Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.07.31 № 1011 (2012.08.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 58 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "Республикасы Үкіметінің" деген сөздер "Республикасының" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі туралы ережеде:
тақырыбындағы "Республикасы Үкіметінің" деген сөздер "Республикасының" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "Ресей" деген сөздің алдындағы 2, 3 және 4-тармақтардағы "Республикасы Үкіметінің" деген сөздер "Республикасының" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі