Ескерту. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.01.21. N 58 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Сауда өкiлдiктерін өзара тағайындау туралы келiсiмге сәйкес және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сыртқы сауда мүдделерiн бiлдiрудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгi туралы ереже бекiтiлсiн. <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.21. N 58 қаулысымен .
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2002 жылғы 20 қаңтардағы
N 58 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Pecпубликасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігі туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.01.21. N 58 қаулысымен .
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі Қазақстан Республикасы Үкiметінің атынан әрекет ететiн және Қазақстан Республикасының сауда-экономикалық қызмет саласындағы құқықтарын шет елдерде жүзеге асыратын мемлекеттiк мекеме болып табылады. <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.21. N 58 қаулысымен .
2. Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын , халықаралық шарттарды , Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi , сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. <*> P080593 , P080592 , P070372
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.21. N 58 қаулысымен .
3. Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік тілдерiнде өз атауы бар мөрi мен мөртабаны, белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ банктерде шоттары болады. <*>
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.21. N 58 қаулысымен .
4. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясында Сауда өкілдігi (бұдан әрi - Сауда өкiлдiгi) өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. <*>
Сауда өкiлдiгi егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкiлеттiк берілген болса, Қазақстан Республикасының атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы ретiнде түсуге құқылы.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.21. N 58 қаулысымен .
5. Сауда өкiлдiгi мiндеттемелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жауапты болады.
Сауда өкілдігі сыртқы сауда қызметiнің қазақстандық қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал сыртқы сауда қызметiнің қазақстандық қатысушылары Сауда өкілдігінің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
6. Сауда өкілдігі өз қызметінде Қазақстан Республикасының сауда саласында уәкiлеттi мемлекеттiк органына есеп бередi.
Қазақстан Республикасының сауда саласындағы уәкілетті мемлекеттiк органы шет елдегi Сауда өкілінің қызметiне жалпы басшылықты және бақылауды, сондай-ақ оны кадрлық қамтамасыз ету мен қаржыландыруды жүзеге асырады.
7. Министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелер Ресей Федерациясындағы өздерiнің сыртқы сауда мүдделерін бiлдiрудi тек Сауда өкiлдiгi арқылы жүзеге асырады.
Сыртқы сауда қызметiне қатысатын өзге шаруашылық субъектілерi - Қазақстан Pecпубликасының резиденттерi, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының сауда саласындағы уәкілетті мемлекеттік органымен келiсiм бойынша Сауда өкілдігі құрамындағы немесе жанындағы жұмыстар үшін өз өкілдерiн өз қаражаттары есебiн iссапарға жіберу жолымен өз сыртқы сауда мүдделерін бiлдiрудi қамтамасыз етедi.
2. Сауда өкілдігінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
8. Сауда өкiлдiгiнің негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға және кеңейтуге жәрдемдесу;
2) сыртқы сауда-экономикалық қызметтің барлық мәселелері бойынша Қазақстан Pecпубликасының мемлекеттік мүдделерiн Ресей Федерациясында білдiру және оларды қорғауды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, ұлттық компаниялар мен өзге ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің (бұдан әрi - сыртқы сауда қызметiнiң қазақстандық қатысушылары) Ресей Федерациясындағы сыртқы сауда қызметін қорғауға жан-жақты жәрдем көрсету және экономикалық мүдделерін қорғау;
4) Ресей Федерациясындағы сыртқы сауда қызметінің заңнамасы мен жағдайлары туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын хабардар ету, сондай-ақ өз елі туралы мұндай ақпаратты Ресей Федерациясының мүдделi мемлекеттiк органдарына және iскер топтарға ұсыну;
5) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында жасалған сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және кеңейту мәселелерi жөнiндегi екi жақты шарттардың орындалуы мониторингі.
9. Сауда өкiлдiгi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатын iске асыруға қатысады;
2) жалпы сауда-экономикалық axуaлды және оның Ресей Федерациясында дамуының негiзгі үрдiстерiн, олардың сыртқы сауда байланыстарын, сыртқы сауда қызметi саласындағы заңнаманы, тауарлар мен қызмет көрсету рыногының конъюнктурасын, сондай-ақ осы мемлекеттермен сыртқы экономикалық байланыстың басқа да ерекшеліктерін зерделейдi, осы мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының сауда саласындағы уәкілеттi мемлекеттік органын және қажет болған жағдайда сыртқы сауда қызметiнің қазақстандық қатысушыларын хабардар етедi;
3) Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарын және iскер топтарын Қазақстан Республикасындағы сауда-экономикалық қызметтiң заңнамасы мен жағдайлары туралы хабардар етедi;
4) сыртқы сауда қызметiнiң қазақстандық қатысушыларынан олардың Ресей Федерациясындағы сыртқы сауда қызметінің мәселелерiн шешу үшiн қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды белгіленген тәртіппен алады, сондай-ақ сыртқы сауда қызметінің қазақстандық қатысушыларына қажеттi ақпараттарды бередi;
5) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен сыртқы сауда құрылымын дамытуға бағытталған жұмысты жүргiзедi;
6) сыртқы сауда қызметiне қазақстандық қатысушыларының Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда қызметi саласындағы мемлекеттік мүдделерi мен заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
7) Ресей Федерациясындағы сыртқы сауда қызметіне қазақстандық қатысушылардың сауда-экономикалық ынтымақтастық орнатуына, келiссөздер жүргiзуiне, оның iшiнде Қазақстан Республикасының экспортқа бағдарланған өнiмдерiн сыртқы рынокқа жылжыту мақсатында сыртқы сауда мәмілелерін жасасуға және орындауға жәрдем көрсетедi;
8) сыртқы сауда ынтымақтастығы мәселелерi жөнiндегi үкiметаралық комиссиялар мен комитеттердiң, халықаралық сауда және экономикалық ұйымдардың және олардың жұмыс органдарының Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен сыртқы сауда ынтымақтастығына қатысты бөлігінің жұмысына қатысады;
9) Қазақстан Республикасының сауда көрмелерi мен жәрмеңкелерiн өткiзуге, сыртқы сауда қызметiнiң қазақстандық қатысушыларын халықаралық көрмелерге және жәрмеңкелерге, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы өзге де мамандандырылған іс-шараларға тартуға жәрдемдеседі;
10) Ресей Федерациясының мемлекеттiк органдары мен iскер топтарын Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлетiн халықаралық көрмелерге және жәрмеңкелерге қатысуға тарту жөнiнде жұмыс жүргiзедi;
11) Үкіметтiң шешiмi бойынша Ресей Федерациясында орналасқан заңды тұлғалардың мемлекеттік үлестерi мен акцияларының пакеттеріне иелік етедi және пайдаланады;
12) заңнамаға сәйкес өзге де функциялар.
3. Сауда өкiлдігiнiң мүлкi
10. Сауда өкiлдігінің мүлкі оған мемлекет берген мүлiк есебiнен құрылады және ол негізгi қорлар мен айналымдық құралдардан, сондай-ақ құны Сауда өкілдігінің теңгерiмiнде көрсетілетiн өзге де мүліктен тұрады.
Сауда өкiлдiгiне бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Сауда өкiлдiгiнің бекiтiлген мүліктi дербес иелігінен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
4. Сауда өкiлдiгінің қызметiн ұйымдастыру
11. Сауда өкілдігіне Қазақстан Республикасының сауда саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметiнің шешiмiмен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Қазақстан Республикасының Сауда өкiлi басшылық жасайды.
Сауда өкілiнің орынбасарын және Сауда өкiлдiгінің өзге де қызметкерлерiн Сауда өкілінің ұсынуы бойынша сауда саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органның бiрiншi басшысы тағайындайды.
12. Қазақстан Республикасының Сауда өкiлi Сауда өкілдігінiң жұмысына тiкелей басшылық жасайды, Сауда өкiлдiгiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап бередi.
5. Сауда өкiлдігін қайта ұйымдастыру және тарату
13. Сауда өкiлдігін қайта ұйымдастыру және тарату Ресей Федерациясының тиiстi органдарын хабарландыра отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнің шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.