Мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiне және әскери (арнаулы) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына почталық жөнелтiлiмдер үшiн ақшалай өтемақы мөлшерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 25 желтоқсан N 1365

Жаңартылған

      "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерiнің мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Мерзiмдi қызметтің әскери қызметшiлерiне және әскери (арнаулы) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына почталық жөнелтiлiмдер үшiн ақшалай өтемақы мөлшерi айына 130 теңге сомасында бекітілсiн. <*>
       Ескерту. Тақырыбы және 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 912   қаулысымен .

      2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі