Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 2003 жылғы 15 қаңтар N 19

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 105-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылсын:
      1) "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы";
      2) "Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік көшеттігі".

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына  мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы                                      482;
      Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік көшеттігі                                                 18".

      4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі