Мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiне почталық жөнелтiлiмдер үшiн ақшалай өтемақы мөлшерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 25 желтоқсан N 1365

Қолданыстағы

      "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерiнің мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Мерзiмдi қызметтің әскери қызметшiлерiне почталық жөнелтiлiмдер үшiн ақшалай өтемақы мөлшерi айына 130 теңге сомасында бекітілсiн.

      2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі