Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2003 жылғы 15 қаңтар N 19

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім)  105-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылсын:
      1) "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы";
      2) "Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік көшеттігі".

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысымен .

      4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі