2001 жылғы 12 қыркүйекте Астана қаласында жасалған және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қыркүйектегi N 989 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 8-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi қазақстан-қытай бiрлескен комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң құрамы бекітілсiн.
2. Қазақстан-қытай бiрлескен комиссиясының қазақстандық бөлігінің өкiлi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiн жыл сайын жасалған жұмыстар туралы хабардар етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1324 қаулысына қосымша
Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау жөнiндегі
бiрлескен қазақстан-қытай комиссиясының қазақстандық
бөлігінiң құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.08.23. N 855 , 2004.06.09. N 638 , өзгерту енгізілді - 2005.08.02. N 803 қаулыларымен.
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы вице-министрі, өкіл
Бөлегенов Ерғали Бөлегенұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы істері департаментінің директоры, өкілдің орынбасары
Рябцев Анатолий Дмитриевич - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы, өкілдің орынбасары