. Мәлiмделген талаптардың мазмұны, соның iшiнде, егер талапкер талаптың негiздемесiн немесе нысанын өзгертсе, мөлшерiн азайтса, шешiмнiң сипаттау бөлiгiнде көрсетiлуге тиiс.
      Егер АIЖК-нiң 157-бабында көзделген негiздемелер бойынша сот қарсы талап-арызды қарауға қабылдаса, онда сипаттау бөлiгiнде қарсы талаптардың да мазмұны көрсетiледi.
      Бұдан басқа шешiмнiң сипаттау бөлiгiнде жауапкердiң қарсылықтары мен iске қатысатын басқа да тұлғалардың түсiнiктемелерi болуға тиiс.

      11. Соттың толық негiзделген шешiмiнiң дәлелдеу бөлiгiнде АIЖК-нiң 64-бабының 2-бөлiгiне сәйкес дәлелдеу түрлерiмен - тараптардың және үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерiмен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелерiмен, сарапшылардың қорытындыларымен, iс жүргiзушiлiк хаттамаларымен және басқа құжаттармен белгiленген iстiң мән-жайлары болуға тиiс.
      Шешiм iстiң мән-жайлары туралы болжамдарға негiзделе алмайды. Сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелермен сот шешiмiн негiздеуге жол берiлмейдi.
      Егер дәлелдемелердi жинау соттың тапсырмасын орындау тәртiбiмен жүргiзiлсе, онда сот өз шешiмiн ол тапсырмаларды сот отырысында жария етiп, зерттеген жағдайда ғана оларды дәлелдемелер ретiнде негiздеуге құқылы. Егер iске қатысушы тұлғалар немесе АIЖК-нiң 72-бабының тәртiбiмен тапсырманы орындаған сотқа түсiнiктемелер немесе жауап берген iске қатысушы тұлғалар немесе куәлар iстi қарайтын сотқа келсе, олар түсiнiктемелерi мен жауаптарын жалпы тәртiппен бередi.
      АIЖК-нiң 74- 76-баптарымен көзделген тәртiппен дәлелдемелердi қамтамасыз ету жөнiнде iс жүргiзу әрекеттерi жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл орайда жиналған дәлелдемелер (хаттамалар және басқа материалдар) сот отырысында зерделенген жағдайда, сот осы дәлелдемелермен шешiмдi негiздеуге де құқылы.

      12. Сарапшының қорытындысы басқа дәлелдемелерге қарағанда басымдыққа ие болмайды және сот үшiн мiндеттi болып табылмайды. Ол басқа дәлелдемелердiң жиынтығында бағалануға тиiс. Сарапшы қорытындысын бағалау шешiмнiң толық негiзделген бөлiгiнде берiлуге тиiс. Бұл орайда сот сарапшы қорытындыларының немен негiзделгенiн, сараптамаға ұсынылған материалдардың толық зерделенгенiн оларға тиiсiнше талдау жасалғанын көрсетуге тиiс. Сарапшының қорытындысымен келiспейтiндiгiн сот өз шешiмiнде негiздеуге мiндеттi.
      Егер сараптама жүргiзу бiрнеше сарапшыларға тапсырылса, олардың әрбiрi сараптамалық зерттеу нәтижесi бойынша жекелеген қорытындылар берген болса, онда сот әрбiр сарапшының қорытындысымен келiсетiнiн не келiспейтiнiн негiздеуге тиiс.
      АIЖК-нiң 96-бабының 6-бөлiгiне сәйкес дәлелдемелер ретiнде тек сараптама қорытындысына дейiн сарапшының сот отырысында ауызша берген түсiнiктемелерi қабылдануы мүмкiн.

      13. АIЖК-нiң 71-бабына орай қылмыстық iс бойынша заңды күшiне енген талап-арызды қанағаттандыру құқығы танылған сот үкiмi осы үкiммен кiнәлi болып танылған адамның азаматтық-құқықтық қатынасынан туындаған iс үшiн мiндеттi. Сонымен қатар бұл үкiмнiң: бұл әрекеттер орын алды ма деген мәселелер бойынша, сондай-ақ үкiммен белгiленген басқа да мән-жайларға және олардың құқықтық бағалануына қатысты преюдициялық маңызы бар. Осындай қылмыстық iстен туындайтын талап-арызды қарайтын сот жауапкердiң кiнәлiлiгiн талқылауға құқылы емес, алайда, шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде азаматтық iсте бар, берiлген соманың көлемiн (мысалы, жауапкердiң мүлiктiк жағдайын немесе жәбiрленушiнiң кiнәсiн есепке алу) негiздейтiн дәлелдемелердi келтiруге құқылы.
      Бұрын қаралған азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген сот шешiмiмен белгiленген мән-жайлар сот үшiн мiндеттi және нақ сол адамдардың қатысуымен басқа азаматтық iстердi қарау кезiнде қайтадан дәлелденбейдi.
      Әкiмшiлiк iстер жөнiндегi актiлермен және прокурордың, тергеу және анықтау органдарының актiлерiмен анықталған фактiлер мен мән-жайлардың азаматтық iстердi қарау кезiнде преюдициялық маңызы болмайды. Олар жалпы тәртiппен анықталуға тиiс.

      14. АIЖК-нiң 49-бабының мәнi бойынша талап-арызды мойындау жауапкердiң құқығы болып табылады. Егер жауапкердiң талап-арызды мойындауы қандай да бiр адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн бұзбайтын болса, онда сот шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде талап-арыздың мойындалғанын және оның сотпен қабылданғанын көрсетедi.

      15. Егер сот дәлелдемелердi әрқайсысын жеке және жиынтығында бағалай отырып, кейбiр ұсынылған материалдар, куәлардың айғақтары, басқа да нақты деректер әр тараптың өз талаптары мен қарсылықтары туралы мән-жайларын құптамағандығын анықтаса, онда ол бұл туралы қорытындыларын шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде негiздеуге мiндеттi.
      Сот отырысында соттың сұратуы бойынша тараптың дауды дұрыс шешу үшін маңызы бap дәлелдемелерді ұстап қалу және оны ұсынбау фактісі анықталған болса, онда сот шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде дәлелдемелердiң жиынтығын негiзге алып, бұл дәлелдемелерде қамтылған мәлiметтердi АIЖК-нiң 66-бабының 10-бөлiгiмен көзделген талаптарды ескере отырып бағалайды.
      Шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде соттың осы құқықтық қатынастарға қолданған материалдық заңды және сот басшылыққа алған iс жүргiзу нормаларын көрсету қажет.

      16. АIЖК-нiң 219-бабының 2-бөлiгiне және 49-бабының 2-бөлiгiне сәйкес сот iстi талапкер мәлiм еткен талаптар шегiнде шешедi және талап-арыздың мәнiн немесе негiздемесiн өз бастамасы бойынша өзгертуге құқығы жоқ. Алайда, сот шешiм шығара отырып, егер мұндай шешiм талапкердiң құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерi үшiн қажет деп санаса, сондай-ақ заңда көзделген басқа да жағдайларға байланысты болса, талапкердiң келiсiмiмен сот талаптардың шегiнен шығуы мүмкiн. Мәселен, ата-ана құқықтарын шектеу немесе одан айыру туралы шешiм шығарумен бiрге баланы асырауға алименттi өндiру жайлы сот шешiм қабылдауға құқылы ("Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 3-тармағы, 71-бабының 5-тармағы).
      Талап-арыздың мәнi талапкердiң (арыз берушiнiң) нақты талаптарымен келiсiледi және жүгiнушiнiң құқықтары, бостандықтары немесе заңды мүдделерi бұзылуының немесе бұзылуына қауiп төнуiнiң мәнi көрсетiле отырып, материалдық-құқықтық талап ретiнде анықталады.
      Талап-арыздың негiздемесi деп мүдделi адам көрсеткен, өзiнiң талап-арызының мәнi болып табылатын материалдық-құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруiне немесе тоқтатылуына әсер ететiн фактiлер түсiнiлуге тиiс.
      Талап-арыздың мөлшерiн ұлғайтуды немесе азайтуды, мәселе талап-арыздың көлемiн нақтылау туралы болғандықтан, талап-арыздың мәнiн өзгерту ретiнде қарауға болмайды.

      17. Шешiмнiң қарар бөлiгi дәлелдеу бөлiгiнде белгiленген нақты мән-жайлардан туындайтын соттың қорытындысы болуға тиiс.
      Шешiмдi орындау кезiнде айқынсыздықтар мен даулардың болмауы үшiн шешiмнiң қарар бөлiгiн сот анық және түсiнiктi болатындай етiп жазуға мiндеттi.
      Шешiм талапкердiң мәлiмделген барлық талаптары бойынша қабылданады.
      Бiр iс бойынша бiрнеше талаптар қосылған болса, немесе сот қарсы талап-арызды, не даудың мәнiне дербес талаптарын мәлiмдеген үшiншi тұлғалардың талап-арызын қарауға қабылдаған жағдайда, шешiмнiң қарар бөлiгiнде әрбiр талап бойынша кiмнiң, қандай нақты әрекеттердi және кiмнiң пайдасына, дауланған құқықтың қай тараптың пайдасына шешiлгенi соттың қаулысында нақты қорытындыланып көрсетiлуге тиiс.
      Iске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен мiндеттерi туралы мәселенi шешуге соттың құқығы жоқ.
      Сондай-ақ заңда көрсетiлген басқа да мәселелер, атап айтқанда: сот шығындарының өтелуi, сот шешiмiне шағымдану тәртiбi мен мерзiмi, шешiмнiң орындауға қабылдану мерзiмi және оның орындалуын қамтамасыз ету мен орындау жөнiндегi шаралар, талап-арыздың орындалуын қамтамасыз ету туралы мәселенiң күшiн жою не сақталуы шешiлуге тиiс.
      Мәлiмделген талаптардан толық немесе iшiнара бас тарту туралы шешiм шығару кезiнде ол кiмге қатысты және неден бас тартылғаны дәл көрсетiлуге тиiс.

      18. АIЖК-нiң 100-бабына сәйкес сот шығындары iс бойынша мемлекеттiк баждан және iс жүргiзуге байланысты кеткен шығындардан тұрады.
      Мемлекеттiк баж сомасын анықтау кезiнде сот "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң нормаларын басшылыққа алуға тиiс (Салық кодексi).
      Iс бойынша пайда болған шығындарды iстi қарау және шешу, сондай-ақ ол жөнiнде шығарылған шешiмдi орындау кезiнде мүдделi тұлғалардың нақты көтерген шығындары құрайды. Iс бойынша iс жүргiзуге байланысты шығындардың үлгi тiзбесi АIЖК-нiң 107-бабында қамтылған.
      Қай тараптың пайдасына шешiм шығарылса, сот АIЖК-нiң 110-бабына орай екiншi жақтан, оның алғашқыда сот шығындарын өтеуден босатылғанына қарамастан, барлық шығындарды содан өндiредi.
      Талапкер талап-арыздан бас тартқан кезде ол шеккен шығындардың орнын жауапкер толтырмайды. Егер талапкер талап-арыз берiлгеннен кейiн жауапкердiң оларды ерiктi түрде қанағаттандыруы нәтижесiнде өз талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талапкердiң өтiнiшi бойынша талапкер шеккен сот шығындары мен өкiлдiң көмегiне төлеу жөнiндегi шығындарды жауапкерден өндiрiп беруге құқылы.
      Талап-арыз iшiнара қанағаттандырылған кезде сот талапкер шеккен шығындарды талап-арыздың сотпен қанағаттандырған талаптарының мөлшерiне барабар, ал жауапкерге - талап-арыз талаптарының талапкерге бас тартылған бөлiгiне барабар тағайындайды.
      Процеске қатысушы өкiлдердiң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi шығындар тараптың нақты шеккен шығындары мөлшерiнде өндiрiлiп алынуы мүмкiн екенiн, бiрақ ақшалай талаптар бойынша өндiрiлетiн сома талап-арыздың қанағаттандырылатын бөлiгiнiң он процентiнен аспауға тиiс екенін соттардың ескергенi жөн (АIЖК-нiң 111-бабы).
      Бiрнеше жауапкерi бар iстер бойынша шешiмдер шығару кезiнде олардан сот шығындары ортақ қатынаста емес, үлестiк қатынаста өндiрiлiп алынады.

      19. Белгiлi бiр құқықты тану туралы iстер бойынша талап-арызды қанағаттандыру кезiнде сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде тек құқықтың бар екенi ғана емес, сонымен бiрге бұл танудың әкеп соғатын құқықтық салдарларын (мысалы, неке жарамсыз деп танылған кезде мұндай некенi тiркеу туралы акт жазбасы жойылады) көрсетуге мiндеттi.

      20. Азаматтық кодекстiң 127-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында белгiленген құны бойынша қолдануға мiндеттi заңды төлем құралы теңге болып табылады. Ақша сомаларын өндiрiп алу туралы талап-арыздар бойынша талаптарды қанағаттандыру кезiнде АIЖК-нiң 223-бабын қолдануға қатысты шешiмнiң қарар бөлiгiнде өндiрiлiп алынатын сомалардың мөлшерi цифрлармен және сөздермен, Қазақстан Республикасының ақша бiрлiгi - теңгемен көрсетiлуге тиiс. Мерзiмдi төлемдердi өндiрiп алу кезiнде сот өндiрiп алу жүргiзiлетiн кезеңдi көрсетуге мiндеттi.
      Ақша сомасын шетел валютасымен өндiрiп алу кезiнде сот шетел валютасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шешiм шығаратын күнге белгiлеген бағамы бойынша теңгеге айналдыру жөнiндегi есептердi шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде келтiруге мiндеттi.
      Сот Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен, салық және кеден заңнамаларында көзделген, сондай-ақ тараптардың бiрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қаржы министрлiгi болған ("Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы ) жағдайларда, валюта операциясын жасау кезiнде пайда болған құқықтық қатынастар бойынша ақша сомасын шетел валютасы түрiнде өндiрiп алу туралы шешiм шығаруға құқылы.

      21. Сот мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерi (әрекетсiздiгi) мен шешiмдерiн заңсыз деп тану туралы iстер бойынша арызды қанағаттандырған жағдайда, шешiмнiң қарар бөлiгiнде дауланып отырған әрекеттi (әрекетсiздiктi) немесе шешiмдi заңсыз деп тануға тиiс. Сот АIЖК-нiң 282-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн толығымен қалпына келтiру жөнiнде шаралар қабылдайды, шешiмнiң қарар бөлiгiнде бұл жөнiнде көрсетiлуi тиiс.

      22. Нормативтiк құқықтық актiнi заңға толық немесе iшiнара қайшы деп тану туралы iстер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздары қанағаттандырылған жағдайда, сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде мұндай актiнi акт қабылданған сәттен бастап толығымен не оның бiр бөлiгi қолданылуға жатпайды деп тануға мiндеттi. Сот сондай-ақ нормативтiк құқықтық акт жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарын сот шешiмi туралы хабарламаны сот белгiлеген мерзiмде жариялауға мiндеттейдi.

      23. Сот мүлiктi заттай алып беру кезiнде шешiмнiң қарар бөлiгiнде мүлiктiң жеке анықталған белгiлерiн және құнын көрсетедi.
      Ортақ меншiктегi мүлiктi пайдалану не осындай мүлiктi (жер учаскелерi, үй құрылыстары және т.б.) бөлу тәртiбiн анықтау кезiнде сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде тараптардың әрқайсысына берiлетiн мүлiк бөлiгiнiң мөлшерi мен шегiн, сонымен қатар ортақ пайдалануда қалған мүлiк бөлiгiнiң мөлшерi мен шегiн, өтетiн жерлердiң мөлшерi мен шекарасын, кiрiп-шығатын жерлердi әзiрлеу, шарбақтар орнатуды, үй-жайларды қайта жоспарлау тәртiбi мен назар аударуға лайық басқа да мән-жайларды анық әрi дәл көрсетуге тиiс.

      24. Шешiмнiң қарар бөлiгiнiң мазмұны iстiң жекелеген санаттары бойынша қаралып отырған қатынастарды реттейтiн материалдық және iс жүргiзу құқығы нормаларына сәйкес келуге тиiс. Атап айтқанда:
      а) некенi бұзу туралы iстер бойынша шешiмнiң қарар бөлiгi тараптардың барлық сұрақтары бойынша, оның iшiнде бiрлесiп қарау үшiн бiрiктiрiлген (некенi бұзу, алименттi өндiрiп алу, бiрлесiп жинаған мүлiктi бөлу және т.б) талаптары бойынша сот тұжырымдарымен қамтылуға тиiс. Сондай-ақ некенiң бұзылуын тiркеу үшiн қажеттi мәлiметтер, атап айтқанда: некенiң тiркелген күнi, акт жазбасының нөмiрi, некенi тiркеген органның атауы, ерлi-зайыптылардың неке туралы куәлiк бойынша тектерi, ерлi-зайыптылардың неке қиылғанға дейiнгi тектерi; некенiң бұзылғанын тiркеу үшiн тараптар арасында "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 498-бабымен белгiленген ставкалар бойынша мемлекеттiк бажды бөлу туралы көрсетiлуге тиiс.
      Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының қайсысымен бiрге тұратыны туралы ерлi-зайыптылар арасында келiсiм болмаған жағдайда, сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде кәмелетке толмаған балалардың неке бұзылғаннан кейiн кiммен бiрге тұратынын анықтап көрсетуге тиiс.
      Шешiмнiң осы бөлiгiнде сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап некенiң бұзылатыны көрсетiлуге тиiс;
      б) ұл (қыз) асырап алу туралы iстер бойынша өтiнiш негiздi болған жағдайда сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде АIЖК-нiң 317-5-бабы бойынша өтiнiштiң қанағаттандырылғаны туралы көрсетедi. Асырап алушылардың (асырап алушының) өздерiн баланың ата-аналары (ата-анасы) ретiнде жазу туралы өтiнiшi болған жағдайда, сот баланың тууы туралы акт жазбасына ата-аналарына қатысты, баланың туған күнi мен жерi туралы өзгерiстердi енгiзу туралы мәселенi шешедi;
      в) өндiрiсте болған жазатайым жағдай фактiсiн анықтау туралы арызды қанағаттандыра отырып, сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде болған жазатайым жағдайдың уақыты мен орнын, жазатайым жағдайға ұшыраған адамның тегiн, атын және әкесiнiң атын, сондай-ақ өндiрiспен байланысты жазатайым жағдайды тану туралы көрсетуге мiндеттi.

      25. Соттар iс жүргiзудi қысқарту кезiнде АIЖК-нiң 247-бабында көзделген негiздемелердiң кеңiнен түсiндiруге жатпайтынын ескеруге тиiс. АIЖК-нiң 247-бабының 1) тармақшасына сәйкес даудың сот қарауына жатпайтындығына байланысты iс жүргiзудi қысқарта отырып, сот осы iстiң кiмнiң қарауына жататынын және мүдделi тұлғаның қайда жүгiнуi керектiгiн ұйғарымда көрсетуге тиiс.
      Тараптардың бiтiмгершiлiк келiсiмге келуiне және оны соттың бекiтуiне байланысты, АIЖК-нiң 247-бабының 4) тармақшасының негiздемесi бойынша iс жүргізу қысқартылған жағдайда, сот ұйғарымның қарар бөлiгiнде бiтiмгершiлiк келiсiмнiң шарты, егер тараптар осындай тәртiптi көздесе, сот шығындары мен өкiлдiң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi шығындарды тараптардың арасында бөлудiң тәртiбi көрсетiледi. Тараптар арасында сот шығындарын бөлудiң тәртiбi туралы келiсiм болмаған жағдайда, сот бұл мәселенi АIЖК-нiң 111 және 115-баптарында көзделген тәртiппен шешуге мiндеттi.

      26. Сот АIЖК-нiң 249-бабында көрсетiлген негiздемелер бойынша талап-арызды қараусыз қалдырады, олардың тiзбесi түпкiлiктi болып табылады. Сот ұйғарымда iстiң сотта қаралуына кедергi келтiрiп отырған мән-жайларды қалай жоюға болатынын көрсетуге тиiс.

      27. АIЖК-нiң 230-бабына орай шешiмдi шығарған сот өз бастамасы немесе iске қатысып отырған тұлғалардың арызы бойынша шешiмде жiберiлген қате жазуларды немесе анық арифметикалық қателердi түзетуге құқылы. Түзетулердi енгiзу туралы мәселе шығарылған шешiмнiң орындалған-орындалмағанына қарамастан, бiрақ ол мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкiн уақыттың iшiнде заңмен белгiленген мерзiмнiң шегiнде шешiлуi мүмкiн.

      28. Шешiм дереу орындалатын жағдайларды қоспағанда, ол заңды күшiне енгеннен кейiн орындалады. Сот АIЖК-нiң 237-бабында көрсетiлген iстер бойынша шешiмдердi шығару кезiнде, талаптар қанағаттандырылған жағдайда, оның қарар бөлiгiнде сот шешiмiнiң мiндеттi түрде дереу орындалатынын көрсетедi.
      Егер айрықша мән-жайлардың салдарынан шешiмдi орындаудағы кiдiрiс өндiрiп алушы үшiн елеулi шығынға әкеп соғуы мүмкiн болса немесе шешiмдi орындау мүмкiн болмаса (мысалы, талапкерге берiлген мүлiктiң жойылуы) сот талапкердiң өтiнiшi бойынша шешiмдi дереу орындатуы мүмкiн. Сот шешiмiн дереу орындау туралы мәселе шешiмдi шығару кезiнде шешiлуi мүмкiн. Шешiмдi дереу орындау туралы өтiнiш шешiм шығарылғаннан кейiн де қаралуы ықтимал, мұндай жағдайда өтiнiш iске қатысушы адамдарға отырыстың өткiзiлетiн орны мен уақыты туралы хабарлана отырып, сот отырысында қаралады, алайда олардың қатыспауы осы мәселенi шешуге кедергi болмайды. Шешiмдi дереу орындау туралы ұйғарым кеңесу бөлмесiнде шығарылады және iске тiгiледi.
      АIЖК-нiң 238-бабына сәйкес шығарылған сот шешiмiн дереу орындау туралы сот ұйғарымына жеке шағым беру, жеке наразылық келтiру мұндай ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады. Сонымен қатар, соттың шешiмiн дереу орындауды қолданудан бас тарту туралы сот ұйғарымына сот шешiмiнен бөлек шағымдануға, наразылық келтiруге болмайды.

      29. (Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы  N 2 Нормативтік қаулысымен).

      30. Шетелдiк соттар мен төрелiк соттардың шешiмдерi, АIЖК-нiң 425-бабына сәйкес, егер бұл Қазақстан Республикасының заңымен немесе халықаралық шарттарымен көзделсе, шешiм заңды күшiне енген кезден бастап үш жыл iшiнде Қазақстан Республикасында мәжбүрлеп орындатуға берiлуi мүмкiн. Мұндай шешiмдi орындау мүдделi тараптың өтiнiшi бойынша Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң шешiм орындалатын орны бойынша белгiлеген соттылық қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы сотының ұйғарымымен жүргiзiледi.
      Әдетте өтiнiшке:
      - мәжбүрлеп орындату туралы рұқсат сұралып отырған шешiмнiң тиiсiнше куәландырылған көшiрмесi;
      - шешiмнiң заңды күшiне енгенi туралы ресми құжат, егер осы мән-жай шешiм мәтiнiнен байқалмайтын болса;
      - өзiне қарсы шешiм шығарылған тараптың iс жүргізу әрекетiне қабiлетсiздiгi жағдайында тараптың немесе оның өкiлiнiң процесс туралы тиiсiнше хабардар болғанын растайтын дәлелдемелер;
      - шешiмнiң iшiнара орындалғаны туралы белгiсi бар атқару құжаты, егер осындай шешiм болған жағдайда;
      - келiсiм-шарт бойынша соттылық туралы iстер жөнiнде тараптардың осы мәселе бойынша келiсiмiн растайтын құжат қоса тiркеледi.
      Мәжбүрлеп орындатылатын шешiмдi тану және iске асыру туралы шешiмдi қарайтын сот шешiмнiң мәжбүрлеп орындатылуы мүмкiн мән-жайларды анықтаумен шектеледi.
      Сот шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға рұқсат сұратылып отырған басқа тарап:
      - дауды құзыреттi емес соттың қарағаны;
      - iстiң процесс туралы хабардар етiлмеген тараптың қатысуынсыз қаралғаны;
      - шешiмдi мәжбүрлеп орындатуға ұсынудың үш жылдық мерзiмiнiң өткенi;
      - осы тараптар арасында сол мәселе және сол негiздер бойынша бұрын заңды күшiне енген шешiмнiң болуы туралы дәлелдемелердi ұсынған жағдайда, сот шешiмiн мәжбүрлеп орындатқызудан бас тартуға құқылы.

      31. Сот АIЖК-нiң 234-бабына сәйкес алып берiлген ақша сомасын индекстеу туралы ұйғарым шығаруға құқылы. Индекстеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің сот шешiмi орындалатын күнгi қайта қаржыландыру ставкасы негiзге алына отырып, шешiм заңды күшiне енген күннен бастап борышкер ақшалай мiндеттеменi , орындау мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту кезеңін есептемегенде, нақтылы орындаған күнге дейiнгi кезеңге есептеледi.
      Iске қатысатын тұлғаларға отырыстың өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы хабарланып индекстеу туралы арыз сот отырысында қаралады, алайда олардың келмей қалуы арызды қарауға кедергi болмайды. Алып берiлетiн соманы индекстеу туралы арыз бойынша материалдар азаматтық iс материалдарына тiгiледi.
      АIЖК-нiң 234-бабының тәртiбiмен сот ұйғарымы бойынша өндiрiлген ақшалай сомалардың индекстелуiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi.
       Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2009.06.29. N 6 Нормативтік қаулысымен.

      32. Сот қосымша шешiмдi тек АIЖК-нiң 231-бабында көзделген жағдайларда және шешiмдi орындаудың заңмен белгiленген шегiнде iстi қарау кезiнде анықталған нақты мән-жайлардың негiзiнде ғана шығаруы мүмкiн.
      Егер сот шешiмiне апелляциялық шағым берiлсе немесе наразылық келтiрiлсе, сонымен бiрге қосымша шешiм шығару туралы мәселе қойылса, онда сот ең алдымен қосымша шешiм шығару туралы мәселенi шешiп, содан кейiн iстi апелляциялық сатының қарауына жiберуге мiндеттi.
      Соттың қосымша шешiм шығару нысанында шешiмнiң мазмұнын өзгертуге не сот отырысында зерттелмеген жаңа мәселелердi шешуге құқығы жоқ.

      33. Шығарылған шешiм түсiнiксiз болған жағдайда, шешiм шығарған сот iске қатысушы адамдардың арызы бойынша шешiмдi түсiндiруге құқылы. Егер шешiм орындалса немесе мәжбүрлеп орындату үшiн ұсынудың заңмен көзделген мерзiмi өтiп кетсе, шешiмге түсiндiрме жасауға жол берiлмейдi.
      Сот шешiмдi түсiндiру кезiнде оның мазмұнын өзгертуге, сондай-ақ сот шешiмiнде көрсетiлмеген мәселелердi талқылауға құқығы жоқ.

      34. (Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2009.06.29. N 6 Нормативтік қаулысымен).

      35. Жаңаша жазулар мен арифметикалық қателер туралы, қосымша шешiм шығару, шешiмдi түсiндiру туралы, шешiмдi орындауды кейiнге қалдыру және ұзартуды, орындау әдiсi мен тәртiбiн өзгерту туралы арыздар мен өтiнiштердi қараған кезде сот iске қатысушы тұлғаларға сот отырысының өткiзiлетiн күнi, уақыты мен орыны туралы хабарлайды, алайда олардың келмей қалуы осы мәселелердi қарау үшiн кедергi болмайды.

      36. Заңды күшiне енген сот шешiмi бұзылған жағдайда және осы шешiмнiң орындалғаны туралы нанымды мәлiметтер болған жағдайда iстi қайтадан қараған сот АIЖК-нiң 240-1-бабына сәйкес, жаңа шешiм қабылдау кезiнде шешiмнiң орындалуын бұрып атқару туралы мәселенi қарауға мiндеттi.
      Егер сот iстi жаңадан қарау кезiнде бұзылған шешiм бойынша шешiмнiң орындалуын бұрып атқару туралы мәселенi шешпесе, онда жауапкердiң мұндай арызы iске қатысушы тұлғаларға, ал қажет болған жағдайда - бұзылған шешiмдi орындаған органға хабарлана отырып жеке сот отырысында қаралады. Сот iстi қараудың нәтижелерi бойынша ұйғарым шығарады.

      37. Сот отырысына келмеген iске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға сот АIЖК-нiң 241-бабына сәйкес шешiм шығарылған уақыттан кейiн бес күннен аспайтын мерзiмнен кешiктiрмей шешiмдi жiберуге немесе оның көшiрмесiн беруге мiндеттi.

      38. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтiк қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгiзiледi және жалпыға бiрдей мiндеттi болып табылады әрi ол ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы