Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi қазақстан-қытай бiрлескен комиссиясының қазақстандық бөлiгінiң құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 желтоқсан N 1324

Жаңартылған

      2001 жылғы 12 қыркүйекте Астана қаласында жасалған және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қыркүйектегi N 989 қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 8-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi қазақстан-қытай бiрлескен комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң құрамы бекітілсiн.

      2. Қазақстан-қытай бiрлескен комиссиясының қазақстандық бөлігінің өкiлi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiн жыл сайын жасалған жұмыстар туралы хабардар етсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 19 желтоқсандағы   
N 1324 қаулысына қосымша    

Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау жөнiндегі
бiрлескен қазақстан-қытай комиссиясының қазақстандық
бөлігінiң құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.08.23. N 855 қаулысымен .

Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы вице-министрі, өкіл

Литвинов Михаил Константинович - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, өкілдің орынбасары     

Рябцев Анатолий Дмитриевич - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы, өкілдің орынбасары